Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет35/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

Құранда аты аталған пайғамбарлар
1. Адам (а.с.) 
2. Идрис (а.с.)
3. Нух (а.с.)
4. Һуд (а.с.)
5. Салих (а.с.)
6. Ибраһим (а.с.)
7. Лут (а.с.)
8. Исмайл (а.с.)
9. Исхақ (а.с.)
10. Шуғайб (а.с.)
11. Яқуб (а.с.)
12. Юсуф (а.с.)
13. Әйюб (а.с.)
14. Зулкифл (а.с.)
15. Юнус (а.с.)
16. Мұса (а.с.)
17. Һарун (а.с.)
18. Иляс (а.с.)
19. Әлиаса (а.с.)
20. Дәуід (а.с.)
21. Сүлеймен (а.с.)
22. Зәкария (а.с.)
23. Иахия (а.с.)
24. Иса (а.с.)
25. Мұхаммед (с.а.у.)


69
ИМАНИ ГҮЛ
Адамзаттың пайғамбарға мұқтаждығы
Адам баласы – санасы мен ерік-қалауы бар жараты-
лыс. Қалаған нәрсесін сөйлеп, қалаған жағына бара ала-
ды. Жалғыз емес, қоғам болып өмір сүреді. Басқалармен 
үнемі қарым-қатынас, байланыста. Бойында әр түрлі 
қасиеттердің көзі бар. Тас сияқты қатты, мақта сияқты 
жұмсақ та бола алады. Мейірімді де, қатігез де бола ала-
ды. Ал басқа жаратылыс олай емес. Мысалы, арыстан 
әрқашан жыртқыш, ал қой үнемі жуас, момын. Алма 
ағашында өрік, өрік ағашында алма өспейді. Қарға бұлбұл 
секілді ән салып, бұлбұл қарғадай қарқылдай алмайды. 
Өйткені барлығы өзгермейтін тұрақты қасиеттерге ие. 
Ал адам жақсы-жаман әр түрлі қасиеттерді бойында жи-
най алатындай кейіпте жаратылған. Иман етуі де, етпеуі 
де өз қолында. Қаласа сауатсыз, қаласа ғалым бола ала-
ды. Тілінен туралық та, жалған да шығуы мүмкін. Қолын 
қанға былғап, қатігездікте жыртқыштарды да артқа 
қалдыруы мүмкін. Дәл осы адам мейірімділікті ту етіп
шартарапқа бейбітшілікті жаюы да ықтимал. Міне, адам 
баласы осындай түрлі қалау мен сан алуан қасиеттердің 
иесі болғандығы үшін мына дүниеде ол үшін сынақ әрі ана 
дүниеде жәннат, тозақ бар. Міне осындай әр түрлі жолға 
бағыт бұруға бейім адам үшін тура жолды көрсететін, 
әлемнің сырын ашып, оның қайдан пайда болғанын, 
кімнің жаратқанын, жаратылуындағы негізгі мақсат-
міндетін түсіндіріп, жауабына қол жеткізе алмайтын небір 
сұрақтарына қатесіз жауап беретін, әрбір ісінде үлгі бо-
латын шамшырақ керек. Ол – Ұлы Жаратушы тарапынан 
жіберілген пайғамбарлар екені шүбәсіз. Жалғыз ғана ақыл 
бұларды еш қатесіз, кәміл түрде шешуге жеткілікті емес. 
Дін нұрын шырақ тұтпаған небір зерек ақылдылардың, 
атақты пәлсапашылардың жаратылыстың сырын аша ал-


70
ИМАНИ ГҮЛ
май орта жолда шаң қауып қалғаны немесе қате түсініп 
адасқаны, адасып тығырыққа тірелгенде ақылынан айы-
рылып, жынды болып кеткеніне тарих куә.
Иә, адамның бүгін тура дегені ертең қате болып жа-
тады. Бұған күн сайын өзгеріп отырған сансыз «измдер» 
дәлел. Дәлірек айтсақ, көбіне «ақыл» адамды тек біржақты 
бағалайды. Ақылдың ойлап тапқан «коммунизм» секілді 
басқа «измдер» де адамды тек материалдық тұрғысынан 
әрі осы дүниемен шектеп қана қарастырады. Оның ру-
хани жан дүниесін және мәңгілік екінші дүниесін ұмыт 
қалдырады. Міне, дін адамды һәм рухани, һәм заттық, һәм 
екі дүние таразысының басын тең ұстап бағалағандықтан, 
адам дінге, дінді жеткізетін пайғамбарларға әрдайым 
мұқтаж. Діні жоқ ешбір қауымның жоқтығы осының 
белгісі. Қысқасы, Құран тілімен айтқанда: «Жаратушы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет