Кәсіпкерге мынадай қасиеттер тән болуға тиіс:
1) Өндіріс факторларын дұрыс үйлестіру мен келістіру үшін оның білім деңгейі жоғары болуы керек.
2) Дұрыс шешімдер қабылдай білуі керек.
3) Жаңашылдыққа ұмтыла білуі керек.
4) Тәуекелшіл болуы тиіс.
Кәсіпкер болу - басқа біреудің істемегенін істеу деген мағынаны білдіреді. Шумпетер кәсіпкерлікті «жаңашылдық» деп түсіндірген. Мемлекетте кәсіпкерлік неғұрлым жақсы дамыса, соғұрлым отандық тауарлар өз тұтынушысын тауып, иесіне мол табыс әкеледі.
Енді осы өндірістен пайда болған нәтижелер материалдық (тауарлар) және материалдық емес (қызметтер) формаға ие болады. Кез келген өндіріс үрдісінің өзіндік ерекшелігі болады, яғни белгілі бір технология арқылы қолданылатын факторлардың сандық және сапалық жағынан тиімді әдісін анықтауға болады. Ал технология дегеніміз бұл өндірісте қолданылатын өндіріс факторларының өзара тиімді және тұрақты үйлесімділіктері. Сол бір өнімнің түрі әртүрлі технологиялық әдіспен өндіріле алады. Өз кезегінде технология дамыған сайын өндіріс факторларын аса тиімді түрде қолдануды қамтамасыз ететін өндірісті ұйымдастыруда жаңа әдістерді анықтауға мүмкіндік туады. Бір технологиялық әдісті қолдану аясында ресурстардың көлемі мен шығарылатын өнім көлемі арасында әрқашанда тұрақты байланыс болады. Бұл байланысты өндірістік функция сипаттайды.
Өндірістік функция – өндірілетін өнімнің максималды көлемі мен берілген технология деңгейіндегі өндіріс факторларының физикалық көлемі арасындағы тәуелділікті сипаттайтын функционалдық өзара байланыс. Өндіріс көлемі қолданылатын ресурстардың көлеміне байланысты болғандықтан, олардың өзара тәуелділігін мына функционалдық байланыста жазуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |