Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Қарсы алыңыз, Мик(рометр)



Pdf көрінісі
бет169/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Қарсы алыңыз, Мик(рометр
Ретке келтірілетін өлшеуіш құралдары қатарының ішіндегі ең бастысы 
«микрометрлер» болып табылады. Олардың түрлі пішіндері мен өлшемдері бар, микрометр 
түріне байланысты ішкі және сыртқы диаметрлерді, ойықтарды, шлицтерді, бұрандаларды 
және тереңдіктерді өлшеуге болады. Барлығы гильзаның ішінде домалайтын бұрандалық 
сүмбіге бекітіліп тұрады. Гильзаның сыртқы жағында және сүмбінің бір ұшына бекітілген, 
корпустың жеңіндегі тура сондай таңбаламаға сәйкес келетін белгіленген таңбаламасы бар 
ұштық орналасқан.
Ұштықтың айналуына орай білік төлкенің бойымен қарсыдағы ұшы бөлшекпен түйіскенге 
дейін жоғары не төмен жылжиды, содан соң микрометрді ұстаған жан таңбалауларды оқып 
шығып, іштей бірнеше қосынды жасаған соң алынған өлшемді маңғаздылықпен жария етеді. 
Әрине, бүгінгі таңда микрометрлердің көбі электронды ‒ төлке мен оймақтың мәнін бірге 
қосындылау қажеттілігі алқызыл түсті спандексті киіп алып, «Breakfast Club» бағдарламасын 
көріп отырып, «Hi-C Ecto Cooler» сусынын ішіп отырған өткен шақ секілді (осы 1980-жылдарға 
қайта оралғаным үшін кешірім өтінемін).
МАҢЫЗДЫ 
БӨЛШЕКТЕР 


168 
Әңгіме бөлшектерді күнделікті өлшеу туралы болған кезде ескірмеген тек олардың 
маңыздылығы ғана, микрометрлер қол құралдары болып табылады. Сіз өндірісте 
кездестіруіңіз ықтимал кейбіреулері төменде көрсетілген: 
 
Сыртқы микрометрлер: егер сіздің гаражыңызда шеберүстелдің үстінде С-
қысқыш ілініп тұрған болса, онда сіздің ішкі микрометрдің пішінімен таныс болғаныңыз, 
өзгешелігі ‒ қысқыш бұрамасы енді ұштық деп аталады, ал тарту саптамасы белгіленген 
ұштықпен және төлкемен алмастырылған. Мен тіпті арнайы С-қысқыш ретінде 
пайдаланылатын 2-дюймдік сыртқы микрометрді көрдім (соны жасаған жігіт сол күні жұмыстан 
шығарылды). 
 
Ішкі микрометрлер: ішкі микрометрлердің бірнеше түрі бар. Бірі ішке еніп, 
саңылауды өлшеу үшін ілгекті тіректік өзектің сыңарын пайдаланады, бірақ тіректі өзектердің 
ұзындығы 1 /4 дюйм немесе сол шамалас қана болғандықтан, олардың тереңдігі шектеулі.
Тура сол жағдай, өлшеу үшін саңылаудың ішіне еніп, ұштықты айналдыру үшін адам қажет 
болатындықтан, түтікті ішкі микрометрлерге де қатысты (бұл жерде пианистың епті 
саусақтары пайдалы болар еді). Түптеп келгенде үштік микрометр бар, олар атауынан көрініп 
тұрғандай, бір-біріне 120°-тық бұрышпен орнатылған үш тіректік өзектен тұратын топтама 
болып табылады (10-3-суретті қараңыз). Бұл керемет.
 
Тереңдік микрометрлері: төңкерілген Т әрпіне тым ұқсас тереңдік 
микрометрлері әдетте 1 дюймдық аралықпен 6 дюймға дейінгі өлшеу диапазонын 
қамтамасыз ететін алмастырылатын өлшеуіш ұштықтарымен бірге жүреді. Сондай-ақ 
бөлшектің ішкі немесе сыртқы бөлігіндегі жіктің орналасқан жері мен енін тексеруге арналған 
ұштарында дәл ажарлау шарықтар бар арнайы өлшеу ұштықтары немесе қарындаш секілді 
өлшеу ұштықтары да қолжетімді болады.
 
Бұранда өлшеуге арналған микрометрлер: қадам микрометрлері ретінде де 
танымал бұранда микрометрлері жоғары бөлік пен V-пішінді түбінің арасындағы ішкі бұранда 
қадамының диаметрін өлшеу үшін аса қолайлы, бірақ олар бұранданың сапасын тексеру үшін 
өз бетінше пайдаланылмауы тиіс. Бұранда бөлшектерді үнемі тиісті істікшенің (ішкі бұранда 
үшін) немесе сақиналы калибрдің көмегімен (сыртқы бұранда үшін) тексеріңіз. 
Бұл толық тізім емес. Микрометрлердің виртуалды флотилиясы ернемекті өлшеуіштер, 
қадалы өлшеуіштер, шарлы өлшеуіштер, нүктелік микрометрлер, тісті микрометрлерді қоса 
алғанда анағұрлым кеңірек, ал қайсысын таңдарын білмейтіндер үшін өзара 
аламастырылатын өзекшелерімен әмбебап микрометрлер бар.
10-3-
сурет: Барлық ішкі 
микрометрлердің 
ішінде
осы суретте көрсетілген 
үштік микрометр ‒ ең 
икемдісі және пайдалануға 
қолайлысы 
Көптеген микрометрлер бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі өлшеу 
нүктесін ғана құрайды (біздің С-қысқышымыз есіңізде ме?) Бұл әдетте өңдеу 
цехтарында жасалған ортогоналды бөлшектер үшін жақсы, бірақ олар үш 
шпиндельді гидравликалық токарь патронында материалды қысу кезінде 
ЕСКЕРТУ


169 
анықталатын, триангуляцияны және басқа да тура емес жағдайды анықтай 
алмайды». Осы өлшемді анықтай алатын немесе координатты-өлшеуіш 
машинасында (КӨМ) өлшей алатын үштік микрометрі немесе дөңгелек 
өлшегіші бар төңкерілген бөлшектерді үнемі тексеріп отырыңыз. Осы туралы 
төменде егжей-тегжейлі баяндалады.
Ішкі бұранда қадамының диаметрін өлшегіңіз келеді (оны сіз қай уақытта 
болмасын жасауыңыз әбден ықтимал), бірақ қадам микрометрі үшін бір бума 
ақшаңыз жоқ па? Аса көп емес ақшаға сіз бұрандалы сымдар жиынтығын 
сатып ала аласыз. Сіз кішкентай пластик корпустың ішінен әрқайсысы 
бұранданың қадамына сәйкес топтастырылған бірнеше үштік қатар 
қолданылатын сымдарды таба аласыз. Олармен жұмыс істеу аздап қиынға 
соғады (егер бір ұшын пенопластқа немесе сазға тығып қойса жеңілдеу 
болады), алайда бұранданың екі сымды бір ұшына, ал үшіншісіні оған қарама-
қарсы орналастырып, сыртқы микрометрді бұранданың құрамдастырылған 
диаметрін және сымдарын өлшей аласыз, содан соң осы өлшемнің 
негізінде қадамның диаметрін есептей аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет