Ықтимал жер сiлкiнiстерi аймақтарында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 44-ө Өкiмi
«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңына сәйкес және Алматы қаласында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында ықтимал жер сiлкiнiстерiнен адам шығыны мен залалды азайту мақсатында:
1. Осы өкiмге қосымшаға сәйкес ықтимал жер сiлкiнiстерiнiң зардаптарын жоюға бөлiнетiн күштер мен құралдар құрамы бекiтiлсiн сәйкес лауазымдар бойынша бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, алты ай мерзiмде Қазақстандағы жер сiлкiнiстерiнiң зардаптарын жою, Алматы қаласында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында жойқын жер сiлкiнiстерi туындаған кезде зардап шеккен халықты және материалдық құндылықтарды көшiру жөнiндегi iс-қимылдардың республикалық жоспарын әзiрлесiн.
3. Қазақстандағы ықтимал жойқын жер сiлкiнiстерiне ден қоюға Қазақстан Республикасының күштерi мен құралдарын басқару органдарының әзiрлiгi мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының күштер мен құралдарды бөлетiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдары үш ай мерзiмде бекiтiлген күштер мен құралдарға сәйкес жер сiлкiнiстерiнiң зардаптарын жою жөнiндегi iс-қимылдар жоспарларын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi:
халықты хабардар етудiң республикалық жүйесiнiң дереу пайдалануға ұдайы әзiр болуын қолдауды қамтамасыз етсiн;
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiмен бiрлесiп, бұқаралық ақпарат құралдары, ұялы байланыс операторлары, кәбiлдi телевизия, сымды радио, сондай-ақ адамдар көп болатын жерлердегi халықты терминалдық ақпараттандыру кешендерiнiң иелерi арқылы хабарландыру сигналдарын және шұғыл ақпарат беру мәселелерiн пысықтасын;
iрi ауқымды ықтимал жер сiлкiнiстерi жағдайында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу мәселелерiн пысықтау мақсатында үш жылда бiр рет оқу-жаттығу өткiзсiн;
3) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi сейсмикалық қауiптi өңiрлердегi жалпы бiлiм беру ұйымдарында жер сiлкiнiсi жағдайындағы iс-әрекет ережелерi мен тәртiбiн оқытуды қамтамасыз етсiн және практикалық дағдыларын меңгерту бойынша тұрақты жаттығуларды өткiзсiн;
4) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi iрi ауқымдағы ықтимал жер сiлкiнiстерi жағдайында құқықтық тәртiптiң қорғалуын қамтамасыз ету, тонау, мемлекеттiк, қоғамдық және азаматтардың жеке мүлкiн талан-таражға салу фактiлерiнiң жолын кесу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн;
5) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi:
ауыр инженерлiк және көлiктiк техниканы, материалдарды, жабдықтарды жеткiзу үшiн ауыр жүк көтеретiн ұшақтарды қабылдауды қамтамасыз ететiн әуеайлақтарды белгiлесiн және аталған жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру жөнiнде өзара iс-қимыл жоспарын пысықтасын;
орталық атқарушы органдармен және Алматы қаласының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесiп, темiр жол көлiгi, әуе кемелерi техникасы мен авариялық-құтқару құралымдарының механизмдерi үшiн тиеу-түсiру және зардап шеккен халықты, материалдық құндылықтарды көшiру пункттерiн айқындасын;
темiржол көлiгiнде тиеу-түсiру құрылғыларын, тиеу және түсiру пункттерiне автокөлiк кiреберiстерiн қамтамасыз етсiн;
темiр жолдар мен әуеайлақтарда авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын орындау үшiн қажеттi күштер мен құралдардың нормалық санын айқындасын;
6) орталық атқарушы органдар, Алматы қаласының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының жергiлiктi атқарушы органдары:
жер сiлкiнiсi жағдайындағы iс-қимылдар дайындығы мен тәртiбi ережелерiне халықты, барлық деңгейдегi басшыларды оқытуды тұрақты жүзеге асырсын, оқу-жаттығуларды және машықтануларды, оның iшiнде хабарлау сигналдары бойынша жүйелi түрде өткiзсiн, әрбiр отбасыны тиiстi жадынамамен немесе нұсқаулықпен қамтамасыз етсiн, осы бiлiмдердi бұқаралық ақпарат құралдарында белсендi насихаттасын;
әрбiр елдi мекенде, ғимаратта және құрылыста қауiпсiз бару жерлерiн, тиiстi көрсеткiштер орнатып, көшiру жолдарын айқындасын, жойқын жер сiлкiнiсiнiң қаупi мен туындауы кезiнде ғимараттар мен құрылыстардан адамдарды шығарудың практикалық амалдарын пысықтасын;
7) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жойқын жер сiлкiнiстерi туындаған кезде Азаматтық қорғаныстың авариялық-құтқару қызметi, құралымдары күштерiнiң iс-қимылдарға тұрақты әзiрлiгiн қолдауды қамтамасыз етсiн;
8) Алматы қаласының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл,
Оңтүстiк Қазақстан облыстарының жергiлiктi атқарушы органдары:
Алматы қаласындағы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы ықтимал жер сiлкiнiстерi кезiнде ғимараттарды, құрылыстарды паспорттау деректерi және олардың сейсмикалық берiктiлiгiн тексеру нәтижелерi негiзiнде адам шығынын (оның iшiнде қайтыс болғандардың) есебiн нақтыласын;
өңiрлердiң ерекшелiгiн ескере отырып, ықтимал жер сiлкiнiстерiнен залалды азайту жөнiнде шаралар кешенiн әзiрлесiн және тиiстi шешiмдер қабылдасын.
4. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2011 жылғы 7 сәуiрдегi
№ 44-ө өкiмiне
қосымша
Ықтимал жер сiлкiнiсiнiң салдарын жою үшiн бөлiнетiн
күштер мен құралдар құрамы
Р/с
№
|
Облыстың, орталық атқарушы органның атауы
|
Күштер мен құралдар топтамасы
|
адам
|
техника
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Алматы қаласына және Алматы облысы аудандарының бөлiктерiне
|
1.
|
Астана қаласы
|
2543
|
579
|
2.
|
Ақмола облысы
|
4512
|
892
|
3.
|
Ақтөбе облысы
|
6477
|
1814
|
4.
|
Атырау облысы
|
2852
|
383
|
5.
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
10797
|
3248
|
6.
|
Жамбыл облысы
|
7440
|
1060
|
7.
|
Батыс Қазақстан облысы
|
3768
|
612
|
8.
|
Қарағанды облысы
|
9898
|
1943
|
9.
|
Қостанай облысы
|
4657
|
919
|
10.
|
Қызылорда облысы
|
4352
|
1142
|
11.
|
Маңғыстау облысы
|
3169
|
1166
|
12.
|
Павлодар облысы
|
2780
|
535
|
13.
|
Солтүстiк Қазақстан облысы
|
2134
|
347
|
14.
|
Оңтүстiк Қазақстан облысы
|
11053
|
1859
|
Облыстар бойынша жиыны:
|
76432
|
16449
|
15.
|
Қорғаныс министрлiгi
|
8160
|
231
|
16.
|
Iшкi iстер министрлiгi
|
1020
|
105
|
17.
|
Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскер комитетi
|
1700
|
117
|
18.
|
Көлiк және коммуникация министрлiгi
|
405
|
218+20 әуе кемесi
|
19.
|
Төтенше жағдайлар министрлiгi
|
2202
|
439+4 әуе кемесi
|
Орталық атқарушы органдар бойынша жиыны:
|
13487
|
1110+24 әуе кемесi
|
Барлығы:
|
89919
|
17559+24 әуе кемесi
|
Алматы облысының Талдықорған өңiрiне
|
1.
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
2907
|
600
|
2.
|
Жамбыл облысы
|
2451
|
331
|
3.
|
Қарағанды облысы
|
2006
|
525
|
4.
|
Қызылорда облысы
|
1494
|
471
|
5.
|
Оңтүстiк Қазақстан облысы
|
2414
|
395
|
Облыстар бойынша жиыны:
|
11272
|
2322
|
6.
|
Қорғаныс министрлiгi
|
9160
|
261
|
7.
|
Iшкi iстер министрлiгi
|
720
|
60
|
8.
|
Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскер комитетi
|
1371
|
99
|
9.
|
Көлiк және коммуникация министрлiгi
|
405
|
218+20 әуе кемесi
|
10.
|
Төтенше жағдайлар министрлiгi
|
2202
|
439+4 әуе кемесi
|
Орталық атқарушы органдар бойынша жиыны:
|
13858
|
1077+24 әуе кемесi
|
Барлығы:
|
25130
|
3399+24 әуе кемесi
|
Шығыс Қазақстан облысына
|
1.
|
Алматы облысы
|
555
|
184
|
2.
|
Павлодар облысы
|
923
|
209
|
Облыстар бойынша жиыны:
|
1478
|
393
|
3.
|
Қорғаныс министрлiгi
|
2570
|
85
|
4.
|
Iшкi iстер министрлiгi
|
800
|
75
|
5.
|
Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскер комитетi
|
770
|
47
|
6.
|
Көлiк және коммуникация министрлiгi
|
405
|
138+2 әуе кемесi
|
7.
|
Төтенше жағдайлар министрлiгi
|
1296
|
253+4 әуе кемесi
|
Орталық атқарушы органдар бойынша жиыны:
|
5841
|
598+6 әуе кемесi
|
Барлығы:
|
7319
|
991+6 әуе кемесi
|
Жамбыл облысына
|
1.
|
Алматы қаласы
|
2933
|
676
|
2.
|
Алматы облысы
|
3462
|
626
|
3.
|
Қызылорда облысы
|
1494
|
471
|
4.
|
Оңтүстiк Қазақстан облысы
|
1141
|
158
|
Облыстар бойынша жиыны:
|
9030
|
1931
|
5.
|
Қорғаныс министрлiгi
|
1955
|
61
|
6.
|
Iшкi iстер министрлiгi
|
500
|
34
|
7.
|
Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскер комитетi
|
2141
|
157
|
8.
|
Көлiк және коммуникация министрлiгi
|
405
|
218+25 әуе кемесi
|
9.
|
Төтенше жағдайлар министрлiгi
|
1621
|
339+4 әуе кемесi
|
Орталық атқарушы органдар бойынша жиыны:
|
6622
|
809+29 әуе кемесi
|
Барлығы:
|
15652
|
2740+29 әуе кемесi
|
Оңтүстiк Қазақстан облысына
|
1.
|
Алматы қаласы
|
2933
|
676
|
2.
|
Алматы облысы
|
763
|
175
|
3.
|
Жамбыл облысы
|
1773
|
291
|
4.
|
Қызылорда облысы
|
2956
|
608
|
Облыстар бойынша жиыны:
|
8425
|
1750
|
5.
|
Қорғаныс министрлiгi
|
1970
|
49
|
6.
|
Iшкi iстер министрлiгi
|
750
|
72
|
7.
|
Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскер комитетi
|
1361
|
91
|
8.
|
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
|
405
|
198+20 әуе кемесi
|
9.
|
Төтенше жағдайлар министрлiгi
|
1445
|
281+4 әуе кемесi
|
Орталық атқарушы органдар бойынша жиыны:
|
5931
|
691+24 әуе кемесi
|
Барлығы:
|
14356
|
2441+24 әуе кемесi
|
Ескерту: 1. Орталық атқарушы органдар үшiн: күштер мен құралдар құрамы құрылымдық бөлiмшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардан тұрады.
2. Облыстар, Астана және Алматы қалалары үшiн: күштер мен құралдар құрамы тиiстi ведомстволық бағынысты аумақта орналасқан ұйымдардың күштерi мен құралдарынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |