3 қосымша
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында
қалалық Абай оқуларын өткізу ережесі
Жалпы ереже
Осы Ереже жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында қалалық Абай оқуларының (бұдан әрі - оқулар) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру - әдістемелік қызметті қамтамасыз етуді, өткізу, жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін және қатысуын айқындайды.
Байқаудың ұйымдастырушысы Қостанай қалалық білім бөлімінің методикалық кабинеті болып табылады. Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі базасында 2024 жылдың 17 сәуірінде офлайн өткізіледі
Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
Абай оқуларының негізгі міндеттері Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Абай оқуларының қатысушылары
1. Барлық типтегі және түрдегі білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары оқулардың қатысушылары болып табылады.Әр мектептен 6 номинация бойынша 1 қатысушыдан өнер көрсетеді.Абай оқулары қазақ тілінде жүргізіледі.(аралас,қазақ-орыс мектептеріне ереже бірдей)
Абай оқуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1. Абай оқулары келесі 6 номинация бойынша офлайн режимінде өткізіледі:
- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу байқауы. Қазылар алқасы Абай шығармаларының ең көп жатқа білетін санына байланысты бағалайды.
- «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абайдың Қара сөздері бойынша мәнерлеп оқу байқауы. Қазылар алқасы Абай қарасөздерін жатқа білуін бағалайды.
- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы - бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармалары бойынша мәнерлеп оқу сайысы. Бұл номинацияда мәтіндерді білу, шеберлік, мәнерлілік бағаланады.
- «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін үздік орындау байқауы.
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы - өз шығармаларын орындау конкурсы: өлеңдер, әндер, күйлер.
- «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығы туралы эссе жазу байқауы.
Қатысушының теориялық білімін, шығармашылық қабілеттерін тексеру мақсатында эссе жазу үшін 3 арнайы тақырып ұсынылады. Оқушылар тақырыптардың бірін таңдап, эссені 1 сағат 30 минут ішінде орындайды. Жіберілген жұмыстар антиплагиатқа қарсы тексеріледі. Антиплагиатқа қарсы тексеру үшін алынған сенімділік пайызы жалпы балл шығарылған кезде ескеріледі.
2. Абай оқулары 3 кезеңде өткізіледі:
І кезең – аудандық (қалалық)
ІІ кезең – облыстық
ІІІ кезең – республикалық, қорытынды.
3. Абай оқуларын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
4. Қазылар алқасының құрамына ҚББ әдіскерлері,сарапшы мұғалімдер,жорналшылар мен өнер саласындағы мамандар кіреді.
5. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды, Абай оқуларын ұйымдастыру мен өткізуді жетілдіруде ұсыныстар енгізеді.
6. Абай оқуларынының қалалық кезеңіне өтінім жіберу 2024 жылдың 03 сәуіріне дейін osh27@kst-goo.kz , mensulu.1974@mail.ru, kazakh@kst-goo.kz электрондық поштасына ұсынылған жазбаша өтінімі негізінде жүзеге асырылады. Жауапты мұғалімдердің ұялы телефондары (+7 778 167 1425; +7 747 684 6757; +7 701 133 2674)
Өтінім нысаны
№
|
Мектеп атауы
|
Оқушының Т.А.Ә (туу туралы куәлікке толық сәйкес келуі тиіс)
|
Жетекші мұғалімнің Т.А.Ә. (толығымен
|
Номинация
|
Номинация бойынша жаттаған өлеңдерінің тақырыбын,қара сөздің санын, өлеңдер, әндер, күйлер санын,тақырыбын жазу керек.
|
1.
|
|
|
|
|
|
V. Қорытынды шығару және марапаттау
1. Конкурстың аяқталу қорытындысы бойынша нәтижелер Қостанай қаласы білім бөлімінің сайтында (фейзбук,инстаграм) орналастырылады.
2. Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қостанай қаласы білім бөлімі басшысының мадақтамасымен марапатталады.
3. Барлық қатысушыларға сертификат беріледі.
4. Қалалық кезеңнің жеңімпаздары Облыстық «Абай оқулары» байқауына қатысуға ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |