Реферат
Тақырыбы: Френсис Бэкон
Дайындаған:Ақмамедов Рамазан
Батыр Абай
Тексерген:Ақжолова Ә.Ә.
Алматы,2023
Жаңа дәуір философиясы
ЖОСПАР
Кіріспе
Өмірбаяны
Ф. Бэкон – Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкіл
Жаңа Органон
Тәжірибелік-индуктивтік әдістеме жасау
Қорытынды
Қолданылғын әдебиеттер
Кіріспе
ХVII ғ. бастап Батыс Еуропа топырағында капиталистік қатынастар қарқынды дами бастады. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ақуалы, қоғам мен табиғатты танып-білу қажеттіктері философия саласында онтологиялық (болмыстық) мәселелерден гөрі дүниетанымдық (гнесеологиялық) сұрақтарға бетбұрысты туғызды. Ғылымды дамыту қажеттіктері жаңа ұйымдардың, мекемелердің пайда болуына себеп болады. Оларды сонау Платонның заманынан келе жатқан академия деген сөзбен атай бастайды. 1560 жылы Неопаль қаласында “Табиғат құпиясын зерттеу академиясы”, осы кезде Англияда “Лондондағы карольдық қоғам’’, Парижде “Жаратылыстану академиясы” құрылды. Бұл академиялардан тәрбие алған Роберт Бойль – қазіргі физика мен химия ғылымдарының алғашқы кірпіштерін қалаған, Исаак Ньютон – механика ғылымының негізін жасаған, Христиан Гюйгенс – алғашқы маятникті сағатты ойлап шығарған т.с.с. тұлғаларды айтып өтуге болар еді.
Бұл уақыттағы жаратылыстану саласында алға озып шыққан механика ғылымы болды. Оның негізгі себебі - өндіргіш күштерді дамыту, жаңа машиналар мен неше-түрлі механизмдерді жасау кажеттіктері болатын. Әрине, жаратылыстану саласындағы мұндай күрделі өзгерістер философия саласына зор әсерін тигізіп материализм ағымының механистік түрін тудырды. Ол Кайта Өрлеу заманында дүниеге келген органистік материализмді ауыстырды. Ал мұның өзі сол кездегі қоғамдық санадағы басым діни көзқарасты төңкеріп тастамағанмен, оның бітімін өзгертті. Біріншіден, діни фанатизм бірте-бірте азайып, оның орнына діни төзімшілдік, әрбір адамның қандай дінге сенуге деген құқығы мен талғамы болмасын іс жүзінде сақтала бастады. Ғылым мен діннің ара-қатынасы бұрынғыдай “қос ақиқат” принципі бойынша шешіліп, сонымен қатар деистік (deus-құдай) бағыт күш ала бастайды. Деизм бағыты Құдайды мойындағанмен, оны тек алғашқы Дүние жаратқан күш ретінде ғана түсінеді, ал содан соң жаратылған Табиғат өз заңдылықтарының негізінде өмір сүре бастайды, Құдай-тағала оның өміріне енді ешқашан әсерін тигізбейді. Мұндай көзқарас ғалымдардың табиғаттың терең жатқан сырларын ашуына кеңінен жол ашты.
Ал жаратылыстану ғылымдарының өзіне келер болсақ , онда бір-біріне қарсы тұрған әдістемелер (методтар) кеңінен қолданыла бастады. Ол –бір жағынан алғанда, табиғат құбылыстарын тәжірибелік жолмен байқап зерттеу, екінші жағынан, Дүниені математикалық- абстракталық жолмен сараптау. Мұндай жағдайлар философия саласында ғылымға деген үміт тудырады, жаңа зерттеулер тұрғысынан Орта ғасырларда дүниеге келген схоластикалық ойлау жүйесі қатты сынға алына бастады. Ешқандай тарихтағы болған ұлы тұлғалардың ой-пікірі жаңа дамып келе жатқан жаратылыстану ғылымдарына кедергі болмауы керек, олар ерікті түрде өз пәнін зерттеуі кажет деген ой қоғамдық санада басымдыққа ие болады.
Ғылым Құдайға қарсы емес, керісінше , ол табиғаттың терең заңдылықтарын ашып, Жаратушының құдіреттілігін көрсетеді деген пікір кеңінен таратылады. Мінеки, осындай қайшылықты жол Жаңа дәуірдегі философияны тудырып, оны әрі қарай дамытады. Енді нақтылы түрде соған назарымызды аударайық.
Достарыңызбен бөлісу: |