Сабақ тақырыбы Сағат саны уақыты 1 қыркүйек



Дата15.11.2022
өлшемі16.98 Kb.
#464932
түріСабақ
Қауәпсіздік ережесі


р/т


айы

Сабақ тақырыбы

Сағат
саны

уақыты

1

қыркүйек

Оқушылардың көшеде және жолда өзін-өздері ұстау ережелері

2

05.09.2022

2

қыркүйек

Оқушылардың көшеде және жолда өзін-өздері ұстау ережелері

2

05.09.2022

3

қазан

Аялдау жолы және қозғалыс жылдамдығы

1

07.10.2022

4

қазан

Жүргіншілер өтпелері

1

20.10.2022

5

қараша

Реттелмейтін көше қиылыстары

1

01.11.2022

6

қараша

Реттелмейтін көше қиылыстары.Бағдаршам.

1

11.11.2022

7

желтоқсан

Реттеуші және оның белгілері.

1

09.12.2022

8

желтоқсан

Жолды тағы қай жерден кесіп өтуге болады.

1

23.12.2022

9

қаңтар

Автобуста және троллейбуста жүру.

1

04.01.2023

10

қаңтар

Трамвайда және көліктің басқада түрлерінде жүру.

1

17.01.2023

11

ақпан

Жол белгілері және жолға таңбалар салу.

1

02.02.2023

12

ақпан

Ойнауға қай жерде болады және қай жерде болмайды.

1

21.02.2023

13

наурыз

Жарақаттанған кездегі алғашқы медициналық көмек.

1

12.03.2023

14

наурыз

Жарақаттанған,жаралап алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсете білуге дағдылану.

1

23.03.2023

15

сәуір

Сен-велосипедшісің.

1

10.04.2023

16

сәуір

Қала сыртына шығу.

1

21.04.2023

17

мамыр

Көше жүргізушілер көзімен.

1

01.05.2023

18

мамыр

Қорытынды сабақ.

1

12.05.2023




Барлығы:







Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі:
3-СЫНЫП

1-2. Оқушылардың көшеде және жолда өзін-өздері ұстау ережелері.
Жолдағы тәртіп. Жүргіншілердің тротуармен жүрген кездегі міндеттері. Жүргіншіге тротуарда тап болуы мүмкін қауіп.
Өзіңді көшеде және достарыңмен, ағаңмен, апаңмен, қарт кісілермен жүргін бөлікті кесіп жүріп өту кезінде қалай дұрыс ұстау керек.
Жүргіншілер мен көлік құралдарының оң жақты қозғалысы.
Көше қиылыстары және олардың түрлері.
Көше және оның құрамдас бөліктері: жүргін бөлік, тротуар туралы әңгіме; олардың мақсаты.
Көше және оның құрамдас бөліктері: жүргін бөлік, жол жиегі, кювет туралы әңгіме.
Жүргіншілер мен велосипедшілердің жолы.
«Үй - мектеп - үй» бағдарын жасап, осы бағдардағы жүргінші үшін барлық қауіпті жерлерді көрсету.


3. Аялдау жолы және қозғалыс жылдамдығы.
Қозғалыс жылдамдығы және автомобильді тежеу. Аялдау жолы және тежеу жолы.
Жүргіншілер мен жүргізушілердің тәуліктің әртүрлі уақытындағы қозғалысының ерекшеліктері.


4. Жүргінші өтпелері.
Екі жақты және бір жақты қозғалысты жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері.
Жүргін бөлікті жүріп өту кезіндегі қауіпті жағдайлар.
Балалармен болған жол-көлік оқиғаларының мысалдары (жол полициясының материалдары бойынша). Олардың туындау себептерінің талдауы.


5. Реттелмейтін көше қиылыстары.
Реттелмейтін көше қиылысында жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері.
Реттелмейтін көше қиылысында жүргін бөлікті кесіп жүріп өту кезіндегі қауіпті жағдайлар.
Мектеп шағын ауданындағы реттелмейтін көше қиылыстары.


6. Реттелмелі көше қиылыстары. Бағдаршам.
Бағдаршамның мақсаты. Бағдаршам белгілері және олардың мәні. Бағдаршамдар түрлері.
Реттелетін көше қиылысында жүргін бөлікті кесіп жүріп өту кезіндегі қауіпті жағдайлар. Бағдаршам тарихынан.
Мектепке жақын көше қиылысына экскурсия.


7. Реттеуші және оның белгілері.
Реттеушінің белгілері және жүргін бөлігін осы белгілер бойынша кесіп жүріп өту ережелері.
Жол полициясы. Жол полициясы шешетін мақсаттар мен міндеттер. Жол полициясының инспекторы, оның жұмысы.


8. Жолды тағы қай жерден кесіп жүріп өтуге болады.
Көзге шалынатын аймақта жүргінші өтпесі немесе көше қиылысы болмаған кезде жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері.
Мұндай кесіп жүріп өту кезінде туындайтын қауіпті жағдайлар.
Жүргін бөлігін мұндай кесіп жүріп өту кезінде балалармен болған жол-көлік оқиғалары мысалдары (жол полициясы материалдары бойынша). Олардың туындау себептерінің талдауы.


9. Автобуста және троллейбуста жүру.
Жолаушылардың міндеттері.
Автобус пен троллейбусты пайдалану ережелері.
Аялдамаға қозғалыс кезінде және қоғамдық көлік құралынан (автобустан, трамвайдан немесе троллейбустан) түскеннен кейін көшені (жолды) кесіп жүріп өту ережелері.
Мектеп шағын ауданындағы автобус пен троллейбус аялдамалары.
Балалармен болған жол-көлік оқиғаларының мысалдары (жол полициясы материалдары бойынша). Олардың туындауы себептерінің талдауы.


10. Трамвайда және көліктің басқа да түрлерінде жүру.
Аялдамаға қозғалыс кезінде және трамвайдан түскеннен кейін жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері.
Бағдарлық такси, жеңіл автомобиль, мотоцикл, велосипед, жүк машинасын пайдалану кезінде өзін-өзі қауіпсіз ұстау ережелері.


11. Жол белгілері және жолға салынған таңбалар.
Жол белгілерінің жүргіншілер мен жүргізушілер үшін мәні.
Жол белгілері: «Велосипед жолы», «Велосипедпен жүруге тыйым салынған», Табличкалар.
Жолға салынған таңбалар, оның мақсаттары мен түрлері.


12. Ойнауға қай жерде болады және қай жерде болмайды.
Өздігінен жүретін құралдармен қалада және қала сыртында ойнау мен жүруге арналған жерлер.
Теміржолға жақын маңда ойнаудың қауіптілігі.
Мектеп пен үй шағын ауданының қай жерінде ойнауға болады.


13. Жарақаттанғанда алғашқы медициналық көмек.
Жарақат түрлері: сынықтар, ауыртып алулар, жаралар, жаралап алулар, күйіктер және т.с.с.
Қан ағудың түрлері: артериалдық, веноздық, капиллярлық.


14. Жарақаттанғанда, жаралап алғанда алғашқы медициналық көмек көрсете білуге дағдылану.
Қысып таңып тастау және бұрау салу жөнінен практикалық сабақ.
Орамал сияқты үшбұрыштап, айналдырып және мықтап бекітіп таңып байлау жөнінен практикалық сабақ.


15. Сен - велосипедшісің.
Велосипедте велофигуралар элементімен ойындар және жарыстар.


16. Қала сыртына шығу.
Қала сыртындағы жолмен жүргіншілер қозғалысының ережелері.
Жүргіншіге қала сыртындағы жолда төнетін қауіптіліктер.
Қала сыртында балалармен болатын жол-көлік оқиғаларының мысалдары (жол полициясы материалдарына. Олардың туындау себептерінің талдауы…


17. Көше жүргізушілер көзімен.
Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) деген не?
Жол-көлік оқиғаларының жүргіншілер кінәсінен туындау себептері:
- жүргін бөлікті белгіленбеген жерден кесіп жүріп өту, өте жақын қозғалып келе жатқан көлік алдынан бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамастан өту;
-жүргін бөлікке кедергілер (автобустың, автомобильдің, бұталардың) артынан кенеттен шыға келу;
-14 жасқа толмаған балалардың велосипедте жүргін бөлікте жүруі;
- жүргін бөлікте не оған жақын ойнау.


18. Қорытынды сабақ.
Жол қозғалысы ережелері бойынша ойын-жарыс.
Қорытындысын шығару. Үздік оқушыларды марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет