Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 5-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы»


Бұйрықтың тиісті тармақтарына енгізілген толықтыруларға сәйкес



бет3/3
Дата13.03.2024
өлшемі34.02 Kb.
#495376
түріБағдарламасы
1   2   3
Түсінік хат Қазақстан тарихы 2022-2023 жж

Бұйрықтың тиісті тармақтарына енгізілген толықтыруларға сәйкес:
9. БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді.
БЖБ үшін максималды балл 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 30 балдан артық емес болуы керек.
11. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
12. БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны:

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

Үлгілік оқу жоспары

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары бойынша

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

1

2

2

3













6-сынып

1

1

3

2













7-сынып

2

2

3

1

2

2

2

1

8-сынып

1

1

2

2

1

1

2

2

9-сынып

2

2

2

2

2

2

2

2

10-сынып
(ҚГБ, ЖМБ)

1

1

1

1

1

1

1

1

11-сынып
(ҚГБ, ЖМБ)

1

1

1

1

1

1

1

1

«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша негізгі Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес 10-11 сыныптарда әр оқу тоқсанының соңында зерттеу жұмыстарының тақырыптары ұсынылады.


10-сынып бойынша зерттеу тақырыптары:

  1. Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала.

  2. Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы.

  3. Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы.

  4. Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды.

11-сынып бойынша зерттеу тақырыптары:

  1. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері.

  2. Қазақстан этностары: тарихы мен тағдыры.

  3. Қоғамдық-саяси ойдың біріктіруші рөлі.

  4. Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары.

Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады.
Негізгі Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес 10-11-сыныптарда әр оқу тоқсанының соңында «Зерттеу жұмысы» сабағын өткізу қарастырылған. Зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаты: теориялық материалды зерттеу тақырыптарының жеке аспектілері бойынша жүйелеу, терең талдау жасау және жалпылау
2022-2023 оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың тізімі «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР БҒМ-нің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 291 бұйрығымен бекітілген.
2022-2023 оқу жылында «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша келесі оқулықтар қолданылады:

  • 5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулықтары (ежелгі заман: шамамен 1 млн жыл бұрын – V ғасыр);

  • 6-сынып – 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулықтары (ортағасырлар кезеңі: V - XVII ғасырлар);

  • 7-сынып – 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулықтары (жаңа заман кезеңі: XVIII -XIX ғасырлар);

  • 8-сынып – 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулықтары ( қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың бірінші жартысы);

  • 9-сынып – 9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулықтары (қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың екінші жартысынан бүгінгі күнге дейін).

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет