Жалпы орта мектеп информатика курсын оқыту әдістемесі бегімбетова Ж. Е



Дата26.02.2016
өлшемі38.5 Kb.
#27489
ӘӨЖ. 378.016.02:004.9(574)

ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


Бегімбетова Ж.Е.


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ.
Ғылыми жетекшілері: Алдешов С.Е. – п.ғ.к., доцент, Бүркіт Ә.Қ. – аға оқытушы
Жалпы орта мектеп информатика курсында: кіріспе бөлімі, компьютердің шығу және даму тарихы, компьютер құрылысы, оның қосымша құрылғыларының қызметі және тб. Тақырыптар қарастырылады. Кіріспе мақсаты: Пәнге деген алғашқы қызығушылықты қалыптастыру және бекіту; информатиканың жалпы мазмұнымен таныстыру; оқушылардың ЭЕМ жөніндегі түсініктерін реттеу; компьютер сыныбындағы жұмыс ретімен, ережелерімен таныстыру т.б.

Кіріспеде бірінші рет информатиканың үш құрамдас тізбегі: ақпарат, компьютер, алгоритм айтылады.

Ақпарат түсінігі мысалдармен түсіндіріледі. Ақпараттық үрдістерді түсіндіру үшін де, алдымен оларға мысалдар жүйесін келтіріп, қорытынды да оның белгілеріне сүйене отырып, анықтамасы беріледі. Айта кететін мәселе, ақпаратты тұтыну, қолдану - бұл да ақпаратты үрдіс болып табылады.

Компьютердің шығу және даму тарихын баяндағанда мына мәселелер айтылуы тиіс:

Адамзат баласына ерте кезден бастап-ақ есептеуді жеңілдететін аспаптар ңажет болғандығы тарихтан белгілі. Бұрынғы кезде ондай аспап ретінде адамның саусақтары пайдаланылса, кейінірек ағаш талшықтары (б.э.д. 350 ж.), абак (б.э.д. V ғасыр) және т.б. қарапайьш аспап түрлері пайдаланылды. Алғашқы құралдардың бірі есепшоттар болған. Бұл есепшоттар арифметика бастамаларын оқытуда негізгі роль атқарды. Ал жаңа педагогикалық құралдардың шығуына ғылыми техникалың прогрестің тигізген әсері мол. XVII ғасырда логарифмдік сызғыштар және Паскаль, Лейбництердің арифметикалың есептеуіш машиналары - арифмометрлер кеңінен қолданылды. XIX ғасырда есептеуіш машиналарын жасау кезі басталды [1].

1940-1950 жылдарды компьютерлік дәуір басталуы деп айтамыз. Себебі, бұл жылы ЭНИАК (ENIAC, аббревиатура от Electronic Numerical Jnterrator and Computer - электронный цифровой интегратор и вычислитель - электронды цифрлық интегратор және есептеуіш) машинасын Пенсильвандық университет математигі Кэтлин Маккалти жасады. Бұл машина Екінші дүние жүзілік соғысы АҚШ әскері баллистикалық кестелерді есептеу жұмыстарын атқарды. ЭНИАК-та 17468 электрондық шам орналасқан. Кейінірек ЭНИАК машинасын перфокарталар көмегімен программалауды жүзеге асырды. Перфокарталық әдіспен механизмді басқару XIX ғасырдағы француз өнертапқышы Жозеф Мари Жаккардың есімімен байланысты. Осыдан соң 30-жыл өткеннен кейін Чарлз Бэббидж өзінің аналитикалық машинасында Жаккардың идеясын қолданды. Бэббиджден соң 20 жыл өткенде американдық өнертапқыщ Герман Холлерит электромеханикалық санау машинасын - табулятор жасап, 1890 жылғы АҚШ-тағы халық санағын жүргізуге қолданды. Табулятор кең сұранысқа ие болғандықтан Холлеритке фирма ашуға тура келді. Бұл әлемге әйгілі ИБМ (ІВМ, International Business Machines - стандартная деловая машина - стандартты жұмыс машинасы) фирмасына айналды.

Алғашқы перфокарта көмегімен программалауға болатын машинаны неміс инженері Конрад Цузе жасады. 1930-1940 жылдар аралығында ол инженерлік есептеу жұмыстарына арналған есептеуіш машиналар мен компьютерлердің бірнешеуін жасады.

Цузе өз зерттеулерін Германияда жүргізіп жатқан уақытта амарикандық ғалымдар - Гарвард университеті математигі Говард Айкен ИБМ фирмасы инженерлерімен бірге жұмыс жасады. Бұл программамен басқарылатын машина салмағы 5 тонналық және бағасы 500 мың долларды құрады.

Ада Лавлейс Чарлз Беббидждің замандасы, әрі ең бірінші программист әйел. Ол Аналитикалық машинаны жоғары бағалап, циклдік программаны жасады.

Пенсильвандық университет қызметкерлері Джон Мочли және Преспорт Экерт Эдвак (EDVAC, Electronic Discret Varible Automatic Computer - Электронный автоматический вычислитель с дискретными переменными - дискертті айнымалы электрондық автоматты есептеуіш) машинасын жасады. Мочли мен Экерт жаңа жоба жасап жүрген кезде, Венгерлік математик Джон фон Нейман ЭНИАК- ты жасауға кеңесші болған еді. Сонымен бірге ЭДВАК машинасын жасауға да зор үлес қосты.

Математик Джон фон Нейман компьютердің ішкі жадысына бұйрықтарды сақтау тұжырымдамасының көрнекті иегері. Грейс Мюррей Хоппер, Роберт Кэмпбелл және Ричард Блок программалау әдісінің негізін қалады. Олар Марк - 1 машинасына ішкі программалар жазды [2].

Математик, программист Грейс Мюррей Хоппер 1940 жылдары Горвард университетінде қызмет атқара жүріп, Марк - 1 машинасын техникалық жөндеуге көп үлес қосты. Ол Аленмен бірігіп Альтаир машинасына программалық қамтамасыздандыру программасын дайындап, жұмыстары нәтижелі шықты. Программаны машинаға жүктегеннен кейін қағазда мынадай мәтін жазылды: Жады өлшемі? Аллен машинаға жауабын енгізіп отырды. Компьютер мен адам арасында сұхбаттық байланыс орнатылды. Гейтс пен Аллен Микрософт (Місrosoft) компаниясын құрды.

1975 жылы Нью-Иорктік - кинорежиссер Майкл Шрейер Альтаир машинасын жетілдіре түсіп, оған пернелік тақта мен теледидар қосты. Теледидар дисплей ролін атқарды.

М. Шрейер ең бірінші рет мәтін жазуға арналған электрлік қалам атты программасын дүниеге келтірді. 1978 жылы Нью-Йорктік Сеймур Рубинштейн мен Джон Барнэби екеуі Уордстар (Worrdstar) деп аталатын мәтіндік процессор дайындады.

Инженер программист Дэниел Бриклин есептеу жұмыстарын компьютерде орындатуға болатындығы жайлы ойын Роберт Фрэнкстонға айтты. 1978 жылы екі программист Визикалк (VisiCalc – Visible Calculator) атты есептеу жұмыстарын жүргізетін программа жазды.

1979 жылы Гэрри Килдолдың СР/М (Control Programm for Microcomputerrs - управляющая программа для микрокомпьютеров - микрокомпьютерлерді басқаруға арналған программа) программасы 0- разрядты машиналарда қодданылды. Дегенмен, 1975 жылғы Билл Гейтс жасаған МS – DOS (Microsoft Disk Operatinq System - Микрософт диск операциялық жүйесі) операциялы жүйесі дербес компьютерлер үшін өте қолайлы болды.

Программа жасаушылардың басты тұлғалары ретінде мыналарды атауға болады: Нолан Бушнел 1972 жылы Калифорния штатындағы Саннивейл қаласында Компьютерлік ойын автоматын орнатты. Н.Бушнел Атари (Аtari) компаниясының негізін қалады.

1975 жылы Поль Аллен мен Уильям Гейтс Микрософт фирмасының негізін қалады.

1976 жылы Гарри Килдол -Диджитал ресури корпорациясының негізін қалап, СР/М операциялық жүйесін жасады.

1977 жылы Стивен Джобс және Стефан Возняк Эпл компьютерін жасады.

1979 жылы Сеймур Рубинштейн және Джон Барнаби Уордстар жүйесін жасады.

1979 жылы Дэниел Бриклин мен Роберт Фрэнкстон Визикалк жүйесін өмірге әкелді.



1981 жылы Уэйн Рэтлифтың g Бейс II жүйесін Джордж Тейт әлемге таратты.
Әдебиеттер

  1. Р.Ә.Медетбекова. Ақпараттану. Шымкент, 2011. –Б. 658-659.

  2. Ә.Қ.Бүркіт. Информатика. Шымкент, 2010. –Б. 565-567.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет