Жалпы медицина



Дата20.10.2022
өлшемі16.95 Kb.
#463052
3-003 Бейсен Дарын 2-СРСП


Қарағанды медицина университеті
Жалпы медицина
3-003 топ, Бейсен Дарын
2. Ауруханаға 14 жастағы жасөспірім ауыр халде термиялық күйіктің II дәрежесімен түсті. Дене беткейінің 30% зардап шеккен. Есі тұнжыраған, АҚ 80/50 мм.с.б.б., пульсі 120 минутына, әлсіз. Тынысы жиі, беткейлік, дене температурасы 35,7°С. Қан анализі: эритроциттер -5,2х1012/л, НЬ – 105 г/л, лейкоциттер- 20х109/л, гематокриттік көрсеткіш – 0,52.

Науқаста сілейменің қай түрі дамыған және қандай түрлерін білесіз?


Жауап: Даму типтеріне қарай сілейменің ауырулық, сұйықтық және психогендік түрлері ажыратылады. Есепте берілген науқаста ауырулық шок, яғни атап айтсақ, соның ішінде күйіктік шок дамыған.
Науқаста дамыған гемоконцентрацияның маңызы қандай, патогенезін түсіндіріңіз.
Науқаста қалыптасқан сілейме кезінде мынадай тізіммен патогенезін түсіндіре аламыз:
Ең әуелі күйген аймақ сырты арқылы қан тамырларынан сұйықтың көп шығуы болып, айналымдағы қан мөлшері азаяды. Сол себепті дәл осы есепте берілген күйіктік сілейме кезінде қан қоюлануы мүмкіндігі жоғарырақ болады. Сәйкесінше күйіктік сілейме кезінде пациентке қан құймай, плазма не физиологиялық сұйықтық құю арқылы эритроциттерді ажырату керек.
Күйген аймақтағы тіндердің ыдырау өнімдері қанға түсуі салдарынан ауыр токсемиялық жағдай қалыптасады. Осы себепті, көп сұйық құйып, ағзадағы уыттылықты жоюға тырысу керек.
Эритроциттер гемолизі күшейетіні бір ауыздан белгілі, сондықтан бүйрек жеткіліксіздігі даму ықтималдылығы жоғары. Мұндайда гемодиализ және гемосорбция жасау керек.
Науқаста қалыптасқан гематокриттік көрсеткіш 14 жастағы жасөспірім нормасынан (0,40) біршама жоғары.
Тест 2-нұсқа

1. Жасуша зақымдануының көрсеткішіне жатады:


A. жасуша рН жоғарлауы
B. жасуша ішілік калий ионы концентрациясының жоғарлауы
C. жасуша ішілік кальци ионы концентрациясының жоғарлауы
D. жасуша ішілік кальци ионы концентрациясының төмендеуі
E. жасуша ішілік натрий ионы концентрациясының төмендеуі
2. Жасуша зақымдануы оның генетикалық бағдарламасының өзгеруі нәтижесінде дамиды:
A. гендердің делециясы
B. патологиялық гендердің репрессиясы
C. қалыпты гендердің экспрессиясы
D. гендер құрлымының өзгерісі
E. гистосәйкессіздік кешеннің басты гендер экспрессиясы кезінде
3. Жарақаттық сілейме патогенезінде басты механизм:
A. токсемия
B. гиповолемия
C. аурулық қозу
D. септикомия
E. тамырлар өткізгіштігінің артуы
4. Стрессорлар әсерінен дамиды:
A. тимус эволюциясы
B. бүйрек үстінің атрофиясы
C. лимфоидты тіннің гиперплазиясы
D. 12 елі ішек және асқазан ойық жарасы
E. лимфоидты тіннің гиперплазиясы
5. Жалпы адаптациялық синдромның резистенттілік сатысына тән:
A. гипофиздің алдынғы бөлімінің атрофиясы
B. бүйрек үсті қыртысты қабатының гиперплазиясы
C. қанда кортикотропин деңгейінің тұрақты төмендеуі
D. қанда глюкокортикоидтар төмен деңгейі
E. симпатикалық жүйке жүйе белсенділігінің төмендеуі
6. Сілейменің торпидік сатысына тән:
A. Гипорефлексия
B. Гиперрефлексия
C. Симпато – адреналды жүйенің белсенуі
D. Гипоталамо – гипофизарлы жүйенің белсенуі
E. Симпато – адреналды жүйе белсенділігінің төмендеуі
7. Кома кезінде орталық жүйке жүйесі қызметі бұзылысы дамуының дұрыс ретілігі:
A. Терең естен тану, сопор, есінен шатасу, психикалық жайсыздық
B. Психикалық жайсыздық, есінен шатасу, сопор, терең есін жоғалту
C. Естен шатасу, терең есін жоғалту, сопор, психикалық жайсыздық
D. Психикалық жайсыздық, сопор, естен шатасу, терең есін жоғалту
E. Терең есін жоғалту, естен шатасу, сопор, психикалық жайсыздық
8. Сілейменің эриктильді сатысындағы гемодинамикалық өзгерітер:
A. Қан ағысының төмендеуі
B. Жүрек шығарлымның жоғарлауы
C. Артериялық қысымның төмендеуі
D. Артериялық қысымның жоғарлауы
E. Айналымдағы қан көлемінің төмендеуі
9. Сілейме кезінде қанның патологиялық деполануы байқалады:
A. өкпеде
B. жүректе
C. Сүйек кемігінде
D. Аяқ тамырларында
E. Құрсақ қуысы ағзаларындағы тамырларда
10. Экстремальды жағдайға жатады:
A. Преагония
B. Агония
C. Кома
D. Клиникалық өлім
E. Биологиялық өлім

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет