Жалпы білім беру пәндері – 2 кредит



бет1/3
Дата25.06.2016
өлшемі428.5 Kb.
#158056
  1   2   3

Қазақстан Республикасының

білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы

Семей мемллекеттік университеті



3 дәрежелі СМЖ құжат

№1 басылым «__» ___ 20__ж.

Ф 042-05.1.10.03-2011-01

Элективті пәндер каталогы





Бекітемін

Оқу ісі жөніндегі проректор_________Б.А.Рскелдиев

«____» _____________ 20_ жыл

Мамандық 5В073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының



ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ



п/п


Пән коды

Пәндер мен циклдардың атауы

Пәндердің қысқаша мазмұны



1

2

3

Жалпы білім беру пәндері – 2 кредит

1

Pci 0101

Психология

Кредит саны-2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны-3



Пререквизиттер- жоқ

Постреквизиттер- «Философия», «Әлеуметтану».

Оқыту мақсаты: Психологияның заты мен объектісін, субъективті және объективті нақтылықтың қатынастарын оқып үйрену.

Қысқаша мазмұны: Психологияның заты мен объектісі. Субъективті және объективті нақтылықтың қатынасы, психология және ағза, жанның психикалық белсенділігі, қызметтің және өзін-өзі ұстау психикасы, жеке тұлға және жеке тұлға аралық қатынас.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі:

  • жалпы психололгияның негізгі түсініктерін;

  • психологиядағы бар әртүрлі бағыттар мен теориялардың мазмұнын;

  • бүгінгі психикалық процесстердің теориялық және қолданбалы ерекшеліктерін;

  • педагогикалық процесте тұлға мен ұжымды зерттейтін негізгі әдістерді білуі керек.

Іскерлігі:

  • окыту және тәрбиелеуге тікелей немесе жанама қатысы бар бір жүйеге келтірілген психология ғылымының жалпы ұғымдарын студенттер менгеруі керек;

  • психологиялық көріністі психологиялық зандылықтарға негіздей отырып талдау.

Дағдысы:

  • тұлғаның өзін-өзі дамыту деңгейін, кәсіби дағдыларын жетілдіруде психологиялық зерттеу әдістерін практикада пайдалану.

Құзіреттілігі: Студенттер өздігінен жұмыс істеу кабілеттерін арттырып, қажетті әдебиеттерді оқып үйреніп, өзіндік ептілігі мен білімін көрсетулері керек.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Бураханова А.Т.

2

OOT 0102

Өзін-өзі тану

Кредит саны-2 (0+2+0), ECTS бойынша кредит саны-3



Пререквизиттер-жоқ

Постреквизиттер- жоқ

Оқыту мақсаты: Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізу.

Қысқаша мазмұны: Өзін өзі танудың мақсаты мен шешімдері. Орта мен жеке тұлғаның көп жақты ашылу мүмкіншілігі. әлеуметтік және жеке өмірдің потенциал маңыздылығы. Кәсіптік өзін бекіту.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Адамгершілік құндылықтар және өмір, Отан, отбасы, намыс, абырой, сабыр, үміт, сенім, ынтымақ, жауапкершілік, парыз, арман, ақиқат туралы терең білімге ие болады;

Іскерлігі: Өзінің мінез-құлқын, физикалық және психикалық жағдайын еркін басқарады, эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алады, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана біледі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алады.

Дағдысы: Өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін түсіне отырып, өзара адами қарым-қатынастарды тани алу және оны бағалай алу дағдысы.

Құзіреттілігі: Нақты жағдаятты бағалай біледі, түрлі мәселелер шешіміне іздестіру жүргізе алады, қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба біледі.

Бағдарлама жетекшісі: Психология кафедрасының оқытушысы Кейкова Толқын Қызырбековна

3

Mad 0103

Мәдениеттану

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны –3



Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер –жоқ

Оқыту мақсаты: Негізгі мәдениеттік категорияларды ашу, теорияларды, концепцияларды. Мәдениеттік білімнің негізін құрау.

Қысқаша мазмұны: Мәдениеттанудың заты және әдістері, мәдениет маңызы және тұлғасы, мәдениет тілі, адам өмірі мәдениет сияқты. Бірінші быталық мәдениет, Ежелгі шығыс мәдениеті, Ежелгі Грек және Рим мәдениеті, ортағасырлық мәдениет, Қайта жаңғыру дәуірімен Реформация мәдениеті, жаңа дәуірдің европалық мәдениеті, ХХ ғасыр мәдениеті. Қазақ мәдениетінің шығуы, қазақтардың салт-дәстүр мәдениеті, қазіргі қазақстандық мәдениет, Қазақстанның Евразиялық мемлекет ретінде әлеуметмәдениеттік жетістіктері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Мәдениеттанудың негізгі категорияларын және түсініктерін біледі.

Іскерлігі: Өздігінен мәдениеттік өзгерістердің мәнісінің және мағынасының талдай алады, отандық және әлемдік қоғам ішінде.

Дағдысы: Мәдениет және ұлт аралық қатынаста білімін іс жүзінде қолдана алады.

Құзіреттілігі: Негізгі және жалпы білімдік білімі бар, конфликтті жағдайларды өздігінен шеше алады. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін түсіне алады.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы С.Кудратова.

4

Ped 0104

Педагогика

Кредит саны-2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны-3



Пререквизиттер-жоқ

Постреквизиттер- жоқ

Оқыту мақсаты: Студенттерге кәсіби іс-әрекеттеріне қажетті педагогикалық білімнің негізін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Қоғамның әлеуметтік экономикалық жаңаруы кеңестік дәуірдің барлық саласына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бұл білім беру саласына да әсерін тегізді.

Аталған курс педагогиканың белгілі бір мәселелерін толықтырады. Дәріс курсы мүғалімнің кәсіби дайындағымен және педагогикалық іс-әрекетіне, ұстаздың педагогикалық процеске, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды шығармашылықпен және ізгілік демократиялық идеясымен тығыз байланыста жүзеге асады. Болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұнына шығармашылық ізденісті күшейтуге, білім берудің жаңа технологиясын ендіруге қазіргі тенденция ескерілді.



Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Педагогикалық ғылымдар жүйесі туралы, оның қағидалары, міндеттері мен құрылымы; педагогикалық зерттеу әдістерін; педагогика ғылымының категориялық құрылымын білуі керек.

Іскерлігі: Педагогикалық жағдайларға талдау жасай білу.

Дағдысы: Педагогиканың заңдылықтары мен принциптерін қолдана білу.

Құзіреттілігі: Педагогикалық білімін кәсіби әрекетінде қолдана алуы.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Бураханова А.Т.

5

MTIKJ 0105

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3 Пререквизиттер – жоқ



Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы» (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттің бағдарламасы» (2011), «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (2011), т.б. да заңнамалық актілерді игеру мен жүзеге асыруға оқу – тәжірибелік негіз жасауды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Іс қағаздарының стилі, олардың сипаттамалары. Қазақ тіліндегі іс қағаздарының тарихы туралы. Құжаттарды толтыру талаптары. Іс қағаздарының классификациясы: мазмұны, толтыру орны, орындау мерзімі, атауы, формасы, заңдық күші, құпиялығы. Еңбек қатынастарын толтыру. Өтініш, автобиография, түйін, мінездеме, жұмыс мінездемесі, келісім-шарт формасы. Еңбек келісім-шарт толтыру ережесі. Бөлу таратылымы, ұйымдастыру қабілеттілігі бойынша құжат. Негізгі бөлім бойынша жеке құрам бойынша бұйрық, протоколдар, информациялық-аналитикалық құжат. Жұмыс аралық хаттар, телефонограммалар, хабарламалар, хаттар, түсініктемелер, анықтамалар, акттер. Азаматтық қатынасты реттейтін құжаттар: жеке өтініш, қолқат, кепіл хаттар.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Құжат, оның түрлері мен үлгілерін дұрыс толтыра білуді меңгереді

Іскерлігі: Маңызды нормативтік әдістемелік құжаттарды бірізге келтіру, стандарттау, рәсімдеу ерекшеліктері мен оларды қозғалысқа келтіру тәртібін игеру нәтижесінде құжаттама қызметінің құрылымын, міндеттерін, лауазымдық құрылымын іс қағаздарын толтыруда дұрыс жазуға икемділік қалыптасады.

Дағдысы: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқып, игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзіреттілігі: Іс жүргізу қағаздарын атқарушы қызметкерге құжаттардың келіп түскенінен бастап, оның толық іске асуына дейінгі аралықтағы іс жүргізу жұмысының тәртібін орындаудың жолдарын үйренеді.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы, филол.ғ.к. Секей Ж.

6

Val 0106

Валеология

Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3



Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Денсаулық біртұтас құрылым, салауатты өмір салтының негіздері, ауырулардың алдын алу және нығайту жолдарын, салауатты өмір салтын қалыптастырудың үрдістерін зерделейді.

Қысқаша мазмұны: Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік медицина. Денсаулық бұзылуының әлеуметтік-гигиеналық проблемасы. Денсаулық және өмір негізі. Медециналық көмектің негізгі бағыттау ұйымы. Дәрігер әлеуметтік портнаж ұйымы. Репродукцияның паталогиясы мен физиологиясы. Валеологиялық қызмет көрсету ұйымы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Валеологияның теориялық және әдістемелік негіздері, денсаулық, оларды қалыптастыратын, нығайтатын және бұзатын факторлар туралы білімін жетілдіру. Қоршаған орта және ағза дамуындағы заңдылықтарының тығыз байланысын анықтау. Студенттердің физикалық және психикалық жетілу заңдылықтарын оқып зерттеу.

Іскерлігі: Жеке бас гигиена ережелерін білу, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалытастыру үрдістерін анықтау. Студенттердің еңбек және демалыс тәртібінің оптимизациясы және түзетілуі бойынша ұсыныстар әзірлеу, олардың денсаулығына санды және сапалы баға беру.

Дағдысы: Студенттер мен ата-аналарының салауатты өмір салты мотивациясын қалыптастыру. Студенттер мен ата-аналарын дені саулыққа баулу.

Құзіреттілігі: Денсаулықты сақтау және нығайту тәсілдері, олардың сарқылмас жолдарын жасау, денсаулықты қайта қалпына келтіру, адам өміріне әсер ететін факторлар жөнінде білімін қалыптастырады.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы А. Нурсафина

7

EAShHEK 0107

ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастар

Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.



Пререквизиттер-жоқ

Постреквизиттер-жоқ

Оқыту мақсаты: «ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» теориялық мәселелерін, заңдылықтарын және тәжірибелік мәнін зерттеу болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Еуразиялық экономикалық қауымдастық: мақсаттары, құрамы, құрылымы.ЕурАзЭҚ шеңберіндегі еркін сауда режимі. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру. ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ экономикалық кеңістік құру.Ортақ экономикалық кеңістік ұғымы. Өзара келісілген экономикалық саясат жүргізу. Экономиканың нақты секторындағы өзара әрекет. Энергетикалық нарықты қалыптастыру және бірлесіп дамыту. Агроөнеркәсіптік сектордағы өзара әрекет. Қызмет көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық.ЕурАзЭқ және БҰҰ. ЕурАзЭҚ және Еуропалық одақ. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік кеден ұйымы. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік банк, Еуропалық даму және реконструкция банкі арасындағы қарым-қатынас. ЕурАзЭҚ және ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық. ЕурАзЭҚ елдерінің ғылыми ұйымдарының өзара әрекеті. Интеграциялық мәселелерді ғылыми–теориялық негіздеу. Интеграция мәселелері бойынша кадрлар дайындау.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: ЕурАзЭҚ идеясымен, оның іске асу барысымен, оған мүше елдерін, ЕурАзЭҚ шеңберіндегі әртүрлі салалар бойынша қарым-қатынас мәселелерінбіледі.«ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» негізгі теориялықтұжырымдамаларынжәне нормативті –құқықтық базасын біледі.

Іскерлігі: Өз бетімен экономикалық ойлау мен талдау қабілетіне ие болады, экономикалық саясаттың өзекті мәселелерін зерттеуге ұмтылады.

Дағдысы: Халықаралық экономикалық қатынастар аясында алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға дағдыланады.

Құзіреттілігі: Базалық және жалпы білімін, алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану қабілеттілігін,халықаралық экономикалық қатынасты ұйымдастыру мен басқару мәселелерінде біліктілігін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы С.Қ. Жұмашбекова




8

Shak 0108

Шәкәрімтану

Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3



Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Шәкәрімтану пәні Абайдың ақын шәкірті, ойшыл, философ, композитор, тарихшы, шежіреші Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын таныту. Ақын мұрасының әлі ашылмай келе жатқан жаңа қырларын айқындай түсу. Шәкәрім шығармашылығындағы руханилылық мәселесіне ерекше зер салу. Қазақ әдебиетінің бас ақыны, ұлы тұлға Абаймен тамырластығы ой сабақтастығына назар аудару. Көптің бірі емес, бірегей ақынды танып қана қоймай, әлемдік деңгейде танытуға ынталандырып, талаптандыруды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы. Ақын шығармашылығының ХІХ-ХХ ғасырдағы әдеби процеспен үндестігі. Әдеби мұраларының тарихпен, әдебиетпен, руханиятпен байланысы. Шәкәрім – ақын, философ. Ақынның қайраткерлігі. Шәкәрім туралы ой-пікірлер, көзқарастар. Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі. Зерттеушілердің қозғаған басты тақырыптары, проблемалары. Ұлттық айшық, бейнелілік.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы және көркем туындыларының мәтінімен танысып, олардағы көркемдік, эстетикалық, танымдық, әдеби-тарихи, т.б. да құндылықтарды меңгереді.

Іскерлігі: Шәкәрімнің дарыны мен нәр алған рухани өзегімен танысып, Шәкәрімтанудың тарихы, өзекті мәселелері мен салалары жайлы мағлұмат алады. Шәкәрімнің шығармашылық өмір жолын оқып білу арқылы зерттеушілік қабілеттері ашылады.

Дағдысы: Шәкәрімтанудың салаларын меңгеруге, әдебиет тарихындағы Шәкәрім мұраларының алар орнын жан-жақты оқып игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзіреттілігі: Шәкәрімнің Абай дәстүрін жалғастырудағы және өзіндік әдеби тағылым қалыптастырудағы кемеңгердің әдебиетте алар орнын танып біледі. Теориялық білімді практикамен ұштастыруға үйреніп, әдеби-зерттеу жұмысын меңгереді.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы, филол.ғ.к., доцент Ж.М.Әубәкір




Базалық пәндер – 21 кредит

1

GGM 0201

Гидравлика және гидравликалық машиналар

Кредит мөлшері 3 (1+1+1), ЕСТS бойынша кередит саны - 5



Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер - «Процесстер және аппараттар 1, 2».

Оқыту мақсаты: Гидравлика және гидравликалық машиналар саласында практикалық тәжірибені және теориялық білімді алу. Құрылыс материалдарын өндіру саласындағы гидромеханизацияның есептерін инженерлік әдіспен шешуді үйрену.

Қысқаша мазмұны: Жалпы түсінік және анықтама. Гидростатика. Кинематика негізі. Газдар мен сұйықтар қозғалысының негізгі теңдеуі. Қозғалу режимі. Основы кинематики. Основные уравнения движения жидкостей и газов. Режимы движения. Гидродинамикалық ұқсастық негізі. Гидравликалық кедергілер. Тесіктерден сұйықтардың ағуы. Құбырларда сұйықтардың қозғалысы, негізгі есептік шешімдер. Қарапайым және күрделі құбырлардың гидравликалық есебі. Орнықтыланбағаг қозғалыс. Гидравликалық соққы, Н.Е.Жуковскийдің формуласы. Гидравликалық машиналар. Әсер ету принциптері, классификациясы. Ортадан тепкіш сораптар. Құрылғы, әсер ету принциптері, классификациясы. Ортадан тепкіш сораптар теория негізі. Сораптарды таңдау. Поршенді сораптар. Жалпы түсінік. Ауалық қақпақтар. Индикаторлық диаграмма. Ротационды сораптар. Жалпы түсінік. Алтықырлы, пластиналық және винттік сораптар. Гидроберілістер

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Гидравликаның негізгі заңдарын, гидрожетекті жүйенің қолданысын, гидравликалық машиналардың негізгі теорияларын, құрылымы және жұмыс істеу принциптерін біледі.

Іскерлігі: Гидрожетек, сумен қамтамасыз ету және гидротасымалдау саласындағы және басқа гидромеханизация мәселелерін шеше алу.

Дағдысы: Құрылыс материалдарын өндірудегі гидромеханизацияның мәселелерін инженерлік әдіспен шешу.

Құзіреттілігі: Құрылыс материалдарын өндіруде гидромеханизация шешуде инженерлік әдістерінің дағдысы бар.

Бағдарлама жетекшісі: Доцент Масленников С.Л.

2

ZFA 0202

Зерттеудің физикалық әдістері

Кредит мөлшері -3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны-5

Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер - «Құрылыс материалдарының химиясы».

Оқыту мақсаты: Затты зерттеу туралы жалпы мәліметтер. Заттың химиялық құрылысын және идентификациясын анықтау. Заттардың химиялық және физикалық қасиеттерінің байланысы. Физикалық әдістерді ғылыми зертеуде қолдану, зерттеу процесстерінің автоматтандырылуы. Жаңа физикалық әдістерді құрастыру және еңгізу.

Қысқаша мазмұны: Заттарды зерттеудің әдістері туралы жалпы түсінік. Заттардың химиялық түзілуін орнату және идентификация. Химиялық түзілуімен заттардың физикалық және химиялық құрамының байланысы. Физикалық әдістері ғылыми зерттеуде қолдану, зерттеу процесін автоматтандыру. Жаңа арнайы физикалық әдістерді әзірлеу және енгізу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Физикохимиялық өлшем бірліктерді өлшеуін білу. Іскерлігі: Өлшеу саласында өз бетімен физикалық бірліктерді және аппаратураларды түсінеді.

Дағдысы: Әртүрлі бірліктерді өлшеуде қолданылатын физикалық әдістерді және бақылау әдістерінде практикалық икемі бар.

Құзіреттілігі: Физикалық өлшеу және өлшемдердің сапа бағалау саласында негізгі білімі бар, білімін практикада іске асыра алады.

Бағдарлама жетекшісі Доцент к.н.т Сатиева Б.Г.

3

JTeh 0203


Жылу техникасы

Кредит мөлшері - 3 (2+1+0), ЕCTS бойынша кредит саны – 5



Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер – «Құрылыс материалдарын өндіру кәсіпорынын жобалау».

Оқыту мақсаты: Жылу энергиясын алу, тасымалдау, өндіру және қолдану саласында мамандарды жылутехникалық қондырғыны экономикалық тиімді тұрғыдан қарағанда жобалайтындай, таңдай алатынтай және қолдана алатындай дәрежеге дейін үйрету.

Қысқаша мазмұны: Қайтарылатын және қайтарылмайтын процестер. Жылусыйымдылық. Термодинамиканың бірінші және екінші заңы. Нақты газдар мен булардағы термодинамикалық процестер. Жылуды тасымалдау түрлері. Жанармай, жану негізі. өнеркәсіптік жағу құрылғылары.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі. Энергия ауысымының негізгі заңдары, термодинамика және массаалмасудың негізгі заңдары;
- термодинамикалық процесстер және циклдар;
- саладағы қолданылытын жұмыс денелерінің негізгі қасиеттері;
- жылуалмасу аппараттардың, жылусилосты қондырғыларының және т.б. жылуалмасу құрылғылардың құрылымы және жұмыс істеу принципі;

Іскерлігі: Саладағы жылусилосты қондырғыларының және т.б. жылуалмасу құрылғылардың жұмыс процесстерінің термодинамикалық есептерін жүргізе алады;
- жылуалмасу құрылғылардың теплогидравликалық есептерін жүргізе алады;

Дағдысы: Жылумен қамтамасыз ету саласында тиімді жүйелерді таңдай алу және есептей алу, энергияны алу және қолдану, суыту және термостатирлеу жабдықтарының рационалды жүйелері;

Құзіреттілігі: Энерго қондырғыларының жылу режимдерін есептеу, қосылыстарын және элементтерін.

Бағдарлама жетекшісі: Т.ғ.к Степанова О.А.

4

OEk 0204

Өндірістік экология

Кредит мөлшері 3 (2+1+0), ЕСТS - 5



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – «Еңбек қорғау».

Оқыту мақсаты: Адамның еңбегі қолайлы болу үшін модельдеу және қоршаған ортаға өндірістердің әкелетін зиянын өлшеу саласында негізгі білім дәрежесімен қамтамасыз ету.

Қысқаша мазмұны: Пәні, құрырылымдық бөлімі, ғылыми-әдістемелік принциптер, мәні, еңбекті қорғаудағы анықтамалар және терминдер. Өндірістегі еңбекті қорғаудағы жағдайларды қадағалау және бақылау қызметін ұйымдастыру. Еңбекті қорғаудағы заңдылықты және нормативтік актлер.еңбекті қорғау бойынша қызмет ететіндерді оқыту. Еңбекті қорғау нормасын бұзушы үшін жауапкершілік, травматизм және проф аурулар туралы түсінік. Өндірістік ортаның метрологиялық шарттары. өндірістік жарықтандыру, нормалау, есептеу. өндірістік шу, діріл, адамға әсері, қорғау шарасы. Электр қауіпсіздік. Жану туралы негізгі мәлімет, жарылыс өрт қауіпсіздігі, жарылыс өрт қауіпсіздік бөлмелеріндегі жабдықтар,имараттар мен ғимараттардағы найзағайдан қорғау. өртке қарсы негізгі шаралар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет