261
мораль және этика әдеттері, халық шығармашылығы, әдеби нұс-
қалар араласып жатыр. Кейбір шежірелер
біршама ұзақ тарихи
дәуірді қамтиды. Мәселен, айле руының шежіресі ежелгі заман-
нан ХҮІІІ ғасырға дейінгі, оның ішінде Бұлғар мемлекеті мен
Алтын Орда кезеңін қамтыған.
Естек ортасындағы қыпшақ ру
шежірелерінде қыпшақ бірлестігі заманы, кейінгі ХҮ-ХҮІ ға-
сырлар оқиғалары естектер тарихымен байланыстырылады.
Ежелгі дәуір кезеңіне байланысты шежірелерде түрлі әпсаналар
мен аңыздар, фольклор деректері кӛп орын алады. Кейінгі ХІІІ-
ХҮ ғасырлардағы шежірелерде, негізінен тарихи фактілер орын
алады. Кейде батырлық жыр-ӛлең, дастандар мен салт-дәстүр
фольклоры кездеседі. Мысалы, ӛсірген тайпасының шежіресінің
бір нұсқасы ӛлеңмен жазылғандықтан, ол жазба ӛлең ескерткіші
болып табылады. Ялан-бурзен руының шежіресі де ӛзінің құры-
лымы мен үлгісі бойынша ерекше болып табылады. Әсіресе,
Рашид ад-диннің Шежірелер жинағы 1300-1310 жж. Әбілғазы-
ның Түрік шежіресі, жалайырдан шыққан Қадырғалидың Шежі-
релер жинағы 1602 ж. Кітап үлгісіндегі нұсқалар. Міне, осы
естек башқұрт ғалымдары берген сипаттауыменен келісе отыра,
бұл қазақ және жалпы түркі халықтарының шежіре дәстүріне
ортақ сипат деп білеміз.
Бұған қосарымыз, естек башқұрт ға-
лымдарының шежіре ұғымын әлі де болса ата тарату деген
ұғыммен байланыстыратыны. Олар
естек шежіресін этимоло-
гиялық тұрғыда башқұрт халқының тарихи жады түсінігінде
қарастырмайды. Естек шежіресінде ортағасырлық авторлардың
кітап нұсқасына сүйенеді дегеннен гӛрі, ортағасырлық парсы-
түркі кітап ұлттық тарихи таным бастауы - шежіре.
Кейінгі он
жыл бойында Қазақстан тарихының жазылуындағы байқалатын
оң ӛзгеріс - кӛптен бері ескерілмей келген қазақ халқының ауыз-
ша тарихи дәстүр үлгісінде қалыптасқан мол дерек қоры зерт-
теулерде пайдалана басталуы.