Issn 2226-3551 Қазақстан Республикасының Валеология Академиясы


ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Ж. С. де Моран - Китайская акупунктура в 5 томах. Профит Стайл. 2005. ЖАНАДИЛОВ Ш., МЫРЗАБЕКОВА Г.Ж



Pdf көрінісі
бет49/237
Дата06.03.2024
өлшемі3.45 Mb.
#494569
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   237
2017-2

ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Ж. С. де Моран - Китайская акупунктура в 5 томах. Профит Стайл. 2005.
ЖАНАДИЛОВ Ш., МЫРЗАБЕКОВА Г.Ж.
Для того чтобы человек смог выжить и существовать в окружающей среде должны сформироваться 
оптимальные параметры. Для этого часть истины в виде семерки способствует формированию десяти 
элементной системы «модели Земли (небо)». Десять элементов формирует пять пар. Вследствие этого у 
человека формируются системы воспринимающие объективные и субъективные информации. При по-
мощи воспринятой информации личность ими управляется, а организм человека – приспосабливается.
SUMMARY
ZHANADILOV SH., MYRZABEKOVA G. ZH. 
In order to be able to survive and exist in the environment should form the optimal parameters. For this part of 
the truth in the form of sevens promotes the formation of a ten element system «model of the Earth (the sky)». 
Ten items five pairs of forms. As a result, the person formed system of perceiving the objective and subjective 
information. With the help of perceptual information managed by the identity and the human body adapts.


МЕДИЦИНСКАЯ ВАЛЕОЛОГИЯ
39
УДК 615.89
ЖАНАДИЛОВ Ш., БЕРДІҚҰЛОВА Қ.П.
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент медицина институты
АДАМДАҒЫ ОН ТӨРТ ЭЛЕМЕНТТІ ЖҮЙЕ ҚАЛЫПТАСУ ТЕТІКТЕРІ
Аннотация: Адам жай жетілген жүйе болуына 
байланысты ол жеті жұп элементтерден құралады. 
Оның бір жұбы басқарушы қызметін атқарады да 
жеке кіші шеңбер құрып орналасады. Қалған алты 
жұбы өз алдына үлкен шеңбер құрады. Бұл алты 
жұпты шеңбер бір жұп реттеуші және бес жұп амалға 
асырушы элементтерден құралады. Осыған байланы-
сты адам бойында он төрт элементті жүйе қалыпта-
сады.
Түйін сөздер: он төрт элемент, мүше, басқару, 
реттеу, амалға асыру, жүйе.
Адам көкпен басқарылады және Жерге бейімде-
леді. Кісіні басқаруға қанша және қандай ақпараттар 
қатысады және де оларды қабылдау мен өңдеу қалай 
қамтамасыз етіледі? Осыны талдауға әрекет еттік. 
Кісінің рухани қасиетінің негізін оған Жалғыздан 
13 аптада аманатқа тапсырылған жеке рухы құрай-
ды. Жалғыздан шыққан шынның кісіні басқаратын 
бөлігі біртұтас ақпараттық өріске жеті түрінде та-
райды. Кісі осы басты ақпараттың жеті түрлерімен 
басқарылады. 
Көктен келетін басты жеті ақпаратты жинау және 
өңдеу қызметін ОЖЖ бойында орналасқан сәйкес
жеті негізгі орталық көздер (чакралар) атқарады. 
Әрбір чакра ақпараттарды аспаннан және Жерден 
қабылдайды. Осыған байланысты сыртқы ортадан 
әсер еткен ақпараттарды қабылдайтын он төрт (7х2) 
мүше қалыптасады (1). 
Сыртқы ортадан осы мүшелер арқылы қабыл-
данған ақпараттар чакраларда өңделіп, одан ары 
қарай екі бағытта қызмет атқарады. Бірінші басты 
бағыт: әрбір чакрада өңделген ақпарат арнаулы нүкте 
арқылы адам терісінің сыртына шығып, сол чакраға 
тән аура қабықшасы қалыптасуын қамтамасыз етеді. 
Сондықтан адамның аурасының да жеті қабаты бар.
Екінші негізгі бағыт: чакрадан өңделіп шыққан ақпа-
раттар ОЖЖ жетіп, ВЖЖ мен ішкі секреция бездері 
жүйесі арқылы жоғарыда сипатталған үлгі бойынша 
организмнің бейімделуін қамтамасыз етеді.
Неге адамда кісіні басқару жүйесінің реттеуші 
бөлігі он төрт (жеті жұп) мүшеден құралады? 
Себебі адамның аспан және Жер ғаламшарының 
арасында орналасуын байланысты жеті орталықтың 
(чакра) әрқайсысы ақпараттарды аспаннан да, Жер-
ден де қабылдайды. Соның нәтижесінде адам де-
несінің әрбір жартысында ақпарат қабылдаушы он 
төрт мүше қалыптасады. Сондықтан адам бойында 
әрбір жартыда он төрт мүшеден, барлығы жиырма се-
гіз қабылдаушы жүйе қалыптасады.
Сонымен жеті чакраға сыртқы ортадан ақпарат қа-
былдап жеткізу үшін адам денесінің жапқыш ұлпа-
сында 28 қабылдаушы жүйелер қалыптасады. Оның 
төртеуі (екі жұбы) «басқарушы» блокты, төртеуі (екі 
жұбы) «реттеуші» блокты, ал қалған жиырмасы (он 
жұп) амалға асырушы блоктарды қалаптастырады.
Он төрт жұп қабылдаушы жүйелердің «басқа-
рушы» блогының жұбының өзіне тән қалыптасу 
ерекшелігі бар. «Басқару» блогы барлық уақытта 
жалқы болуы қажет. Себебі «басқару» жұп болса, 
онда «басқарудың» әрбір бөлігінен «амалға асыру» 
блогына әрқайсысынан өзіне тән ақпарат келіп,
үдерістердің үйлесімді бір бағытта жүруін қамта-
масыз ету мүмкін болмас еді. Бұндай жағдайда орга-
низмдегі үдерістердің өту заңдылықтарының сақта-
луы қиынға соғар еді. Сондықтан жалғыз абсолютті 
жүйеден басқа жүйелердің бәрінде «басқару» блогы 
екі сыңардан (жұптан) тұратын жалқы болып келуі 
шарт. Тек қана абсолютті жетілген жүйеде Басқа-
рушы Жалғыз Ие. Ал қалған жүйелердегі басқа-
рушының бәрі жұптан тұрады.
Организмді «басқару» блогі ОЖЖ-де осы 
принцип негізінде қалыптасқан. Басқару үдерісі бір 
бағытта болуын қамтамасыз ету үшін организмнің 
«басқарушы» блогы – орталық жүйке жүйесі дербес 
екі бөліктен емес, біріккен екі жартыдан: оң және 
сол құралады. Сондықтан ОЖЖ бөліктері: мидың да 
жұлынның да оң және сол жартылары бар. Орталық 
жүйке жүйесінде бас миы оның ЕН бөлігі, ал жұлын 
ІН бөлігі болып келеді. Олардың әрқайсысы өз алды-
на салыстырмалы автономды қызмет ете алады. Осы 
тәріздес кісіні басқарушы жүйенің «басқарушы» бло-
гының жетінші екі жұбы бірігіп бір жұп құрады. Сол 
себептен бұл жұптың әрбір ақпарат қабылдаушы нүк-
тесі екі нүктеден: оң және сол құралған болып келеді.
Жоғарыда сипатталған принцип негізінде қалып-
тасқан жетінші «басқарушы» чакра да жалқы және де 
адам денесінің сыртында орналасады.
Кісідегі мүшелердің «басқарушы» блогының
ақпарат қабылдаушы бөлігі жұп құрып адам де-
несінің орталық жебе жазықтығы бойында орнала-
сады. Бұл жұптың ЕН бөлігі арнасы құйымшақтан




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   237




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет