aх=b (мұндағы х – айнымалы, а және b – қандай да бір сандар) түріндегі теңдеу бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.
Мысалы: 2х + 4 = 6
Түбірлері бірдей болатын немесе түбірлері болмайтын теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады. Мысалы: Неліктен х + 8 = 18 және х + 8 – 6х = 18 – 6х теңдеулері мәндес болады? Тексеру: х + 8 = 18 х + 8 – 6х = 18 – 6х х = 18 – 8 х – 6х + 6х = 18 – 8 х = 10 х = 10 Жауабы: 10 Егер теңдеудің түбірі (шешімі) болмаса, онда шешімдер жиынын бос жиын деп атайды. Бос жиын (Ø) таңбасымен белгіленеді. Мысалы: -5х – 0,74 = -5х + 0,26 теңдеуін шешейік. Шешуі: -5х – 0,74 = -5х + 0,26 -5х + 5х = 0,26 + 0,74 0 · х = 1
Жауабы: Ø 1) теңдеуінің түбірі – біздің заманымызға дейінгі Мысыр пирамидалары салынған жыл 2) 1000 – х = 570 теңдеуінің түбірі – біздің заманымызға дейінгі Галикарнастағы Мавзолей салынған жыл 3) 99х = 693 теңдеуінің түбірі - біздің заманымызға дейінгі Эфестегі Артемида храмы салынған ғасыр Топтық жұмыс (Берілген теңдеулерді шешіп, әлемнің 7 кереметі туралы мағлұмат алыңдар)
4) 8280 : х = 2070 теңдеуінің түбірі - біздің заманымызға дейінгі Олимп тауындағы Зевс мүсіні салынған ғасыр
5) х + 450 = 1000 теңдеуінің түбірі - біздің заманымызға дейінгі Вавилондағы Семирамида аспалы бағы салынған жыл: 6) х : 73 = 4 теңдеуінің түбірі - біздің заманы-мызға дейінгі Родостағы Гелиос мүсіні салынған жыл: 7) х – 188 = 92 теңдеуінің түбірі – біздің заманымызға дейінгі Мысырдағы Александрия маягі салынған жыл