Өткізілген іс-шара бойынша есеп Өскемен қаласы әкімдігінің «№30 жалпыбілім беретін мектебі»



Дата07.01.2024
өлшемі1.04 Mb.
#488614
Тілдер күні іс-шара есеп


Өткізілген іс-шара бойынша есеп

Өскемен қаласы әкімдігінің «№30 жалпыбілім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Қазақстан Республикасы Халқының Тілдер күні онкүндігіне орай мектепішілік жоспарға сәйкес онлайн іс-шаралар ұйымдастырып, өткізді.


5.09.2022 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған мектепішілік іс - шараның салтанатты ашылуы:мектеп директоры мен ОІМ.


Биыл екінші рет Тіл мерекесін 5 қыркүйекте тойлап отырмыз. Атаулы датаның бұл күнге ауыстырылуының да өзіндік себебі бар. 5 қыркүйек – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп тіл жанашыры қазақ әліпбиінің атасына айналған Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар Тіл мерекесін қазақ халқының біртуар азаматының туған күнінде тойлайтын болады.
Айта кетейік, 2017 жылғы қазан айының 31 жұлдызында «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің №689 қаулысымен Қазақстан Халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланатын болып ресми бекітілген еді. Бұрын бұл мереке қыркүйек айының үшінші жексенбісінде тойланатын.
Ақпарат беру:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысы туралы
2. Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы 1997 жылы 11 шiлдедегі № 151-I 2008.21.11.
3. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысы.
Жоспарға сәйкес бастауыш сынып қазақ тілі мұғалімдері Г. Миржакупова, Г.Корыкбасова, І.Қызыр 2-3 сыныптар арасында ашық сабақтар мен іс шара ұйымдастырды. Н.С. Мухадиева ,В.Р.Абилмажинова даярлаған «Жүзден- жүйрік, мыңнан- тұлпар» сайс сабаққа оқушылар белсенді қатысты. Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту мақстында «Шаттық күн» шарасын ұйымдастырылды. Оқушыларға қазақ тілі мұғалімдері сыйлықтарды 3 тілде атауды талап етіп , Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеуге баулыды.
Шараны ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Тұрабаева А.С., Сагандыкова М.А.тапсырма сұрақтарын дайындап балаларды қызықтырып ойнатты . Сайыс кезінде 9 «А» сынып оқушысы Рулев Ярослав, 8«Д» Изотов Семен қазақ тілі бойынша өз білімдерін өте жоғары деңгейде көрсете білді.
6-шы сыныптар арасында «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты сайыс-сабақ өткізілді. Пән мұғалімдері Иманбаева Ж.,Слямова Г., Иксанова А. оқушылардың қазақ тілінде жетік сөйлеуіне аса назар аудара отырып, ауызша тапсырмалар орындатты. Сайыс жоғары дәрежеде өтілді.
28.09.2022 жылы 6-сыныптар аралығында қазақтың ұлы жазушысы
Мұхтар Әуезовтің 125-жылдық мерейтойына арналған «М.Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» атты іс-шара өтті. Шара барысында жазушының өмір жолына қатысты тың ақпараттар берілді. Оқушылар М.Әуезовтің шығармашылық мұрасы аясында викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Көксерек» әңгімесі желісі бойынша дайындалған түрлі әдеби, тілдік тапсырмаларды орындады. Мерекелік іс-шара соңында қатысушы оқушылар мен ұстаздар өз алған әсерлерімен бөлісіп, белсенділік танытқан топтар марапатталды.


Іс-шарадан фотоесеп:













Апталықтың қорытындысы бойынша оқушылар мадақтама грамотасымен марапатталды. Әдістемелік бірлестікте нәтиже талқыланып, ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта әдеби танымдық іс-шараларды ұйымдастыруда барлық сынып оқушыларын қатыстыруды, көпшілік алдына көп шыға бермейтін оқушыларды қатыстыру, оқушылардың ақындық, шығармашылық қабілеттерін дамыту жоспарланды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет