Қызбергенова Гүлғаным Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы



Дата16.06.2016
өлшемі53.1 Kb.
#138909
Қызбергенова Гүлғаным
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

кітапханашысы
Армысың -әз Наурыз

Кітапханашы:-Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз құтты болсын. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын.

Айболат: Наурыз қайтып оралды аты-аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.

Үй –дастарқан , даламыз –сахнамыз!

Ұлы мейрам-Наурызға шақырамыз!



Кітапханшы:- Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінде «Нау»-жаңа, «рыз»-күн деген сөздерден шыққан, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден – жыл басында тойланатын думанды хылықтық мейрам, екінші-Наурыз айы, үшіншіден- ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады. Бұл күні аспан денелері өздерінің ең бастапқа нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні, ұлыс күн деп атаған.

Дилназ:

Ұлыс бақты болсын,

Әр күніміз жақсы болсын.

Достығымыз берік болсын,

Білім-өнер серік болсын,

Бестік баға мол болсынІ



Аружан:

Көктем жетті көл-көсір шуақ болсын!

Қыс барады қиылып, жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

«Аққу» биі орындалады.

Аруна:

Бабам сені қастерлеп, арман етті өзіңді,

Ұлы тойым, сөйлейін, арнап саған сөзімді.

Шуағыңды төкші бір, бар тіршілік оянсын,

Асқар тауым, кең дала шұғылаңа боянсын.

Айболат:

Гүлге толып кең дала

Тағы келді Наурыз.

Сәнім болар сен ғана,

Сағыдырған Наурыз.

Ержан:

Көктем келсе болғаны, сен деп соғар жүрегім,

Наурыз тойым армысың, аман бол деп жүремін.

Шаттық кернеп бойымды, әнге атыңды қосамын.

Қуанышты сезіммен сені алдан тосамын.

«Қазақы дастарханым» әні орындалады.

Тұмарым:

Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан.



Ақбота:

Наурыз-шыр айналған жылдың басы,

Адамның өлшенеді өмір жасы.

Қазақтың пейіліне жарасады,

Әр үйде дастарқанға толған асы.

«Адай» күйі орындалады.

Мақсат:

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұр толтырып жатыр, міне, маңайды.

Мал біткеннің бал татыған уызы,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Ақбота:

Қош келдің, Наурызым, ардақты,

Халқым саған бар үмітті арнапты.

Жылда осындай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

«» биі.

Әзизат:

Күн мен түн теңеледі,

Жер шуаққа кенеледі.

Қуанышта ел енді,

Наурыз келді салтымыз.

«Көгерсін»-деп халқымыз,

Көшеге тал егеді.

«Күн мен түн» көрінісі қойылады.

Күн: Сәулесі мол Күнмін.

Түн: Жұлдызы көп Түнмін

Бірге: Бүгін біздер бірдей боп,

Теңелеміз біз бүгін.



Түн: Ал ертең, күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Бірге: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек, шырақ.

Халықтың « Кеңес» күйі орындалады.

Қанат:

Наурыз көктем тойымыз,

Той дәмі мол, тойыңыз!

Күн ұзарар жылынып,

Төлдеді де малымыз.

Тамыр жайды талымыз!

Наурыз өнер жарысын,

Бастады жас-кәрі үшін.

Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса,Наурыз, дәстүрлі.



«Наурыз-думан»әні орындалады.
Гүлназ:

Ойнаймыз шаттана,

Ішеміз күнде айран,

Балағ да, қартқа да,

Ортақ қой бұл мейрам.

Аламыз бота мың,

Дем берер ол да аса.

Тек Аяз атаның жоқтығы болмаса



Кітапханашы:- Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы-Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні – жаңа жылда тойымшылық, молшылық, мәні де, дәмі де татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш ету. Наурыз тойындағы тағамдарда, көбінесе ақ жағы басым болады. Өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез. Сондықтан да тойшылар бір-біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деп тілек айтады.

Айболат:

Ашық болсын қос қабақ,

Тас атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ

Дилназ:

Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта, ағы бар

Ішілетін, жейтіннің

Бұл көжеде бәрі бар.

Аружан:

Ошақта шоқ көп әлі,

Астың ауыр обалы.

Астан үлкен ешкім жоқ,

Қазан аузы жоғары.

Айдана:

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурыз көжеге,

Жеті түрлі ас салды.

Бидай, күріш, тары бар,

Ащщы құрты тағы бар.

Көже-елдің ырзығы,

Бұл көжеде бәрі бар.

М.Ілиясовтың «Қазақы дастарханым» әні орныдалады.

Ержан:

Ұлы халқым есепмескен текпенен,

Ата салтын ешкім аттап кетпеген.

Мың пәледен құтқарады бір бата,

Адам бар ма бата естіп өспеген.

Айгүл:

Ниеттерің ақ болсын,

Наурыздың аппақ қарындай.

Бастарыңа бақ қонсын,

Шаштарыңның санындай.

Тыныш болсын даламыз,

Түгел болсын нуымыз.

Таза болсын ауамыз.

Тұнық болсын суымыз.

Аруна:

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген.

Мейрамы ежелден.

Құтты болсын, Наурыз!



Гүлназ:

Наурыз жырын жырлаймыз,

Онымен да тұрмаймыз.

Шыңдалып жеткен бұл күнге,

Ел дәстүрін сыйлаймыз.

Айгерім:

Жаңғырар дәстүр-салтымның,

Көздерсін бұлақ жалғасы.

Қастерлі менің халқымның,

Мереке –Наурыз жыл басы.

Динара:

Баурыласқан тәніміз,

Бұзылмасын антымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,



Бар дәстүр мен салтымыз.

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі



Мектеп кітапханашысы: Г.Қызбергенова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет