Құрметті аналар, ұстаздар арулар, ! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!
Құрметті біздің мерекеге жиналған қауым, бүгінгі мерекеміз ерекше өтеді. Себебі, аналарымыз бен қыздарымыз сайысқа қатысқалы отыр. Бүгінгі сайыстың атауы " Қызым қызғалдағым " . Қатысушыларды ортаға шақыруға рұқсат етініздер:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Байқауымыздың шарттары төмендегідей:
1. «Ана мен қыз» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Қыз еркем – кестесімен көркем»
(Әр қыз анасымен өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділқазыларды таныстырып.
Бүгінгі кештің әділ бағасын беретін
әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Байқаудың І кезеңі «Ана мен қыз».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін анасымен өлеңмен, әнмен көрініспен таныстырады.
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі – өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Байқаудың ІІ кезеңі «Қыз еркем – кестесімен көркем»
Бұл кезеңде арулар анасымен қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей Байқаудың ІІІ кезеңі
«Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
1-ші арудың сұрақтары.
1. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)
2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
3. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
4. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)
5. Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз? (Б. Төлегенова).
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
7. Қазақстанның әйгілі ақыны, әрі жерлес анамыз? (А.Бақтыгереева).
2-ші арудың сұрақтары.
1. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).
2. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
3.Қошақанның анасы? (қой).
4. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.
5. Төлегеннің серігі? (Жібек)
6. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
7. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
3-ші арудың сұрақтары.
1. Әйгілі күйші – анамыз? (Дина Нүрпейісова).
2. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).
3. Әнші Мадина … (Ералиева)
4. Тай, құлынның анасы? (Бие).
5. Ана туралы бір мақал айтыңыз.
6. Әнші Нағима… (Есқалиева)
7. Ботаның анасы? (түйе).
4-ші арудың сұрақтары.
1. Еңліктің серігі? (Кебек)
2. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке)
3. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).
4. «Ана тілі – арың бұл»кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)
5. Қазақстандық әйгілі биші анамыз? (Ш. Жиенқұлова).
6. Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).
7. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз).
5-ші арудың сұрақтары.
1. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)
2. Апа сіңлінің балалары (бөле)
3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).
4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
5. Аққуда не жоқ? (сүт)
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).
7. «Мен қазақпын» поэмасының авторы (Ж.Молдағалиев)
6-ші арудың сұрақтары.
1. Әнші Тамара… (Асар)
2.Ешкінің төлі ? (лақ).
3 Қыз туралы бір мақал айтыңыз.
4. Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта)
5. Киелі құс (аққу)
6.Тігінші құралы ( ине)
7. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)
6-ші арудың сұрақтары.
1. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)
2. Тар қонышты, өкшесіз жеңіл аяқ киім (мәсі)
3. Көздің суы (жас)
4. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)
5. Қобыландының жары ( Құртқа)
6. Ең зор байлық (денсаулық)
7. Анаңның бауырлары (нағашы)
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.
«Қыздар – ай» әні. Орындайтын
Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.
Достарыңызбен бөлісу: |