Қызылорда облысы әкімдігінің
2011 жылғы «____» ______________ № ______ қаулысына
қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1008 қаулысымен
бекітілген
«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Міндеті мен пайымы
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және туризм және спорт салаларының даму үрдістері
1.1-стратегиялық бағыт. Туристің сұранысын қанағаттандыра алатын облыстың бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымын дамыту.
1.1) реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
1.2) негізгі проблемаларды талдау
1.3) сыртқы және ішкі факторларды бағалау
2.2-стратегиялық бағыт. Қызылорда облысының спортшыларының республикалық және халықаралық ареналарда бәсекеге қабілеттілігінің артуы
2.1) реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
2.2) негізгі проблемаларға талдау
2.3) сыртқы және ішкі факторларды бағалау
3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері
3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттік стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
4-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
5-бөлім. Ведомствоаралық іс-әрекет
6-бөлім. Тәуекелдерді басқару
7-бөлім. Бюджеттік бағдарламалар
7.1. Бюджеттік бағдарламалар
7.2. Бюджет шығыстарының жиынтығы
1-бөлім. Міндеті мен пайымы
Міндеті. Туризм саласының дамуына, халықты салауатты өмір сүруге тартуға, облыста жоғары білікті спортшыларды және спорт резервін дайындауға жағдай жасау.
Пайымы. Қызылорда облысында бәсекеге қабілетті туристік индустрия және салауатты өмір салты қағидаттарын енгізудің тиімді тетігін құру.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және туризм және спорт салаларының даму үрдістері
2009-2010 жылдары саланың дамуы, «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі №310 Жарлығы, «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы, «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығы және Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталды.
1. 1. Стратегиялық бағыт. Туристің сұранысын қанағаттандыра алатын облыстың бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымын дамыту
1.1) реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Бүгінгі күні облыстың туризм инфрақұрылымы 12 қонақ үй, 2 сауықтыру орны, 8 балалар сауықтыру лагері, 36 орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер, 8 мұражай, 543 тарихи архитектуралық ескерткіштер мен табиғи ресурстармен қамтылған
Облыстағы туризмнің дамуының негізгі бағыттары – экологиялық туризм (Арал теңізі, Жаңақорған ауданындағы Қаратау), жағажай туризмі (Қамбаш көлі), спорттық туризм (жаяу, тауға шығу), «Байқоңыр» космодромына мәдени-танымдық, сонымен бірге, «Батыс Европа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің 811 шақырымы 7 аудан мен облыс орталығы Қызылорда қаласы арқылы өтетіндіктен іскерлік туризм болып табылады.
Өңірдің туризм саласындағы саясатының маңызды міндеті – келу және ішкі туризмді дамыту болып отыр.
Осыған байланысты, «Батыс Европа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің бойында туризм нысандарын салу үшін жер бөліп берудің мақсатты жұмыстары басталды. Қазіргі кезде, дәліздің 1624 шақырымында, Қорқыт Ата мемориалдық кешенінің жанынан «Дорстрой» жеке шектеулі серіктестігіне жер бөлініп, Қорқыт Ата туристік-мінажат ету орталығы құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Ол жерде 20 орындық қонақ үй, 60 адамға арналған мешіт, 150 орындық мейрамхана, кәдесый дүкені мен шеберханасы, киіз үй қалашығы, техникалық қызмет көрсету орталығы орналасады.
1956 шақырымында, көне «Сығанақ» қалашығы маңында, 70 адамға арналған кафесі, 20 адамдық қонақ үйі, 4 көлікке арналған бокс, автотұрақ. көне қалаға экскурсия жасау үшін 10 мініс атқа араналған атқора, су ұңғымасы және терек бағы бар «Сығанақ» кафесі орналасқан. Сонымен қатар, осы жерде май құю бекетін салу үшін жер бөлу жұмыстары жүргізілуде.
1999 шақырымында Жаңақорған және Шиелі кенттері қиылысатын жерде «желкілдек батыр» қоғамдық қоры 10 гектар жерді заңдастырып, жоба сұлбасын әзірледі. Ол жерде батырға аранлған ескерткіш, 10 адамдық қонақ үй, 70 адамдық дәмхана, музей, май құю бекеті, техникалық қызмет көрсету орталығы, автотұрақ орналасатын борлады. Қазіргі кезде көгалдандыру жұмыстары аяқталды.
2044 шақырымында, Жаңақорған ауданы Бесарық ауыл округінің маңайында жеке кәсіпкердің май құю стансасы, дәмхана, жел беру-желімдеу шеберханасы орналасқан.
Арал ауданында 1358 шақырымда, Қармақшы ауданында 1649 шақырымда және Төретам кентіндегі 1569 шақырымда жол бойы құрылыс нысандарын салу үшін жер телімін бөлуге жеке кәсіпкерлер жергілікті әкімдіктерге өтініш білдірген.
Сонымен қатар Арал ауданында «Қамыстыбас» (Қамбаш) демалу аймағын жасау үшін 494 га жер резервке алынды. Облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, түбегейлі жоспарлау жобаласымен біріктірілген бас жоспарын әзірленді. Жоспарға сәйкес 530 728 мың теңге тұратын сыртқы инженерлік жүйелерді жеткізудің жоспарлау-сметалық құжаттарына сәйкес 42 млн. теңгеге, көл жағасындағы демалыс аймағына дейін баратын тас жолдың құрылысы басталды.
2010 жылы облыста туристік фирмалармен көрсетілген қызмет 70 677,8 мың теңгені құрады (2009 жылы 21932,6 мың теңге) немесе 2009 жылға қарағанда 31% асыра орындалды.
Туристік фирмалармен ішкі туризмнен 463 адамға қызмет көрестілді (2009 жылы 371 адам) немесе 2009 жылға қарағанда 84,9% көп. Сыртқа шығу туризмінен (резиденттер) 302 адамға қызмет көрсетілген)2009 жылы-96 адам) немесе 2009 жылмен салыстырғанда 31,9 % артқан. Туризмнің барлық түрлерінен 765 адамға туристік фирмалармен қызмет көрсетілген (2009 жылы 467), ол 2009 жылмен салыстырғанда 61% артты.
2010 жылы туристік қызметтен түсетін жиынтық табыс 1429,1 млн. теңгені құрады, ол 2009 жылмен салыстырғанда 107,2 пайызға, ал 2008 жылмен салыстырғанда 98,9 пайызға артты.
1.2) негізгі проблемаларға талдау
Сонымен қатар, бүгінде бірқатар проблемалық мәселелер бар, оларды шешу көзделген мақсатқа – туристік саланы дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Өңірдің туристік мүмкіндіктерінің зерттелмеуі туризмді әрі қарай дамытуға кедергі келтіріп отыр, табиғи-реакриациалық аймақтардың жайластырылмауы, қызмет көрсетудің сапасының төмендігі және Ұлы Жібек жолының Қызылорда бөлігіндегі белгілік тарихи орындарға жетудің қиындығы қазақстандық та, шетелдік те туристерді қызықтырмайды.
Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымының жағдайымен тікелей байланысты болғандықтан, авиа тасымалдау географиясының шектеулілігі, автомобиль жолдарының нашарлығы немесе болмауы облыстың құнды және тартымды экскурсиялық нысандарына баруға әжептәуір кедергі болып отыр.
Облыстың оң туристік имиджін дамыту жөніндегі іс-шаралар жүйесіз сипатта, туристік өнімді жылжыту, шет елдіктерді облысқа тарту үшін шет елдік көрмелерге қатысудағы тәжірибе жоқ, ішкі туризмді дамытуға, жарнамалық-ақпарттық өнімдер шығаруға қаржы жеткіліксіз бөлінуде.
Осы қалыптасып отырған жағдай сақталғанда, өңірлік туристік нарықты дамыту мүмкіндігі өмір деңгейін жақсарту және халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету үшін, сапалы туристік қызметтерге деген артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру және өңірде туризмді тұрақты дамытуға жағдайлар жасау үшін жеткіліксіз болады.
1.3) сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Әлемдік деңгейдегі туризм нарығында Қызылорда облысы туризмінің бәсекеге қабілеттілігі қазіргі кезеңде қалыптасып отырған жағдайда сақталатын болса, онда жергілікті туристік нарық тұрғындардың өмір сүру деңгейін және жұмыспен қамтуын арттыру, сапалы туристік қызметке деген сұранысын қанағаттандыруға және туризмнің тұрақты дамуын қалаптастыруға жағдай жасауға жеткіліксіз болады.
Туризмнің дамуына кедергі болып отырған негізгі себептердің бірі –сыртқы және ел ішілік саяси-экономикалық ахуал.
Саланың дамуына ішкі факторлар да әсерін тигізеді, олардың қатарына туризм инфрақұрылымын және кадр саясатын дамыту (тәжірибелі экскурсоводтар мен гид-аудармашылар жоқ), кәсіпкерлердің жаңа маршруттар ашуға және жаңа туристік фирмалар құруға құлықсыздығы қоюға болады(облыста небәрі 3 туристік фирма жұмыс жасайды).
2.2. стратегиялық бағыт. Қызылорда облысының спортшыларының республикалық және халықаралық ареналарда бәсекеге қабілеттілігінің артуы
2.1) реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Қазіргі кезде облыс тұрғындарының дене шынықтыру және спортпен шұғылданулары үшін 1634 спорт ғимараттары бар, оның ішінде 8 стадион, 8 спорт кешені, 273 спорт залы, 1 манеж, 99 нысана көздеу тирлері, 1046 қарапайым спорт алаңдары, 5 теннис корты, 193 ыңғайластырылған спорт залдары бар. Барлық спорт ғимараттарының 1207-і ауылдық жерлерде орналасқан.
Облыстағы 170 мектепке дейінгі мекемелердің барлығында ыңғайластырылған спорт залдары, спорт алаңдары бар.
2010-2011 жылдары Ғ. Мұратбаев атындағы орталық және «Құтқарушы», Жаңақорған, Шиелі, Қазалы, Сырдария аудандарының стадиондары, «Мелиоратор» спорттық-сауықтыру кешені, спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатының оқу корпусы мен жатаханасы, Сырдария және Қазалы аудандары балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді.
2010 жылы облыс көлемінде 39 әмбебап спорт алаңдары салынды.
2010 жылы Арал қаласында 2434 орындық, футбол алаңы жасанды төсенішпен жабылған стадионы және 42 х 24 шм. спорт залы бар спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қызылорда қаласында теннис орталығының жабық теннис корттары, облыс бойынша 96 спорт алаңдары,оның 56 ауылдық жерде пайдалануға берілді.
Осы жылы балалар мен жасөсірімдер спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 34010 мың теңге бөлінді.
2012-2013 жылдары облыста 168 спорт алаңдары салынатын болады. Мұз айдынды спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.
Облыс тұрғындарының бұқаралық спортпен айналысуын арттыру мақсатында әлеуметтік тапсырыс негізінде 2009 жылы 81 млн.теңге (211 спорт нұсқаушы), 2010 жылы 81 млн.теңге бөлінсе (224 спорт нұсқаушы), 2011 жылы 86, 775 мың.теңге бөлініп, 239 спорт нұсқаушысы 127 елді мекенде жұмыс атқаруда. Бұл 30 мыңнан астам адамның тұрақты дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік берді.
Нәтижесінде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 2009 жылмен салыстырғанда 4,4% артып, облыс тұрғындарының 18,8% құрады.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында кешенді «Алтын күз», мемлекеттік қызметшілер, әскер жасына дейінгі және әскер жасындағы жастар, студенттер, оқушылар, мүгедектер, ардагерлер салалалық спартакиадалар, басқа да спорттық жарыстар, жекелеген кубоктар, біріншіліктер және әртүрлі деңгейдегі турнирлер дәстүрлі өткізіліп келеді.
2010 жылы спорттық-бұқаралық іс шараларға қатысқандардың жалпы саны 410528 адамды құраса немесе 2009 жылмен салыстырғанда (227401 адам) 1,8 пайызға артқан, олардың 331309-ы ауылдық жерлерден,немесе 2,2 пайызға артқан (2009 жылы-146673).
Спорт резервін әзірлеу мақсатында мектептен тыс спорт ұйымдарының желісі кеңейтілуде 2009 жылдың Жалағаш ауданының Мәдениет ауылдық округінде балалар мен жасөспірімдер, 2011 жылы Қызылорда қаласында жоғары спорт шеберлігі мектебі ашылды. 2010 жылғы статистикалық есептемелерге сәйкес, 20 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде (оның 3-і мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиада резерві мектебі) 10837 оқушы жаттықты.
Командалық спорт ойындары түрлері, футболдан «Қайсар», гандболдан «Сейхун КАМ ҚМУ», волейболдан «Тастүлек» кәсіби спорт клубтары жұмыс жасайды.
Тұрғылықты жерлердегі дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмыстар 24 балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру және спорт клубтарында ұйымдастырылған, оларда 4167 адам жаттығады.
Мүгедектерді жүйелі спорттық-сауықтыру сабақтарына тарту жұмыстары жалғасуда. Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысуы 2015 жылы олардың жалпы санының 1,4 пайызды құрайтын болады (2009 жылы 0,04 %).
2010 жылы 6 мүмкіндігі шектеулі спортшы ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 3 спортшы Қазақстан Респуликасының спорт шебері нормативін орындады. Гуанджоуда өткен кезекті Паралипмиалық ойындарға 4 спортшы қатысып, 2-і қола медаль иемденді.
Дене шынықтыру саласының жұмыс жасауы үшін мамандармен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілуде. 2010 жылы саладағы мамандар саны 2019 адамды құрады. Өсуі 2009 жылмен салыстырғанда 9,3 % - немесе 189 адам.
Спортшыларды жоғарғы спорттық жетістіктерге жеткізу жұмыстарымен құрамы 200 баладан тұратын, (оның ішінде 110-ны ауылдық жерлерден) спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернаты, ауыспалы құрамдағы 30 спортшысы бар Олимпиадалық даярлау орталығы жүргізеді.
Спорт түрлері және жас ерекшеліктеріне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамына облыстан 215 спортшы кіреді.
2011 жылдың 11 айында:
7-і Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері (2010 жылы - 7).
48 Қазақстан Республикасының спорт шебері –(2010жылы – 42).
88 Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер әзірленді (2010 жылы - 147).
Осы жерде атап өтілетіні, ол дене шынықтыру және спорт саласында ерлер мен әйелдердің ерекшеліктерін есепке ала отырып, олардың тең мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы, қазір спорт саласында ерлер көшбасшы болып келген спорт түрлерін әйелдер белсенді бағындыруда.
Басқарма қызметінің барлық бағыттарында ІТ-технологиялар кеңінен пайдаланылып,электрондық құжат айналымының артуына жұмыс жасалынатын болады.
2.2) негізгі проблемаларға талдау
Дегенмен, дамудың оң тенденцияларымен қатар, дене шынықтыру және спорттың өркендеуін тежеп отырған күрделі мәселелер де бар.
Материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі.
Ауылдық жерлерде тұрғындардың барлық жас деңгейіне арналған спорт залдары жеткіліксіз. Бала бақшаларда стандартты спорт залдары жоқ. Облыстың 6 ауданында жүзу бассейні, облыстық Олимпиада резервін даярлау орталығының өз ғимараты жоқ. Велоспорттан мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің оқушылары автомобиль жолдарында жаттығатындықтан велотрек қажет.
Облыста жүзу бассейндері жеткіліксіз, ресми жарыстар өткізудің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін Спорт сарайы жоқ.
Тұрғындар тығыз қоныстанған Арал ауданының Сексеуіл бекетінде, Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде, Қармақшы ауданының Ақай және Төретам кенттерінде, Жаңақорған ауданының Жаңақорған кентінде спорттық кешендер, Қармақшы ауданы Жосалы кентінде стадион жоқ.
Балалар мен жасөспірімдер спортының нашар дамуы
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі қазіргі уақытта оларда облыстың мектеп жасындағы балаларының 8,6 пайызының ғана шұғылдануына мүмкіндік береді. Халықтың тұрғылықты жері бойынша жұмыс дұрыс жолға қойылмаған, жеткіншіктер клубтар желісі жеткіліксіз дамыған. 24 дене шынықтыру-сауықтыру клубтарының 7-і ауылдық жерлерде орналасқан, барлығының да өз спорттық ғимараты жоқ, ауылдық жерлерде жаппай тұрғындарға арналған спорт залдары жеткіліксіз.
Білікті мамандар тапшылығы
Облыста білікті жаттықтырушы мамандардың жетіспеуі анық байқалады. Жалпы облыс бойынша дене шынықтыру мұғалімдері мен оқытушы-жаттықтырушы құрамының 22 пайызының арнаулы білімі жоқ.
Тұрғын үй тапшылығына байланысты нысана көздеу, жүзу, кәзіргі бессайыс, ескек есу спорты түрлерінен мамандар шақыра алмай отырмыз.
Спортшылардың функционалдық және физикалық мүмкіндіктерін арттыру, оларды оңалту және жарақаттан кейін қайта қалпына келтіру үшін облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері қажет.
2.3) сыртқы және ішкі негізгі факторларды бағалау
Облыс ішіндегі жағдайды бағалау облыс спортшыларының республикалық және халықаралық ареналарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін спортты дамыту және дене шынықтыру жүйесін жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.
Нақты жағдайды бағалау мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене дайындығы, студенттер мен орта оқу орындары оқушыларының дене дайындығы, тұрғындар арасындағы денешынықтыру - бұқаралық қозғалыстың, мүгедектер арасындағы дене дайындығы және спорт, спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды әзірлеу, дене шынықтыру және спортты насихаттауда қабылданғанын іс-шараларды көрсетеді.
Дене шынықтыру және спортты дамыту жағдайына бірқатар ішкі факторлар әсер етеді, негізінде олар әлеуметтік-экономикалық факторлар.
Ішкі факторларды қарастырғанда келесі негізгі аспектілерді атап көрсетуге болады:
тұрғындардың дене шынықтыру белсенділігін реттеудің жеткіліксіздігі спорт ғимараттарының аздығы мен спорттық орталықтардағы бос уақытты өткізуге бағаның қымбаттығымен расталады. Балалар мен жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасындағы дене шынықтыруды насихаттау жеткіліксіз жүргізіледі. Сонымен қатар, сыртқы факторлардан әлемдік деңгейде спортшылардың бәсекелестігінің артуы, облыс спортшыларының кәсіби деңгейінің өсуі үшін заман талабына сай шаралар қабылдануы қажет.
3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және
іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және
іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері
1-стратегиялық бағыт. Туристің сұранысын қанағаттандыра алатын облыстың бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымын дамыту
|
1.1-мақсат. Қызылорда облысындағы туризм индустриясының қалыпты дамуы
Аталған мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарлама коды: 013 «Туристік қызметті реттеу»
|
Нысаналы индикатор
|
Ақпарат
көзі
|
Өлшем
бірлігі
|
оның ішінде мәнді көрсетумен
|
есепті кезеңде
|
жоспарлы кезеңде
|
2009 жыл
(есеп)
|
2010 ағымдағы жыл жоспары
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Туристік қызмет ұсынатын ұйымдардың жиынтық табысын 2008 жылмен салыстырғанда (718,2) 2015 жылы 67%-ға ұлғайту
|
Статистикалық
мәлімет
|
%
|
|
60,5
|
60,9
|
62
|
63,5
|
65
|
67
|
689,5
|
1429,1
|
1155,5
|
1163,4
|
1174,2
|
1185
|
1199,39
|
Нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдары, тәсілдері мен әдістері
1.1.1-міндет. Туризм индустриясы инфрақұрылымын жасау
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем
бірлігі
|
2009 жыл
(есеп)
|
2010 ағымдағы жыл жоспары
|
жоспарлы кезең
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1.Сыртқа шығу туризмінің көлемі 10% -ға (2008 жылы 2019 адам)
|
Статистикалық
мәлімет
|
млн. теңге
|
21,9
|
70,7
|
77,7
|
85,5
|
94,1
|
103,5
|
113,8
|
2.Келушілер күндері ұзақтығының артуы
|
Статистикалық
мәлімет
|
%
|
2
|
3
|
3
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
Жоспарлы кезеңдегі іске асырылу мерзімі
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
1.Арал ауданында «Қамыстыбас» демалыс орнының инженерлік жүйелерінің құрылыс жобасын жасау және салу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
2.Байқоңыр қаласындағы «Космическая гавнь» атты инвестициялық жобаға инвестицияларды тарту жұмыстары
|
х
|
х
|
х
|
|
|
3.«Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінде 8 жол бойы нысандарын салу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
1.1.2-міндет. Облыстың оң туристік имиджін қалыптастыру
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
|
Ақпарат
көзі
|
Өлшем
бірлігі
|
2009 жыл
(есеп)
|
2010 ағымдағы жыл жоспары
|
Жоспарлы кезең
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
1.Халықаралық, өңірлік туристік көрмелер және жәрмеңкелерге қатысу
|
Ресми мәлімет
|
саны
|
2
|
3
|
3
|
4
|
4
|
4
|
4
|
2.Қағаз және электронды тасымалдағыштарда дайындалған және шығарылған жарнамалық-ақпараттық өнімдер шығару
|
Ресми мәлімет
|
бірлік
|
2000
|
2500
|
3000
|
3200
|
3500
|
3600
|
3700
|
Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
Жоспарлы кезеңдегі іске асырылу мерзімі
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
1.Қызылорда облысының Қазақстанның делегациясы құрамында халықаралық туристік көрмелерге қатысуы
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
2.Ақпараттық турлар өткізу (туризм және спорт министрлігі және облыстың ірі туроператорларымен бірлесіп)
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
3.«Менің Отаным-Қазақстан» атты экспедицияны ұйымдастыру және өткізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
4.Облыстың туристік әлеуеті жайлы ақпараттық-жарнамалық материалдар басып шығару
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
1.1.3. Міндет. Туристік қызметтің сапасын арттыру
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
|
Ақпарат
көзі
|
Өлшем
бірлігі
|
2009 жыл
(есеп)
|
2010 ағымдағы жыл жоспары
|
Жоспарлы кезең
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
1.Туризмдік курстар, семинарлар тыңдаушыларының жыл сайынғы адам саны
|
Ресми мәлімет
|
адам
|
4
|
5
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
2.Ішкі туризмнен өткізілетін іс-шаралар саны
|
Ресми мәлімет
|
бірлік
|
4
|
8
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
3.Ішкі туризм көлемінің 2008 жылмен салыстырғанда 12 %-ға өсуі
|
Статистикалық мәлімет
|
мың теңге
|
26,3
|
29,2
|
29,2
|
32,7
|
36,6
|
41
|
45,9
|
4.Сыртқа шығу туризм көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 10 %-ға өсуі
|
Статистикалық мәлімет
|
мың теңге
|
1,7
|
2,0
|
2,2
|
2,4
|
2,7
|
2,9
|
3,2
|
5.Туризм нұсқаушысы қызметін лицензиялау
|
Ресми мәлімет
|
бірлік
|
|
|
1
|
|
|
|
|
6. Туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру
|
Ресми мәлімет
|
бірлік
|
2
|
2
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
Жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
1.Облыс өкілдерінің семинарлар мен біліктілік арттыру курстарына қатысуы
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
2.Аудан және Қызылорда қаласы әкімдіктері және қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен ішкі туризмді дамытуға бағытталған туристік іс-шаралар әзірлеу және өткізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
3.Туризм нұсқаушысы қызметін лицензиялау
|
х
|
|
|
|
|
4. Сапалы туристік ақпарат әзірлеу және беру
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
2-стратегиялық бағыт. Қызылорда облысының спортшыларының республикалық және халықаралық
ареналарда бәсекеге қабілеттілігінің артуы
|
2.1-мақсат Дене шынықтыру және спортпен жаппай шұғылдану және спорт жеткіншектері мен жоғары
дәрежелі спортшылардың сапалы дайындығы үшін жағдай жасау
Осы мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар коды:
001 «Жергілікті деңгейде туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»
003 «Облыстық деңгейінде спорт жарыстарын өткізу»
004 «Әртүрлi спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы»
006 «Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру»
007 «Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында спорттағы дарынды балаларға жалпы бiлiм беру»
010 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»
|
Нысаналы индикатор
|
Ақпарат
көзі
|
Өлшем
бірлігі
|
оның ішінде мәнді көрсетумен
|
есепті кезеңде
|
жоспарлы кезеңде
|
2009 жыл
(есеп)
|
2010 жыл ағымдағы жыл жоспары
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1.Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын барлық жастардағы түрғындар үлесін 2015 жылға дейін 24,6 % арттыру
|
Статистика
мәліметі
|
%
|
14,4
|
18,8
|
20,0
|
21,0
|
22,0
|
23,1
|
24,6
|
2.Мамандандырылған спорттық ұйымдардың қызметімен қамтылған оқушылардың (6-18 жас) үлесі, барлық оқушылардың жалпы санынан % (2009 жылы -8,7%)
|
Статистика
мәліметі
|
%
|
8,7
|
9,2
|
9,3
|
9,4
|
9,5
|
9,6
|
9,7
|
3.Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тартудың үлесі, олардың жалпы санынан % (2009 жылы 39,5%)
|
Статистика
мәліметі
|
%
|
39,5
|
40,0
|
40,5
|
41,0
|
41,5
|
42,0
|
42,5
|
4.24 тен жоғары жастағы тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тартудың үлесі, олардың жалпы санынан % (2009 жылы 8,6%)
|
Статистика
мәліметі
|
%
|
8,6
|
12,0
|
13,0
|
14,0
|
15,0
|
16,0
|
17,0
|
Достарыңызбен бөлісу: |