414
педагог кадрлармен жұмысты өзгерту;
•
жинақталған педагогикалық тәжірибені шығармашылықы өңдеу;
•
инновацияларды енгізу негізінде қалыптасқан
жұмыс тәжірибесін
жетілдіру.
Білім беру жүйесіндегі әдістемелік жұмыстың иерархиялылығы келесі
деңгеймен анықталады:
-
аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет;
-
білім беруді басқару органдары құрылымындағы әдістемелік бөлім;
-
қалалық, аудандық ақпараттық-әдістемелік орталық (кабинет);
-
ғылыми-әдістемелікқалалық (аудандық) әдістемелік орталық (кабинет);
-
біліктілікті арттыру мекемелерінің құрылымындағы оқу-әдістемелік
кабинет (бөлім) және т.б.
Мақсаттары мен функцияларында айырмашылықтары бар әдістемелік
қызметтер қызметі, арнайы міндеттерді шешуге бағытталған. Аудандық
(қалалық)
әдістемелік орталық/кабинет, әдістемелік қамтамасыз етудің
дәстүрлі және басым деңгейі ретінде келесі қызметтерді көрсетеді:
-
әдістемелік
көмек көрсете отырып, кадрлардың біліктілігін арттыру
мүмкіндігін анықтайды және оларды қайта даярлауды жүзеге асырады;
-
қызметкерлерді білім мазмұны, оқытудың инновациялық технологиялары,
жаңа оқу құралдары және т.б. туралы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз етеді.
Заманауи әдістемелік қызмет түрлі педагогикалық экспериментті жүргізуге,
авторлық әзірлемелерге және педагогикалық технологиялар спектрін енгізуге
назар аударуы тиіс. Негізгі функциялармен қатар аудандық (қалалық)
деңгейлердегі әдістемелік қызмет білім беру процесін әлеуметтік-
психологиялық
қамтамасыз
етуге,
ақпараттық
қажеттіліктерді
диагностикалауға, кадрларды аттестаттауға, мекемелерді аттестаттауға және
мемлекеттік аккредиттеуге бағдарлануы мүмкін.
Барлық деңгейлердегі қазіргі әдістемелік қызмет жұмыстың дәстүрлі
түрлерін (консультациялар, семинарлар) және жалпы практика үшін жаңа
(педагогикалық шеберлік конкурстары, психологиялық практикумдар және т.б.)
түрлерін бірге ұштастырады. Мұндай формалар арқылы қандай да бір қызмет
түрін әдістемелік қамтамасыз етуге, әдістемелік қызмет принциптеріне сәйкес
мұғалімге кәсіби-педагогикалық көмек көрсетуге, қиындықтарды сауатты түрде
жоюға, педагогикалық, әдістемелік, тәрбие, білім беру қызметін ұйымдастыру
мен жүзеге асыруға байланысты туындаған сұрақтарға
негізделген жауаптар
беруге мүмкіндік пайда болады.
«Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері
қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 370 бұйрығының 2
параграфына сәйкес, Әдістемелік орталық (кабинет) қызметінің мақсаты білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша
білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыруда білім беру
ұйымдарын оқу-әдістемелік қолдауды жүзеге асыру, үздіксіз білім беру үшін
жағдайлар жасау, педагог және басқарушы кадрлардың кәсіби біліктілігін
415
жетілдіру болып табылады.
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында әдістемелік қызмет
педагогке оның кәсіби дамуына көмек көрсетуге бағытталған, өйткені оның
дұрыс ұйымдастырылуы әдістемелік қызметтің барлық
субъектілерінің тиімді
кәсіби-әдістемелік қарым-қатынастарына байланысты.
Келесі критерийлер әдістемелік қызметтің негізі болып табылады:
-
оқушылардың функционалдық сауаттылығы;
-
авторлық әдістемелер (бірегейлігі);
-
педагогтардыңы өз қызметіне қанағаттануы;
-
педагогтердің кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейі.
Әдістемелік орталық/кабинет қызметін жоспарлаудың бастапқы кезеңі
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
курстарының бағдарламасына сәйкес 7 бағытқа бағдарлануы қажет, олар білім
берудің жаңартылған мазмұны жағдайында әдіскерлер мен педагогтардың
өзара іс-қимылының тиімділігін анықтайды. Атап айтсақ:
-
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
-
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
-
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.
-
Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдану.
-
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
-
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
-
Оқытуды басқару және көшбасшылық.
«
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы»
Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338
бұйрығына сәйкес педагогтің «педагог», «педагог-модератор», «педагог-
сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» лауазымдық міндеттері
көрсетілген.
Жаңартылған білім беру жағдайында әдістемелік қызметтің бірінші
кезеңінде жоспарлау:
-
мемлекеттік білім беру саясатының негізгі үрдістерін зерттеумен;
-
біліктілікті арттыру процесін жоспарлаумен;
-
инновациялық қызмет саласындағы консалтингпен байланысты іс-
шараларды ұйымдастыруға және енгізуге бағытталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: