Ауру туралы түсінік. Ауру - өсімдік патогені сыртқы ортаның бір-бірімен байланысында туатын патологиялық үрдіс. Өсімдікте жүретін патологиялық үрдіс нәтижесі - аурудың сыртқы белгісі.
және жалпы (диффузды) аурулар негізінде болатын сыртқы белгілер: шіріктер, дақтар, өңездер, ісіктер, солу және т.б.
Өсімдікте патологиялық үрдістің білінуі. Ауру өсімдіктердің пато-логиялық-морфологиялық және анатомиялық өзгерістері: түтік жүйелері өзгеруі
және ткандердің ыдырауы, гипертрофия, гиперплазия,
флоэманың жансыздануы, хлорофилл мен крахмалдың ыдырауы және т.б.
Өсімдіктегі патологиялық-физиологиялық өзгерістер, негізгі үрдістер - қоректену,
фотосинтез, транспирация, клетка шырынындағы осмос қысымы,
тыныс алу, көмірсулар мен белок айналымының бұзылуы.
Ауру өсімдіктегі патологиялық, биохимиялық өзгерістер. Өсу заттарының балансында және клетка шырынының қышқылдығында гидролитикалық, протеолитикалық және тотығу
ферменттері қызметінің бұзылуы, витаминдер құрамының өзгеруі.
Өсімдіктің биологиялық негізделуінде және қорғау шараларын ұйымдастыруда ауруларды ерте және дұрыс анықтаудың ролі.
Өсімдік ауруларының жіктелуі. Аурудың этиологиялық топтары, аурудың зияндылығы.
Өсімдіктің жұқпайтын (инфекциялы емес) аурулары
Жұқпайтын ауруларға сипаттама. Қоршаған ортаның өсімдік талабына сай келмеуі. Су және қоректік заттардың өсімдікке қажетті мөлшерінен ауытқуынан болатын аурулар. Хлороз, оның түрлері.
Өсімдікке жарық, топырақ пен ауаның жоғары температурасының әсері. Өсімдік күйігі.
Төмен температура салдарынан болатын аурулар. Ағаш жарықтары және қабықтың ыдырауы. Сүректің тоңазуы және қабықтың үсуі.
Топырақ пен ауа ылғалы мөлшерінен туатын аурулар. Өсімдіктің солуы және ағаш ұшының қурауы.
Өсімдікте су мен қызу режимінің бұзылуы нәтижесінде жапырақ түсінің өзгеруі және уақытынан ерте түсуі, некроз түзілуі.
Механикалық зақымданудан пайда болатын аурулар және олардың түрлері:
желден құлау, қар әсерінен сыну т.б. Шайырлану және шырыштану, олардың ерекшеліктері мен себептері. Өсімдіктің азғындау құбылысы.
Тұқымды, көшеттерді, тұқымдық материалдарды және вегетациялық өсімдікті
өндеуде фунгицидтерді, инсектицидтерді және гербицидтерді дұрыс қолданбаудан болатын патологиялық үрдістер түрлері.
Ауа мен топырақтағы зиянды заттар әсерінен туатын өсімдік аурулары.
Түрлі сәулелер ықпалы.