Жаңадан тағайындалған судьялар, әріптестерінің алдында халық үшін адал еңбек етіп, әділеттің ақ жолын ұстауға, мәртебелі қазылық қызметке кір келтірмеуге салтанатты түрде ант берді
Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жыл 02 қыркүйегіндегі «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» № 628 Жарлығымен тағайындалған Ақтөбе облысының аудандық, мамандандырылған және Ақтөбе қалалық сотының судьялары ант берді.