Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. «Қазақ тілі» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет5/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246
74-132



2-тарау. «Қазақ тілі» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «Қазақ тілі» оқу пәнінің мазмұны

4. Қазақ тілі пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:



  1. 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағат;

  2. 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағат.

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. Оқыту мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:

  1. тыңдалым және айтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормасы.

6.»Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
3) негізгі ойды анықтау;
4) тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау;
5) сөйлеу мәдениетін дамыту.

  1. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. ақпаратты түсіну;

  2. мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;

  3. мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;

  4. мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;

  5. мәліметтерді өңдей білу;

  6. әртүлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.

  1. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. әртүлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу;

  2. жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;

  3. эссе жазу;

  4. оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;

  5. шығармашылық жұмыс;

  6. мәтіндерді түзету және редакциялау.

  1. Әдеби тіл нормасы бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1. орфография;

      2. орфоэпия;

      3. лексика;

      4. грамматика;

      5. пунктуация.

  2. 10-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінің базалық мазмұны:

1) тыңдалым және айтылым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру, мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау, мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық-морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану;
2) оқылым: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау, ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері), әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу, ауызекі сөйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолдану, публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу, ресми ісқағаздары тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде), мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу, белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу, БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу;
3) жазылым: жоспар түрлерін құру (қарапайым, күрделі, тезистік), ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру, ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі және т.б. мәтіндер құрастыру, ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, баяндама, мақала, лекция, баяндама тезистері, аннотация, түйіндеме, рецензия және мәтіндер құрастыру, публицистикалық стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, информациялық хабар, очерк, памфлет жазу, көркем әдебиет стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер құрастыру (таңдау бойынша), мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, эссе түрлерінің құрылымын сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша өзіндік пікір жаза білу, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу), әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу, жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау;
4) әдеби тіл нормалары: орфографиялық нормаға сай жазу, сөздерді фонетикалық принцип негізінде жазу, сөздерді морфологиялық-фонематикалық принцип негізінде жазу, сөздерді тарихи-дәстүрлік принцип негізінде жазу, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте), сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (үтір, нүктелі үтір, жақша, қос нүкте, тырнақша, сызықша).

  1. 11сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінің базалық мазмұны:

1) тыңдалым және айтылым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу, мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру, мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау, мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу, сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық-морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану;
2) оқылым: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау, таза ғылыми және публицистикалық стильдерін тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы), әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу, ауызекі сөйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолдану, публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу, ресми ісқағаздары тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде), мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру, белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу, БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау, дәйексөз келтіру жолдарын білу;
3) жазылым: жоспар түрлерін құру (күрделі, тезистік, тірек-схема түріндегі жоспар), ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру, ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі және т.б.мәтіндер құрастыру, ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, баяндама, мақала, дәріс, баяндама тезистері, аннотация, түйіндеме, рецензия мәтіндер құрастыру, публицистикалық стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, ақпараттық хабар, очерк, памфлет жазу, көркем әдебиет стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер құрастыру (таңдау бойынша), мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау, көтерілген мәселе бойынша академиялық тұрғыдан эссе жаза білу, мәселенің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап жазу, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу, әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу, жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетудер енгізу, редакциялау;
4) әдеби тіл нормалары: мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді қазіргі орфографиялық нормаға сай жазу, сөздерді фонетикалық принцип негізінде жазу, сөздерді морфологиялық-фонематикалық принцип негізінде жазу, сөздерді тарихи-дәстүрлік принцип негізінде жазу, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану, әлеуметтік-саяси шешендік қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану, мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып), мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет