Issn 1999-5911 101 К. Рысберген, Д. Садық, Н. Рсалиева. Алматы қаласы ономастикалық кеңістігінің



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата04.02.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490765
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
641-Текст статьи-1920-1-10-20211228



www.alfarabijournal.org 4 (76) 2021 | Аль-Фараби. ISSN 1999-5911
101 
К. Рысберген, Д. Садық, Н. Рсалиева. Алматы қаласы ономастикалық кеңістігінің...
ӘОЖ 81 (27)
https://doi.org/10.48010/2021.4/1999-5911.08
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІГІНІҢ 
ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТІЛДІК-ӘЛЕУМЕТТІК 
ДАМУ ҮДЕРІСІ
*
 
1
Рысберген Қыздархан Құрмашқызы, 
2
Садық Дидар Айдарұлы,
 
3
Рсалиева Нұрсауле
1
q.rysbergen@tilbilimi.kz,
2
sadyq.didar@tilbilimi.kz, 
3
nursauler@mail.ru
1,2,3
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
(Алматы, Қазақстан)
1
Rysbergen Kyzdarkhan, 
2
Sadyk Didar, 
3
Rsaliyeva Nursaule
1
q.rysbergen@tilbilimi.kz,
2
sadyq.didar@tilbilimi.kz, 
3
nursauler@mail.ru
1.2,3
Institute of Linguistics named after Akhmet Baitursynov
(Almaty, Kazakhstan)
Аңдатпа. Жаһандану үдерісі қоғам өмірінің барлық салаларына 
белсенді еніп, етек жайған кезеңде тілдің ұлттық иммунитетін күшейту, 
мемлекеттің ұлттық әлеуеті мен сәйкесімділігін арттырудың маңызы зор. 
Ономастика мәселесі мемлекеттік саясаттың стратегиялық маңызы бар 
бағыттың бірі. Мақалада Алматы қаласының ономастикалық кеңістігін 
құрайтын маңызды тілдік элемент ретінде эргонимдердің семантикалық және 
сөзжасамдық ерекшеліктері, сандық-сапалық көрсеткіштері айқындалады. 
Бұл атаулар жалпы бұқараның, мегаполис тұрғындары мен қонақтардың
шетелдік туристердің тілдік, мәдени және әлеуметтік-этикалық санасын 
қалыптастыратын, тәрбиелік маңызы бар фактор болғандықтан жан-жақты 
зерттеуді қажет етеді. Алматы шаһарының тілдік ландашфтында көптеген 
мәдениеттер мен тілдердің тоғысуы нәтижесінде алуан тілде өрнектелген 
коммерциялық кәсіпорындар, қала көшелеріндегі маңдайшалардың тілдік 
ерекшеліктерін зерттеу мегаполистің қазіргі мәдени-әлеуметтік бет-бейнесін, 
ұлттық мазмұндағы атаулардың үлесін, жалпы даму бағыт-бағдарын 
айқындауға мүмкіндік береді. Жаһандану үдерісінің оң ықпалы ретінде 
Қазақстанның ономастикалық атаулары, оның ішінде мегаполис ономасти-
коны әлемдік, халықаралық ақпараттық кеңістікке еркін еніп, кең көрініс 
табатынын атауға болады. Алайда, екінші жағынан, қоғамның шамадан 
тыс американдану, вестерндену, әлеуемттану метафорасымен айтқанда, 
«макдональдану» үрдісі, яғни ағылшын тілінің басымдылығы қазақ тілінің, 
ономастикалық атаулар жасау механизмін, оның этномәдени семантика-
сын, ұлттық мазмұнын әлсіретеді. Мақалада Алматы қаласы көшелерінде 
көзге бірінші ілігетін коммерциялық нысан атауларына (кейбір сауда-саттық 
кешендері, бизнес орталықтары, мейрамхана, кафе), қаржылық, білім беру мекеме 
атауларына (банк, ақша айырбастау пункттері, ломбард және балабақша атаулары 
салыстырмалы-статистикалық талдау жүргізу нәтижесінде шеттілдік кірме және 
қазақ тіліндегі эргонимдердің үлесі айқындалып, пікірлер айтылды. Қала ономасти-
касын реттестіруге, оңтайлы үйлестіруге қатысты ұсыныстар берілді.
* Бұл зерттеу ҚР БҒМ ҒК-нің қаржыландыруымен АР09563281 «Алматы қаласының урбанонимдік 
жүйесі» атты ғылыми зерттеу гранты аясында әзірленді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет