Ізгі ата-бабаларды шектен тыс қадірлеу – КӨПҚҰдайшылықҚа апарар бірінші қадам



Дата10.06.2016
өлшемі78.93 Kb.
#127116
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

ІЗГІ АТА-БАБАЛАРДЫ ШЕКТЕН ТЫС ҚАДІРЛЕУ – КӨПҚҰДАЙШЫЛЫҚҚА АПАРАР БІРІНШІ ҚАДАМ

Біздің ата-бабаларымыз салиқалы адамдардың қатарынан болғандығына күмән жоқ. Дәл сол кісілер Исламды қабылдап, біздің жерлерімізде осы дінге шақырудың және оның нұрын таратудың ауыр да, сауапты да, жауапты да жүгін өз мойындарына алды. Көптеген тарихи фактілер олардың тақуалығы, ержүректігі және ұлықтығы тұралы куәлік етеді. Дәл сондықтан да олардың бізге деген көптеген қақылары бар. Біз бірқұдайшылықтың саф дініне сәйкес келетін нәрселерде олардың үлгі-өнегесіне ілесуіміз қажет және олар үшін Аллаһтан кешірім сұрауымыз керек. Олар Құран мен Сүннетті ұстанып, осы діннің заң-ережелеріне қатаң ілескендігі үшін ғана ұлылық пен құдіреттілікке қол жеткізген еді. Олар көпқұдайшылықтан (ширктен) және діндегі жаңалықтардан (бидғаттардан), сондай-ақ алыс болашақта да осыған алып келуі мүмкін болған барлық нәрселерден алыс еді.

Көпқұдайшылыққа алып баратын ең негізгі және ең үлкен себептердің бірі ата-бабаларды шектен тыс құрметтеу болып табылады. Бұдан қалса, жер бетіндегі ең алғашқы көпқұдайшылықтың пайда болуының негізігі себебі де осы болған.

Ханафи имамы Шукри әл-Әлюси (1342 һ/ж) былай деді: «Жаратылыстардан кімді болсын құрметтеудегі артық кетушілік (нысапсыздық) пұттар мен ізгі адамдарға табынуға алып баратын ең басты себеп болып табылады. Дәл сол ізгі-салиқалы адамдарды шектен тыс құрметтеу Нуһ қауымын Насқа, Суағқа, Яғусқа және басқаларға табынуға алып келді. Сол сияқты христиандар да дәл осы себепті Исаға сиына бастады». Қз.: «Мәсаил жәхилия» 71-72 беттер.

Осыдан шыға келе, адамның өз ата-бабаларына деген қатынасы үш түрлі болуы мүмкін:

1) Немқұрайдылық, қатыссыздық және парықсыздық таныту;

2) Оларды құрметтеуде шариғатта бекітілген заң-ережелерден артық кетушілік және шектен шығушылық таныту;

3) Бұл мәселеде орташылдық таныту.

Ата-бабаларға немқұрайдылық, қатыссыздық және парықсыздық таныту дінімізде тыйым салынған. Егер адам ата-анасына және ата-бабасына қатысты өз міндеттерін орындамаса, ол сонысымен әділетсіздік (зұлымдық) танытқан болады.

Ал оларды құрметтеудегі артық кетушілікке келер болсақ, онда бұл едәуір қауіпті және тыйым салынған амал болып табылады, өйткені бұл өздігінен тыйым салынғанымен қоса, көпқұдайшылыққа да жетелейді. Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Аллаһқа байланысты шындықты ғана айтыңдар» («ән-Ниса» сүресі, 171).

Имам ‘Абдуррахман ибн әл-Хасан былай деген: «Шектен шығушылық (нысапсыздық) – бұл сөздерде немесе сенімдерде көрініс табуы мүмкін болған құрметтеудегі артық кетушілік. Бұл аят «Жаратылғанды (махлуқты) Аллаһ оны қойған орнынан жоғарылатпаңдар» дегенді білдіреді. Бұл - Кітап иелеріне айтылған сөз болса да, алайда оның мәні мен мазмұны жалпылама болып табылады, әрі (ондағы) тыйым бүкіл үмметке қатысты күшке ие». Қз.: «Фатх ул-Мәжид» 341-бет.

Ибн ‘Аббас1 Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Ешбір жағдайда дінде артық кетпеңдер. Сендерден бұрынғыларды дәл сол артық кетушілік опат етті» (Ахмад 1851; Ибн Мәжаһ 3029; Нәсаи 5/268 т.б).

Имам Абу әл-‘Аббас әл-Қуртуби2 былай деді: «Алғашқы ұрпақтар арасындағы салиқалы адамдар қайтыс болған соң, ұрпақтары тақуалық пен игі амалдарды еске түсіру үшін, олардың қабірлерінің жанында жиналатын болды. Олар салиқалы кісілердің қабірлерін зиярат жасап, солардың игі амалдарын еске алатын да, содан соң өздері де сондай амалдар жасай бастайтын, әрі осыда бірімен бірі жарысатын. Содан соң олар осындай кісілердің қабірлерінің жанында Аллаһқа құлшылық жасайтын болды. Олардан кейін өздерінің ата-бабалары қабірлердің басында не үшін жиналатынын білмейтін ұрпақтар келді. Сол кезде оларға шайтан келді де, ата-бабалары бұл қабірлерге осы салиқалы адамдарға табыну үшін және оларды ұлықтау үшін жиналатын еді деп сыбырлады». Қз.: «әл-Муфхим» 2/127-128.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Бізге алғашқы буындардың көптеген имамдарынан салиқалы адамдар қайтыс болған кезде, ұрпақтары олардың қабірлеріне жиналып, сол жерлерде өздерінің жиналыстары мен уақыттарын өткізетіні белгілі болды. Содан соң олар олардың бейнелерін жасады, кейін замандар өтіп, келесі буындар осы салиқалы адамдарға табынатын болды». Қз.: «Иғасат ул-Ләхафан» 1/287.

Имамдардың осы сөздерінен халық арасында салиқалы адамдар қайтыс болған соң, ұрпақтары олардың данқты күндерін және игі істерін еске алу үшін солардың қабірлеріне жиналу үрдісін енгізгені түсінікті болады. Осымен олар өздерінің имандарын көтеретін. Алайда ұрпақтар ауысқан сайын әрбір келесі ұрпақ өзінің жаңа әдет-ғұрыптарын енгізіп отырды. Сөйтіп Аллаһқа осы салиқалы адамдардың құқығы мен құрметі арқылы жалбарыну бастау алды. Осыдан соң бұл адамдар осы салиқалы кісілерді өздерінің Аллаһ алдындағы шапағатшылары ретінде көре бастады. Ал келесі ұрпақтар түрлі құлшылықтар жасап, ол құлшылықтарды осы салиқалы адамдарға арнайтын болды. Осылайша бірқұдайшылықты білетін және оның мәнін түсінетін бірқұдайшылдар уақыт өткен және ұрпақтар ауысқан сайын көпқұдайшылдарға айналды. Бұған салиқалы кісілерді шектен тыс құрметтеу және ұлықтау себеп болды.

Сондықтан да мына екі ұғымды ажырата білу қажет:

1) Ата-бабаларды қадірлеп құрметтеу, әрі осы орайда шариғат шеңберінен шықпау;

2) Оларды ұлықтауда шектен шығу;

Түркістандағы, Арыстан Бабтағы, Бекет Атадағы, басқа да жерлердегі қабірлерді зиярат етіп және олардың бастарына жиналып жүрген жерлестерімізге қараңыздаршы. Олар бізге үнемі былай деп айтады:

«Біріншіден, иә, біз Түркістандағы, Арыстан Бабтағы, Бекет Атадағы, басқа да жерлердегі қабірлерді зиярат ету үшін барамыз. Иә, біз сол жерлерде уақыт өткіземіз және сол жерлерде Аллаһқа құлшылық етеміз. Алайда біз ол жерлерде ешқандай жаман нәрселер істемейміз.

Екіншіден, сіздер қалайша біздерді көпқұдайшылдармен теңестіре аласыздар?! Біз жаратылғанды Жаратушыдан ажырата алмайтындай ақымақ емеспіз ғой!

Үшіншіден, біз тек өз тегімізге құрмет танытудамыз, олардың данқты тарихын еске алудамыз және рухани тұрғыдан нәр алудамыз. Түркістан – бұл біздің мұсылман халықтарымыздың ұлықтығының қайта өрлеуі бастау алатын рухани орталық.

Ал, төртіншіден, сендер мәңгүртсіңдер! Өз тамырларыңды білмейсіңдер әрі өз ата-бабаларыңды құрметтемейсіңдер!!!»

Міне, осылайша біздің көз алдымызда шайтан ата-бабалар мен әулиелерді құрметтеу ұрандарының астарында адамдарды көпқұдайшылыққа қарай адымдап жетектеп жатыр.

Бірақ осы күні мұны түсінетіндер де, көретіндер де аз!!!

Аллаһ былай деді: Әй, адам баласы! Сендерге: «Шайтанға табынбаңдар. Әрине, ол сендерге ашық дұшпан», - деп, серт бермедім бе? Маған ғана құлшылық қылыңдар. Тура жол осы! Расында, ол сендерден бұрын көптеген ұрпақтарды адастырды. Сонда да түсінбейсіңдер ме?(«Ясин» сүресі, 36:60-62).

Сондықтан да сәләфтар (ізгі алдынғы буын өкілдері) былай деп айтатын: «Бүлік жақындаған кезде ол туралы тек ғалым біледі, ал ол соңына таяған кезде ол туралы әрбір надан біледі».

Ханафи имамы әл-Хужанди (1379 һ/ж) былай деді: «Шайтанның Адам ұрпақтарын ежелден алдап келе жатқан, қазіргі заманда да жалғасын тауып жатқан айлаларының бірі – бұл ізгі адамдарды ұлықтау мен құрметтеудің жамылғысының астарында көпқұдайшылықты тарату. Ол «көпқұдайшылық» ұғымын «дәнекерлік», «шапағат» деген т.с.с. ұғымдармен ауыстырды. Алайда зина, оны қалай деп атаса да, зина болатыныны секілді, және алкоголь ішімдігі, оны су деп атаса да, алкоголь болып қалатыны сияқты, көпқұдайшыл да, ол осыны мойындаса да, мойындамаса да, көпқұдайшыл болып қала береді... Сонымен адамдардың көпшілігі дәл сол ізгілерді шектен тыс құрметтеудің себебінен кәпір болғандары және дінін тастағандары түсінікті болды». Қз.: «Хукму-Ллаһи әл-Ахад әс-Самад» 26, 33 беттер.

Ал ең қызығы – егер біздің сол ата-бабаларымыз бүгінгі күні тірі болғанда және олардың ұрпақтары олардың қабірлерінде не істеп жатқанын көргенде, олар бұған разы болмайтыны. Бұл олардың бірқұдайшылдар болғандығы және көпқұдайшылыққа алып барар барлық жолды жауып тастайтындығы себепті.

Және осы тарауда назарға алатын соңғы жайт - бұл ата-бабаларды ұлықтау барлық кезде мардымсыз болып көрінетін нәрселерден басталатыны, ал кейін, жылдар мен ғасырлар өтісімен ата-бабалардың қабірлерінің басында өткізілетін әдетті жиындар мен салтанатты іс-шаралардың бірте-бірте Ислам дінінің заң-ережелерімен еш сыйыспайтын, олар туралы қалыптасып қалған бұрыс көзқарастарға ие болатыны. Осы жерде сопылық тариқат өкілдерінің кітаптарында кездесетін олардың өз пірлері мен әулиелері туралы түрлі сенімдерінің қосындысын келтірудің өзі жеткілікті. Әрі оқырман бұл көзқарастардың бір мезетте пайда болмағанын, бірақ осындай бір қарағанда қарапайым жиналыстардан, мерекелерден, жиындардан тарала бастағанын ұмытпағаны жөн.

Мынау – түрлі сопылық кітаптардағы олардың өз қайтыс болған ата-бабаларын ұлықтап айтқан сөздері: «(Қайтыс болып кеткен) ізгілер (әулиелер) өлген адамдар мен құстарды тірілтуге қабілетті. Олар сөйлесе алады; теңіздерді бөліп, оларды құрғата алады; судың бетімен жүре алады; оларға бір жаратылыстарды екіншілеріне айналдыру еш қиынға соқпайды. Мысалы, олар шарапты балға немесе майға айналдыра алады; сондай-ақ олар жерді орап тастай алады, әрі соның нәтижесінде олардың кез-келгені қас қағым сәтте басқа бір елде бола алады; олар жануарлармен, өсімдіктермен және басқа да жансыз заттармен сөйлесе алады; олар ауруларға шипа береді және ауырғанды жеңілдетеді; олар өздеріне жыртқыштар мен хайуанаттарды бағындырады; олар уақытты ұзартады және қысқартады; олар жоғалған адамдар немесе заттар қай жерде екенін хабарлайды; олар осы болмысты басқарады және алыс қашықтықтарда да көре алады; олар түрлі бейнелер мен денелерде көріне алады. Кейбір сопы тариқаттарының өкілдері олардың өлі және тірі әулиелері Қағбаны тәуап жасап жүрген адамдарды көре алатындығына сенеді. Бұдан қалса, олардың кейбіреулері Қағбаның өзі осы қайтыс болған әулиелерді тәуап жасап айналады, әрі олар оған зиярат жасап келгенде олардың алдынан күтіп алады; өлген әулиелер оларға көмек сұрап жалбарынғандардың қиындықтарын шешу үшін қабірлерінен шығады деп есептейді. Сондай-ақ осы әулиелер өздеріне жалбарынғандардың барлығын көре де, ести де, түсіне де алатынындай, олардың барлығын тыңдай алады және оларға жауап бере алады, тіпті егер бұл жалбарынулар әртүрлі тілдерде, бір мезетте әрі жердің әртүрлі бұрыштарында айтылып жатса да». Қз.: «әл-Кауакиб әд-Дуррия» 1/11-13, «Жәми’ әл-Карамат» 1/30, «әл-Хужжәж әл-Байинат» 9-10 беттер, 151-159 беттер, «әл-‘Ақаид ән-Насафия» 145-147 беттер, «Шарх әл-Макасыд» 5/75, «ән-Нибрас» 478-479 беттер, «әл-Карамат» 2-бет, «Нафахат әл-Қурб» 8-14 беттер, «Нур ул-Худа» 16-24 беттер, «әл-Фәтауа әл-Хадисия» 297-300 беттер, «Ирғам ул-Мюрид» 51-бет, «ән-Нур әс-Сафир» 79-80 беттер, «Жә әл-Хаққ» 154-бет т.б.

Бұл сенімдердің барлығы баяғыда-ақ посткеңестік республикаларда және Кавказда ел арасында таралып үлгерген. Біздің елімізде де осы құбылыстар белең алып үлгерген, бұл туралы ғаламтордан немесе басқа да басылымдардан Түркістанда болып келген адамдардың пікірін оқып білуге болады.

Қолданылған дерек көз: www.abuhanifa.kz сайты.



1Ибн ‘Аббас дегенде бұл жерде Абдуллаһ емес, Фәдл аталып тұр. Мұның бірнеше себептері бар:

1. Дәл Фәдл Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге бір мініс жануарының үстінде отырып, оның қажылық жасау кезіндегі серігі болды, бұл туралы Бухари мен Муслимнің жинақтарында келтірілген.

2. Абдуллаһтың Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы хадисті айтқан кезде онымен бірге болуы мүмкін емес еді, өйткені ол әлсіз қажылармен бірге Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және басқа қажылардан бұрынырақ Муздалифадан түнде-ақ кетіп қалған болатын.

3. Имам әл-Бәйһақи «Сунан әл-Кубрада» осы иснадты келтіріп, Фәдл деген есімді атаған.



4. Хафиз әл-Миззи бұл хадисті «Тухфат ул-Әшрафта» Абдуллаһ ибн ‘Аббастың муснадында келтірген, содан кейін хафиз ибн Хәжар «Нукат әз-Зирафта» хафиз әл-Миззидің қателескенін және бұл Абдуллаһтың емес, Фәдлдің хадисі екенін айтып, оны түзеткен.

2 Муслимнің «Сахихына» жасалған шархтың (түсіндірменің) авторы. Оны атақты тәпсірдің авторы - Абу Абдуллаһ әл-Қуртубимен шатастырмаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет