Білім алушылар нені меңгеру керек:
«Этика және әдеп» бөлімі білім алушылардың бойында адалдық, әдептілік, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік, әдептілік, ізгі ниет, мінез-құлық мәдениетінің жоғары стандарттарын көрсететін ұжымда жұмыс істей білу сияқты жеке қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
«Азаматтық және патриотизм» бөлімі өзін ел азаматы ретінде сезінуге, өзінің Отанға қатыстылығын сезінуге және оның мүдделеріне қызмет етуге, азаматтық ұстанымын көрсетуге ықпал ететін тұлғаның жеке қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
«Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық» бөлімі медиа кеңістіктің құралдарын талдауға, бағалауға және пайдалануға мүмкіндік беретін дағдыларды, сондай-ақ қаржыны басқару және өзінің қаржылық әл-ауқатын қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
«Өмір сүру қауіпсіздігі» бөлімі қауіпсіз мінез-құлық, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
«Экологиялық мәдениет» бөлімі өз денсаулығына, табиғатына ұқыпты қарайтын, қоршаған ортаға теріс әсердің салдарын түсінетін және табиғатты қорғау іс-әрекетін белсенді жүргізетін тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Күтілетін нәтиже:
Курс бағдарламасы білім алушылардың бойында: - азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік; - мінез-құлық мәдениеті, басқалар үшін жауаптылық пен құрмет, салауатты өмір салты және қауіпсіз мінез-құлық дағдылары, сыни, креативтілік және шығармашылық ойлау дағдылары, алған білімдерін өмірде қолдану дағдылары, зерттеу, жобалау, волонтерлік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Жаһандық құзыреттілік» курсын аяқтау нәтижесінде білім алушылар оны табысты тұлға ретінде сипаттайтын құндылықтарға: коммуникативтік дағдылар, этикалық нормалар мен мінез-құлық ұстанымдарына ие болады.
Мазмұндық бөлім
5-сыныпқа арналған «Жаһандық құзыреттілік» курсы оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады.
1. «Этика және әдеп» бөлімі - 5 сағат
Барлығы сәлемдесуден басталады – 1 сағат
Мен достарымның ортасындамын – 1 сағат
Мен өз әрекеттерім үшін жауаптымын – 1 сағат
Ата-аналарға ризашылық білдіруді үйретеміз – 1 сағат
Дастархан басындағы әдеп. Дастархан жаю – 1 сағат
Достарыңызбен бөлісу: |