Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері У.Стаффорд. Т.Манн, Д.Норс және басқа да меркантилистер болды. Олар ақшаның қазына құралы және дүниежүзілік ақша қызметтерін шектен тыс бағалап, соның салдарынан ақшаны асыл металдармен шатастырды. Мемлекеттің монеталарды көздің қарашығындай сақтауын талап етті. Ақшаны әлеуметтік қатынастар ретінде емес, оны зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясын Римнің және орта ғасырдың заңгерлері жасады. Кейінірек оны Дж.Беркли мен Стюарт одан әрі дамытты. Олар ақшаның металдық теориясын сынады, ал өздері ақшаның айналыс құралы және төлем құралы сияқты қызметтерін шамадан тыс бағалады.
«Ақшаның номиналды теориясының - негізгі ерекшелігі мынадай деді- ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ». Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және американ экономисті Пол Самуэльсон.
Достарыңызбен бөлісу: |