Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі



Pdf көрінісі
бет16/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   244
 
Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі  
 
2019-2020 
оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 
10-
сыныптарда жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалауды және ішкі 
жиынтық бағалауды қамтиды.
Критериалды бағалау білім алушылардың өз әрекетін бақылау және 
бағалай білу, функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын 
қалыптастырудағы оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін 
анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету, оқытудағы алға басуын 
көрсету, оқыту нәтижесі бойынша ата-аналарын хабардар ету мақсатында 
әрбір сабақта бағалау элементтерін қолдану ұсынылады. 
Бағалау жүйесі балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандырады, 
білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде 
көрсетуге бағыттайды. Білім алушы мен мұғалім жеке және бірлесіп одан әрі 
даму үшін алдағы іс-әрекеттердің жоспарын әзірлей алады. 
Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларын дамыту деңгейін 
бағалауға мүмкіндік береді. Әр сабақ оқу мақсаттарын айту/көрсету мен оған 
жетудің критерийлерін таныстырудан басталуы керек. Білім алушы қойылған 
оқыту мақсаттарын түсінуге, оны ой елегінен өткізіп, оған қалай жету 
керектігін білуі қажет. 
Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін оқу 
материалын қалай игергенін, практикалық дағды қалай қалыптасқанын 
анықтауға мүмкіндік беретін, нақты анықталған, алдын ала танылған 
критерийлермен салыстыруға негізделген. 
Әрбір білім алушы дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, 
бұрынғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да 
атап өту маңызды. 
Мұғалімге мақсатқа бағытталған белсенділікті, бастамашылықты, 
мақсатқа жетудегі дербестікті ұстану маңызды. 
Бағалау жүйесі ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді 


22 
қарастырады. Білім алушылардың ата-аналарына бағалау жүйесінің мақсаты 
мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналарға арналған практикалық 
тренинг немесе мастер-класс өткізіледі. 
Жиынтық бағалаудың қорытындылары білім алушыларға, ата-аналарға 
немесе баланың заңды өкіліне қағаз/электронды форматта ұсынылады.
Мұғалім бағалауды мұғалімдерге, ата-аналар мен білім алушыларға көмек 
ретінде әзірленген нормативтік-құқықтық актілер мен әдістемелік 
материалдарға сәйкес өткізуі тиіс:

«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және 
қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 14 
маусымдағы № 272 бұйрығы; 
– 
«2019-2020 
оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта 
білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері 
туралы» әдістемелік нұсқау хат; 
– 
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында орта мектептерге арналған 
критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулық;
– 
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау 
бойынша басшылық; 
– 
Негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау 
бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал; 
– 
Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде қалыптастырушы бағалауға 
арналған тапсырмалар жинағы; 
– 
Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған 
тапсырмалар жинағы; 
– 
Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған 
әдістемелік ұсынымдама.
Әдістемелік құралдарды nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан таба аласыздар. 
Мұғалім: 
• 
бағалау үшін оқыту мақсаттарының тізбесін анықтауы; 
• 
бағалау деңгейлерін анықтауы (Блум таксономиясына сәйкес); 
• 
бағалау критерийлерін әзірлеуі (оқыту мақсаттарына сәйкес) немесе 
«НЗМ» ДББҰ әзірлеген критерийлерді қолдануы; 
• 
білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін анықтауы; 
• 
үйде оқитын білім алушылар үшін үйде оқыту жүктемесін және 
оқытылған оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке 
тапсырмаларды әзірлеуі; 
• 
сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолдану, сондай-ақ 
ерекше білім алу қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере 
отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізуі керек. 
Мұғалім білім алушылардың бөлім/тоқсан бойынша жиынтық бағалау 
жұмыстарын тексеруде және қорытынды балдарын қоюда, соның ішінде оқу 


23 
тапсырмаларының шарттарын белгілеуде түзетілген жерлерді ескеруге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет