Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


«Біз қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық»



Pdf көрінісі
бет160/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

«Біз қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық» де-
ген кезде, сахабалары: «Уа, Расулуллаһ, «үлкен жиһад» 
деген не?»- деп, таң қала сауал қойды. 
Пайғамбарымыз: «Ол – өз нәпсіңмен күрес»,- деп жа-
уап қайырды. Міне, көрдіңіз бе? Неге? Өйткені, нәпсімен 
күрес қолға қару алып дұшпаннан соғысқаннан да қиын. 
Олай дейтініміз, сыртқы дұшпанның кім екені, қайда екені, 
қашанға дейін болатындығы белгілі. Сондықтан онымен 
күресу оңай. Ал, нәпсің болса, олай емес. Ол сенің ішіңде. 
Қай жақтан, қалай келіп айласын асыратыны да белгісіз. 
Оның дұшпандығы белгілі бір уақытпен шектелмейді
әрдайым сенімен бірге. Міне, сондықтан Пайғамбарымыз 
сыртқы дұшпанмен күресті «кіші жиһадқа» жатқызса, 
нәпсімен күресті «үлкен жиһадқа» балаған. 
141
Қазіргі таңда кең етек алған болмашы себептермен ажыр -
су, тастанды бала, жемқорлық, иманнан бейхабар ғұмыр кешу 
сияқты келеңсіздіктерді түзету үшін жасалған әрбір салиқалы іс, 
қажырлы күрес жиһадқа жатады.


267
ИМАНИ ГҮЛ
Пайғамбарымыз басқа бір хадисінде: «Нағыз жиһад 
жасаушы кісі – өзінің нәпсісімен күресуші» деп, нәпсімен 
күрестің маңыздылығын тағы бір рет айшықтай түскен.
Жиһад ұғымы адамға, қоғамға, жағдайға қарай 
түрленіп отырады. Бір дәрігердің өз саласында кәсіби 
деңгейге қол жеткізу үшін тынбай талпынуы мен ізденуі, 
экономика маманының мұсылмандардың әлеуметтік 
жағдайларының түзелуі үшін жұмсаған қажыр-қайраты
мұғалімнің сауатты түрде бала оқытуы – мұның бәрі 
жиһадқа жатады. Мұсылмандардың керекті қаржыны 
тірнектеп жинап, өздеріне мешіт, медресе тұрғызуы; жоқ-
жітіктерге көмектесіп, жетім-жесірлерге қарайласқан 
қалталы азаматтардың бұл істері де Хақ жолындағы 
күреске – жиһадқа жатады.
Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Жесірлер мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет