Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет81/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

101 саңылауларды бұрғылау 
Саңылауларды бұрғылау металл өңдеудің кеңінен таралған тәсілдерінің бірі болып табылады. 
Ол фрезалар мен жону білдектерінде, сондай-ақ бұрғылау білдектерінде, электржелілену 
білдектерінде, лазерлік кесу аппараттарында және баспақалыптада орындалады. Алғашқы 
үш білдекте кем дегенде саңылауларды тесу үшін бұрғылау бұрғысы (бұдан әрі ‒ бұрғы), 
сондай-ақ осы бөлімде қарастырылған бірқатар басқа да құралдар қолданылады.


86 
Көптеген сарапшылар бұрғыны айналатын құралдардың қатарына 
жатқызады. Олардікі дұрыс, әрине, алайда бұрғылар тұрақты болып, 
дайындама соның айналасында айналатын жону білдектерінде де маңызды. 
Не десек те, бұрғылар барлық пішіндер мен көлемдерде қолжетімді, ал 
саңылауларды бұрғылау күрделі (алайда үнемі оңай бола бермейді) 
механикалық өңдеу үдерісін бермейді.
.
Барлығы да бұрғылар туралы 
Бұрғылар туралы айтайық. Олар аздап ұқсайды, бірақ ұшы доғалдау (әдетте 118º ден 140º 
дейінгі бұрышымен) және өшіргішсіз (5-15-суретті қараңыз). Бұрғылардың көбінде бұрғының 
үстіңгі жағындағы ұзын шиыршықты жырашықтары ‒ екі «астаушасы» болады және 
шаштараздың маңдайша жазуындағыдай шиыршықты ақ-қызыл түсті жолақтарға ұқсайды, 
алайда көптеген көп қырлы кескіш пластиналары бар бұрғылардың тік жырашықтары бар, 
неліктен олай деп сұрамаңыз (асықпаңыз: осы түрдегі бұрғылардың сипаттамасы бұдан әрі 
«Өнімділік туралы» тарауда келтіріледі). Кейбір бұрғылардың үш жырашықтары бар және 
«ұңғылау» немесе бұрын тесілген саңылауды бұрғылау мүмкіндіктеріне бола оларды жиі 
бағаналы бұрғы немесе қуыс бұрғылар деп атайды.
Көптеген бұрғылар қашаумен жабдықталған (көп қырлы кескіш пластиналары бар 
бұрғыларды қоспағанда) ол дайындамамен түйісудің басты нүктесі болғандықтан, ол 
бұрғының ауып кетпеуі үшін жауапты. Сондай-ақ әрбір жырашықтың жанында бұрғының 
арқабеті немесе бұрғының «таспашасы» бар, олар жиекті нығайтады және бұрғыны 
бағыттауға көмектеседі. Ақыр аяғында, барлық бұрғылардың шағын қайырмалы конустылығы 
бар, бұл олардың сағағында емес (бұрғыны ұстау үшін пайдаланылатын бөлім), жұмыс 
бөлігінде үлкендеу екенін білдіреді. Бұл қызып кетуді тежей отырып, бұрғы мен дайындаманың 
арасындағы үйкелісті болдырмайды.
5-1-
кесте. Жалпы қолдануға 
арналған TiN жабындалған ТКБ-
дан жасалған әмбебап бұрғылар 
Егер ТКБ-дан немесе кобальттан жасалған бұрғыны қолданатын болсаңыз 
және тік саңылауды бұрғылап тескіңіз келсе (әрине, тескіңіз келеді), орталық 
бұрғы деп аталатын қысқа құралдан бастаған жөн. Орталық бұрғының 
бастиегінің қиғаштығы әдетте 90º немесе 120º және дайындаманың бетіндегі 
терең емес ойықты бұрғылау үшін қолданылады, ол ұзын бұрғыларды 
бағыттауды және саңылауды бұрғылау кезінде «бұрғының ауып кетпеуін» 
қамтамасыз етеді.
Бұрғы өндірушілер үнемі өз өнімдерін жақсартып отырады және бұйымдардағы 
саңылауларды жасау тәсілдерін ойлап табады, әсіресе саңылауларды жоғары өнімділікпен
тесу қажет болатын тұстарда (көбіне қатты қорытпалы бұрғылар, сондай-ақ карбид ұштығы 
бар бұрғылар). Соның арқасында бұрғылардың алуан түрлері, пішіндері мен көлемдері бар, 
олардың көбі басынан саңылауды бұрғылап тесудің арнайы тәсілдеріне арналған. Төменде 
бірнеше жиі кездесетін бұрғылар келтірілген: 
ЕСКЕ ТҮСІРУ


87 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет