Семестрлік жұмыс №1



бет1/4
Дата21.12.2023
өлшемі35.98 Kb.
#487236
  1   2   3   4
Rusya filos


«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
коммерциялық емес акционерлік қоғам

Рухани және дене тәрбиесі кафедрасы




Семестрлік жұмыс №1

Пәні: Философия


Тақырыбы: Шәкәрім философиясындағы адам мәселесі


Мамандық: 5В071600 - Аспап жасау


Орындаған: Жунускан А.Б. Тобы: ПСк-16-1


Қабылдаған: к.ф.н., профессор Мухамеджан К.Ш.


_________ ___________________ «_____» __________2018ж.
(баға) (қолы)
Алматы 2018
Мазмұны

Кіріспе

3

Негізгі бөлім:

4

1 Шәкәрім философиясы

4

2 Адам мәселесі мен құндылықтары

7

Қорытынды

11

Әдебиеттер тізімі

12



Кіріспе
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы әдеби, рухани дамуда, прогресшіл ой пікірлердің қалыптасуында, қазақ мәдениеті мен философиясының тарихында зор үлес қосқан ұлы ойшыл, философ - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрімнің философиялық көзқарасы - ұлттық философияның қалыптасуына зор ықпалын тигізген құбылыс. Оның адам мәселесі туралы философиялық пайымдаулары «Үш анық», «Тіршілік жан туралы», «Тумақ, өлмек - тағдырдың шын қазасы», «Ақыл - деген өлшеусіз бір жарық нұр», «Адам немене?», «Тәңірі мен жан», «Жан мен дене һәм көңіл», «Анық пен танық» деген еңбектерінде айқын берілген. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» деп аталатын еңбектерін, поэзиясын гуманистік және адамгершілік мұраттарды, демократиялық ағартушылық идеяларды уағыздаған мұра деп бағалау керек. Шәкәрімнің философиялық ойларында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, ақыл - ой ізденістері, талғамды тұжырымдары із қалдырды. Ол қазақ қоғамының рухани өсуіне көмектесуді, жастарды ғылым, білім, өнерге баулуды мұрат тұтты.
Адам мәселесі Шәкәрім философиясының орталық тақырыбы, яғни зерттеудің негізгі субъекті болып табылады. Адам феноменін ол табиғат пен тарих мүмкіндіктерінің өзіндік өлшемі, жаратылыс дүниенің сыры ретінде қарастырады. Сонымен қатар Шәкәрімнің дүниенің «адами сипатына» жасаған анализі оптимистік тұжырымдар мен соны да бірегей концепцияға әкелді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет