3.Коммерциялық емес қызмет аясындағы маркетинг
Коммерциялық емес маркетинг қоғамдық мүдделер үшін іс-қимыл жасайтын немесе қандайда бір идеялар қатысатын және қаржылық пайда алушылыққа ұмтылмайтын ұйымдармен және жекелеген тұлғалармен жүзеге асырылады.
Коммерциялық емес маркетинг пайдаға бағдарланған немесе коммерциялық маркетинг деп аталатын маркетингпен салыстыру бойынша ұқсас белгілері мен айырмашылықтарға ие.
Коммециялық емес, сол сияқты коммерциялық маркетингте тұтынушылар түрлі ұйымдардың ұсыныстарын таңдай алады.
Коммерциялық емес пен коммерциялық маркетинг арасындағы негізгі айырмашылық мақсаттарының әртүрлілігінен шығады.Коммерциялық емес ұйымдардың табысы немесе сәтсіздігі қаржы көрсеткіштерімен өлшенбейді,өйткені бұл ұйымдардың мақсаттары күрделі сипаттарға ие.Мысалы,саяси үміткерлердің маркетингі алға жылжыту және оны сайлаушылардың жергілікті мәслихатқа сайлау мақсатына ие болуы мүмкін.Коммерциялық емес ұйымдардан коммерциялық ұйымдар пайдасы жоқ деп санайтын нарықтық сегменттерге қызмет көрсетуді күтеді немесе тіпті талап етеді.Сондықтан,олардың көбісі күнделікті қызметтен кіріс алмайды,қаржыларды жинау бойынша сирек те болса күш біріктірушілікке арқа сүйейді.Коммерциялық емес ұйымдар егер өзіндік құнынан төмен баға бойынша тауарлар сатып немесе қызмет көрсететін болса,тіпті шығынды болуы да мүмкін.Тәжірибе коммерциялық емес ұйымдар үлкен дәрежеде демеушілер мен қайырымдылық қаржылары есебінен өмір сүреді.Олар үшін салық салу бойынша жекелеген қызмет түрлеріне(пошта,көлік,ғимараттарды жалға беру және т.б.)жеңілдіктер белгіленеді.
Ұйымдар,жекелеген тұлғалар,тұрғын үй құрылыстарындағы орындар,демалыс аймағы,идеялар және басқа объектілер маркетинг объектілері бола алады.
Ұйымдар маркетингі-бұл нақты ұйымдарға қатынасы бойынша мақсатты аудиториялардың айқындамаларын жасау,қолдау немесе өзгерту мақсатымен қабылданатын қызмет болып саналады.Маркетингті ұйымдар оның өмір сүру үлгісін бағалауда және осы үлгіні жақсарту бойынша маркетинг жоспарын әзірлеп жасауды талап етеді.Топтар немесе жеке тұлғалар иелік ететін объектілер туралы түсініктер-үлгілер деп аталады.Ұйымдар жұршылықтың көз алдында өзінің салт дәстүріне қанағаттанушылық,не қанағаттанбаушылық туғызуы мүмкін.Соңғысы қалайтын үлгіні жасау жөніндегі маркетинг жоспарын әзірлеуді талап етеді.Мысалы үшін,жоғары білікті мамандар даярлаушы,ірі,прогрессивтіжоғары оқу орыны болып көрінгісі келетін университетті алайық.Ұйым жасауға тиісті,негізгі қадамдар бұл профессор-оқытушылар құрамын мұқият біріктіру,олардың шығармашылық өсуін ынталандыру,ашық семинарлар,жетілген және ғылыми мәселелер бойынша конференциялар өткізу,бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт жүргізу,оқыту әдістерін жетілдіру және т.б. болып саналады.
Ұйым өзінің үлгісін жақсартуда прогресс бар ма әлде жоқ па соны біліп отыру үшін өзінің аудиторияларын тексеруден өткізуді мерзімді қайталап отыруы тиіс.Әрине бұл көп күш жұмсау мен қаржыны талап ететін табиғи ұзақ процесс.
Жекелеген тұлғалардың маркетингі-бұл нақты тұлғаларға қатысы бойынша айқындамаларды жасау,қолдаунемесе өзгерту үшін қолданылатын қызмет.Атақтылық маркетингі мен саяси үміткерлер маркетингі бұл қызметтің неғұрлым кең таралған үлгісі(формасы)болып саналады.
Атақтылық маркетингі ұзақ тарихқа ие.Әртістің асқақ <<Жұлдызды бейнесі>> осы маркетингтің идеясы болып саналады.Бұл үшін бұқаралық ақпарат құралдарында <<Жұлдыз>>тауарлы материалды орналастырады,кең назар аударатын орындарда сахнаға шығудың жоспарын жасайды,өнер көрсетуін,сұхбат беруін,белгілі компаниялардың жарнамалық фильмдеріне қатысуды ұйымдастырады.Плакаттарда,журналдарда және т.б.фото суреттерін орналастырады.Менеджерлер оның талантына байланысты<<Жұлдыздық>> өз өмірлік кезеңі барлығын танып,мойындайды.
Саяси үміткерлер маркетингі соңғы жылдары қоғамдық демократияландырудың күшеюі мен байланысты белгілі бола түсті.Бірнеше жыл үзіліс жасай отырып,тұрғын халық жергілікті,облыстық,сондай-ақ жоғары басқару органдарында лауазымды орындарды алу бойынша сайлау науқандарына қатысады.Саяси науқан өзіне үміткерлердің сайлаушыларымен кездесулер өткізу жоспарларына,үміткерлердің сайлаушыларын <<сатып алудың>> жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін маркетингтік зерттеулер мен жанамаларды пайдалануды кіргізеді.
Орын маркетингі-бұл нақты орындарға қатысты оны жасау,қолдау,қатынастарын өзгерту мақсатында қолданылатын қызмет.Орын маркетингінің төрт үлгісі(типі) бар-тұрғын жай маркетингі,демалыс орны,шаруашылық құрылысы аумағы және жер меншігіне инвестициялар.
Тұрғын жай маркетингі өзіне жаңадан қосылған құрылыстарды және сатуға немесе жалдауға үйлерді,пәтерлерді ұсынуды кіргізеді.Тұрғын жайға қажеттілік,нарықтың жекелеген сегменттерінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына алдын-ала маркетингтік зерттеулер жүргізеді.Демалыс орны маркетингі туристерді елдегі нақты қалалардағы курстарға тарату мақсатын алдыға қояды.Мұндай қызмет түрлерімен сапар бюролары авиакомпаниялар,қонақ үйлер және басқа мекемелер айналысады.Шаруашылық құрылыстары аумағы маркетингі өзіне шарушылық жерін игкруді,учаскелерді дүкендердің аумақтарын,заводтарды,фабрикаларды,қоймаларды сату немесе жалға беруді кіргізеді.
Жер меншігіне инвестициялар маркетингі жерді капиталдың ғимарат объектісі ретінде жерді сату мен аймақтандыру жатады.Олардың бағдарламалары жарнаманы,үгітті,қозғалмайтын мүлікті сату жөніндегі сауда агенттерінің қызметін құрайды.
Идеялар маркетингі-бұл нарықта идеяларды ұсыну жөніндегі қызмет болып саналады.Мысалы,<<темекі шегу-адам денсаулығы үшін зиян>> идеясы.Қоршаған ортаны қорғау бойынша идея,нәсілдік және ұлттық теңқұқылық идеясы және т.б.
Бұл қызметті басқалай қоғамдық маркетинг деп атайды.Мақсатты топтардың ең жоғары жауапкері әсерлеріне қол жеткізу үшін нарықты сегменттеудітұтынушыларды зерттеп үйренуді,коммуникация құралдарын әзірлеуді және басқа маркетингтік шараларды жүзеге асырады.
Қоғамдық қоғамдық маркетинг қайраткерлері алуан түрлі мақсаттарды көздеуі мүмкін:
1.мақсаты топтарды түсінуге қол жеткізу (тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығын білу);
2.бірмезгілде әрекет етуге ояту (жаңашылтәуелсіз журналисті қорғау үшін қол жинауға қатысу);
3.мінез-құлықтық әдеттерді өзгертуге ұмтылу (автомобильдің қауіпсіздік белбеуін пайдалану);
4.негізгі түсініктерді өзгерту (әкесі жағынан немесе анасы жағынан ұлтын таңдау кезінде балалардың ерікті құқы туралы иландыру).
Әрине,әлеуметтік алға жылжытуды жүзеге асыру әрқашанда табиғи өте күрделі процесс.Соған қарамастан қоғамдық маркетинг, отбасын жоспарлау,қоршаған ортаны қорғау,шылым шегу және нашақорлықпен күрес және қоғамдық өмірдің басқа проблемалары сияқты аяларда жетісті түрде өзінің қолдануын тауып үлгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |