Жаңадан тағайындалған судьялар, әріптестерінің алдында халық үшін адал еңбек етіп, әділеттің ақ жолын ұстауға, мәртебелі қазылық қызметке кір келтірмеуге салтанатты түрде ант берді



Дата10.07.2016
өлшемі22.5 Kb.
#189286
27/09/2013

Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жыл 02 қыркүйегіндегі «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» № 628 Жарлығымен  тағайындалған Ақтөбе облысының аудандық, мамандандырылған  және  Ақтөбе қалалық сотының  судьялары  ант  берді.


Сонымен, Ақтөбе қалалық сотының судьясы лауазымына  Ғалымжан Елкейұлы Әбубәкіров, Ақтөбе қалалық сотының судьясы лауазымына Айна Нұрланқызы Абдраева, Ақтөбе қалалық сотының судьясы лауазымына Гүлдана Ыбырайқызы Суханова, Ақтөбе қалалысының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы лауазымына Мұхтар Тойбазарұлы Тойбазар, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымына Айнұр Аманжанқызы Имантаева, Байғанин аудандық сотының судьясы лауазымына  Әлия Мұхитқызы Бисеналина тағайындалған еді.
Жаңадан тағайындалған судьялар,  әріптестерінің алдында халық үшін адал еңбек етіп, әділеттің ақ жолын ұстауға, мәртебелі қазылық қызметке кір келтірмеуге салтанатты түрде ант берді. 
 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет