Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ
К.С. ТІЛЕУҚАБЫЛОВА
СТИВ ДЖОБС –
Аpple корпорациясының негізін қалаушы
Қарағанды 2014
АЛҒЫ СӨЗ
«Apple Inc» компьютер брендінің атауын әрдайым жігерлі, ең ірі корпорациялардың бірін 30 жыл бойы басқарып келе жатқан америкалық іскер Стив Джобс есімімен байланыстыратын. «Apple Inc» директорының өзінің айтуы бойынша компанияның дамуындағы осыншалықты елеулі прогресс оның жеке іскерлік сапаларды қолдануға, сонымен қатар, компанияның әр қызметкеріне деген ықыласты қарым-қатынасқа негізделеді. Стив Джобстың әр күні қандайда бір технологиялық жетістіктермен атап өтіледі. Осылайша, кішкентай адымдардан бір үлкен қадам – компанияны нанғысыз табысқа жеткізетін сенімді жолды құрайды. Алғашында брендтің толық атауы «Apple Computer» болды, бірақ кейін соңғы сөз алынып тасталып, корпорация «Apple Incorporated» деп атала бастады. Атауынан «Computer» сөзінің алынуы брендтің қызметі тұрмыстық тауарлар нарығы бағытында өрлейді деген болжамды тудырды. Дегенмен «Apple» компаниясының бұрын болмаған және ең батыл идеяларының жүзеге асуы бұл теорияны теріске шығарады. Қазір бұл брендті компьютерлік техникамен байланысты кезкелген әзірлемелер саласындағы ең дамығандардың бірі ретінде сипаттауға болады.
«Apple» компаниясының ең «футуристік» үлгісі компьютерлік әлемде аналогы жоқ, ең жұқа ноутбук болып табылады. Macbook air үлгісі 1060 г салмағымен және 17 см қалыңдығымен қатар, ультражаңашыл ішкі толықтыруларға ие. Бұл үлгіде Face Time бейнекамерасының – құрылғылары арасында бейнеқоңыраулар жасауға арналған құрылғының болуы бағамдалады. Ультражұқа экранның рұқсат ету қабілеті 4,5 мм-ге 1440×900 құрайды. Мacbook air-дың бұл сипаттамалары онда жадтың екі түрі үшін әртүрлі флеш-жинақтауыштарды қолдануға негізделген. «Алма» брендінің басқа үлгілерімен салыстырғанда, бұл ноутбук бәсекеге қабілетті – оның сымсыз жұмыс істеуінің уақыты 5 сағаттан артық [1, б. 108]. «Apple» маркасының классикасы корпусы жүйелі блокпен біріктірілген компьютер түріндегі батыл әрі стильді шешімі болып табылады. Іmac деп аталатын бұл конструкция тікелей үстелге орнатылады және сымдардың мүлде жоқтығымен ерекшеленеді. Қондырғы жасақталған жалғыз кабель – ол қуаттаушы кабель. Тышқан мен пернетақта сымсыз Wi-Fi режимінде жұмыс істейді. Сыртынан қарағанда қарапайым көрінетін imac кезкелген компьютерлік энтузиаст үшін қажетті барлық сипаттамаларға ие. Оның конструкциясынан ойын приставкасын, үй кинотеатрын, мультимедиялық орталықты және басқа да «ғажайыптарды» табуға болады. Үлгінің анағұрлым қарапайым нұсқасының диагоналы кіші, бірақ ішкі толықтырулары өзгеріссіз қалады.
Үлкен жұмысты жүзеге асырудың бір ғана амалы бар – оны ұнату.
Егер бұған тоқталсаңыз, күте тұрыңыз.
Жұмысты тастамаңыз. Басқа жағдайлардағыдай, өзіңізге қызықты жұмысты таңдауға жүрегіңіз көмектеседі.
Стив Джобс
Стивен Пол Джобс (Steven Paul Jobs) 1955 жылдың 24 ақпан күні Калифорния штатындағы Сан-Францискода туған. Биологиялық ата-анасы ақ нәсілді американдық Джоан Симпсон (Joanne Simpson) және Абдулфатта Джандали (Abdulfattah Jandali). Баласын асырауға дауаламаған ата-анасы Сан-Франциско шығанағының оңтүстік бөлігінде тұратын қызметкер отбасы өкіл ата-ана болған Пол және Клара Джобс отбасына тәрбиеленуге тапсырған болатын. Стив өрік бағы орналасқан алқапта, сол кезеңде әлемдік компьютерлік технологияның даму орталығына айналған Силикон Алқабында туған. Жергілікті инженерлер әртүрлі электрондық құрал-саймандармен толтырған гараждар бұл төңірек үшін үйреншекті көрініс болатын. Бұл жас Джобсты таңғалдыратын және осы таңғаларлық жағдай 1969 жылы Стивен Вознякпен (Stephen Wozniak) танысудың алғышарты болды. Возняк Воз атымен де әйгілі болған, ол компьютерді, электрониканы өте жақсы білетін және өз қызығушылығын Джобспен әрқашанда бөлісетін. Стив Воз екеуі бірден дос болып кетті, алайда Воз одан бес жас үлкен болды.
Мектепке бармас бұрын оқу-жазуды оған мамасы үйреткен. Алғашқы мектептегі жылдар Стив үшін тәтті болмады. «Мектептегі алғашқы жылдар мені өте зеріктіретін, тіпті соның әсерінен неше түрлі жағдайларға тап болдым». Кейіннен анықталғандай, тәрбие және мінез-құлқының қалыптасуына байланысты, біреуге бағына алмайтыны байқалды.
Мектептен іші пысқан бала бұзақыға айналады. Оны үш рет мектептен шығарып жібере жаздады. Алайда, әкесінің баласының дарынына деген сенімі мол болатын. Пол асқан сабырлықпен мұғалімдерге: «Бала кінәлі емес, оның қызығушылығын оята алмаған сіздер кінәлісіздер», - деп айтатын.
«Менің достарым ақылды болатын. Мені математика, ғылым саласы, электроника қызықтыратын. Сонымен қатар ЛСД және басқа да конструкторлармен тәжірибе жасайтынбыз».
Осы кезде Стивтің кезкелген әзілі электроникамен жүзеге асырылатын. Бірде ол үйдегі барлық бөлмелерге бағандар қойды. Оны микрофон ретінде қолдануға болғандықтан, ол өзінің шкафының ішіне басқа бөлмелердегі дыбыстарды естуге мүмкіндік беретін рубканы орнатты. Бір күні кешке, ата-анасының бөлмесінде не болып жатқанын есту мақсатында құлаққап киіп отырған жерінен әкесі ұстап алып, оны ұрыстың астына алған болатын.
Ларри Лэнг, көрші тұратын инженер, стивті ғылыми-зерттеумен айналысатын Hewlett-Packard клубына апарды. Үйірмеде он бес шақты адам болды. «Сабаққа қандайда бір зертхананың инженерін шақыратын, ол ол істеп жатқан жұмысы туралы айтып беретін,-дейді Джобс. – Әкем мені сол жаққа алып баратын. Менің қуанышымда шек жоқ еді. HP жарық диодын шығаратын алғашқы компания болатын. Біз оларды қолдануды талқыға салатынбыз». Бірде Джобс компанияның инженеріне жақындап, оған голографиялық зертхананы көрсетуін сұрады. Стивке ең қатты әсер еткені компания өндіріп жатқан мини-компьютерлер еді. «Мен сол кезде ПК бірінші рет көрген едім, ол 9100А деп аталатын, ол өте үлкен, шамамен 20 килограмм болатын, бірақ мен оған бірден ғашық болдым».
Үйірменің қатысушыларына өз жобасы бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік беретін. Секунд сайын электрондық сигнал импульсінің санын анықтайтын сандық жиілік өлшегішті құрастыруды шешті. Ол үшін HP өндіретін бөлшектер керек болды, сондықтан ол тікелей компанияның президентіне қоңырау шалды. Джобс ол компанияға жаз бітісімен жұмысқа кірді.
Хоустондағы соңғы екі жылда Стив оқуында озаттылық танытты, оны компьютер мен электроника ғана емес, сонымен бірге, әдебиет және шығармашылыққа да қызығатыны қатты қуантты. «Мен музыка тыңдағанды сүйдім, ғылым мен техникаға қатысы жоқ көптеген кітаптар, соның ішінде Шекспир, Платон. Маған «Король Лир» өте қатты ұнады». Сонымен қатар Стив «Моби Дикті» жақсы көретін, Дилани Томастың өлеңдерін сүйіп оқитын.
Стив Джобстың тағы бір қатысқаны бұрынғы әскери-теңіз авиациясының ұшқышы Джон Макколлумның электроникадан беретін сабағы.
Джобс маркетингке, тауардың сыртқы белгісіне, тіпті қапталуына үлкен мән беретін. «iPhone немесе iPad-тың қорапшасын ашқан кезде таңғажайып сезім адамдардың тауарды қабылдауына жақсы әсер қосады», - дейді ол.
Джобс әкесі сияқты әр цент үшін саудаласатын, бірақ тауардың сапасы үшін ақшадан аянбайтын.
Отыз жылдан кейін Apple ашық акционерлік қоғамға айналған соң, ол оған ақшаның қалай әсер еткені туралы ойланған еді: «Мен ақша туралы ешқашан ойламадым. Орташа дәрежелі отбасынан шыққаннан кейін, қарным ашады деген уайым болмады. Мен кедей болдым, маған ақша туралы ойлаудың қажеті болмады, ал тез арада байып кеткенімде де ақша жайлы ойламаппын. Ақша мені құртып алмайды деп өзіме уәде бердім».
Бірақ Джобс филантроп болған жоқ. Жиі қайырымдылық қорымен де айналысқан. Бір күні Seva Foundation фондтың ашылуына байланысты Ларри Бриллиантқа бес мың долларды үндемей жібере салғаны бар.
Джобс айтпақшы Apple тауарлары қарапайым және функционалды болады. «Біздің шығарған бұйымдарымыз айқын түсті, таза: жоғарғы технологиялы екені анық байқалатын болады. Біз көзді шаршататын Sony компаниясының ауыр, қап-қара қорапшалары көңіл толтырмайды. Барлық жерде қарапайымдылықты пайдалану, міне бұл біздің ұран!».
Стив Джобстың әкесі Пол Рейнолд Джобстың балалық шағы Висконсин штатының Джерментаун фермасында өткен. Оның әкесі маскүнем болып, кейде баласына қол да жұмсаған. Соған қарамастан Пол сабырлы, мейірімді болып өсті. Механик қызметімен айналысатын. Стивтің анасы Клара Нью-Джерсида туылған. Клараның бір құпиясы болатын, ол бұрындары күйеуге тиген еді, алайда оның жары соғыс кезінде қаза тапты. Полмен кездесу Клара үшін жаңа өмір бастауға деген мүмкіндік болатын.
Қырғын соғысты бастан кешірген Пол мен Клара үшін ең бастысы – балалы болып, тыныш, бейбіт заманда өмір сүру. Алайда, Клара бедеу болып қалғандықтан, 1955 жылы олардың жалғыз амалы бала асырап алу еді.
Оны асырап алғандығын Стив бала кезден білетін. «Ата-анам мені асырап алғандығын жасырмайтын»,-деп ол айтқан болатын. Ол алты-жеті жасында көлшікте ойнап жатқан жерінде қарама-қарсы отырған қыз:
- Сонда сен өзіңнің ата-анаңа керек емес болғандығың ба? – деді қыз.
- Не болды! – деп Стив есіне түсіреді. Мені тоқ ұрғандай болды. Үйге жылап кіріп, оларға бәрін айттым, олар маған қарап: «Жоқ, сен түсінбейсің. Біз арнайы сені таңдап алдық». Олар бұны бірнеше рет айтты. Мен бұның шындық екендігін түсіндім.
Джобстың әкесі оған үйреткендей, өз ісін жақсы көретін шебер, көзге көрінбейтін майда-шүйделерге де үлкен мән береді дегенді есте сақтаумен болды.
Сонымен қатар Стив Джобстың әкесі ол туылғанда 23 жаста еді, дәл осы жаста Стивте өз баласынан бас тартады. Бірақ кейіннен қызына қайта қамқорлық жасайды.
Автокөліктер арқылы әкесі Стивті электроникамен таныстырды. «Әкем техниканы жақсы білмейтін, бірақ жұмыс барысында оларды қолданатын кездері болған»,-дейді. Әкесі сынық заттарды сатып алып, жөндеуден өткізіп, қымбатырақ ақшаға сататын. Соның арқасында менің ата-анама берген уәдесін орындап, яғни колледжге түсіруге ақша жинайтын.
Уақыт өте келе Стив ата-анасынан да қабілетті, оқуға құштарлығы мол екендігін сезінді. Пол мен Клара да бұны байқады, сол үшін баласының қабілетін, дарынын одан сайын дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді қолданды. Жұбайлар олардың баласы ЕРЕКШЕ екендігіне сенді.
«Әкем мен шешем мені жақсы көретін. Менің ерекше екендігімді түсінгенде, жауапкершіліктерін арттыра түсті. Маған қажеттілердің барлығын сатып алып беруге тырысты, үздік мектепке де орналастыруды да. Жалпы, менің әлеуетімді ашуға бар күштерін жұмсады»
Жоғары сыныптарда Стив Джобс Орегон штатындағы Портленд колледжінде Reed College оқуға түсуге бел буады. Бұл қымбат гуманитарлық колледж, көп ата-аналар үшін де өте қымбат; алайда ол Джобстың ата-анасы кезінде биологиялық анасына берген өз уәделерін орындады және оқуын төледі. Бірақ Стив колледжде бір семестр ғана оқиды, содан кейін тастап кетеді. Ол көп уақытын шығыс мистицизмін оқуға арнайды, бір кезеңдерде әр қилы диетада отырады, кейде ораза ұстайды, кейде бір ғана жеміспен тамақтанады; бұл оның өмірінің хиппи кезеңі болатын. Жадыраңқы өмір іздеп, тіпті 19 жасында олар жолдасы екеуі Индияға да барған болатын. Бұдан кейін Стив Алқапқа қайтады, ол өзін Воз әзірлеген компьютерлік плата жұмысына арнайды. Возняк «Homebrew Computer Club» деп аталатын дербес компьютер әуесқойларының үйірмесіне қатысады, осы жерде оның басына өз жекеменшік компьютерін жинау идеясы келеді (сол кезеңде ол бір ғана платадан тұратын).
Стив Джобс өз әріптесінің әзірлеген жұмысына көпшіліктің қызығушылық танытқанын көреді, ол оларға платаны сатуды ұсынады. Осылайша Apple Computer дүниеге келеді. Алғашқы жылы Apple компаниясы өз тіршілігінде Стивтің гаражында плата жинаумен, оларды сынақтан өткізумен, жақын арада орналасқан компьютер дүкендерінде сату әрекетімен айналысады. Осы кезеңдердің өзінде Воз әлдеқайда жаңа жетілдірілген компьютерлермен жұмыс істейді, 1977 жылы Apple II жұмысы аяқталады.
Воз да, Стив те өздерінің баласы тәрізді болған Apple II компьютерлік технология саласында абырой болғанын түсінді; жаңа компьютер сол кезеңдегі нарықта болған барлық модельдерден бір басқа асып түсті. Сондықтан Стив кәсіпорынға ақша салуға дайын, оның ұлғаюын қамтамасыз ететін инвесторларды белсене іздеуді бастайды. Біраз уақыт өткеннен кейін, Стивтің энтузиаст және бизнестеріне 250,000 доллар инвестиция әкелген, екі жыл ішінде компания Fortune 500 тізіміне кіреді деп сендірген Intel компаниясының бұрынғы қызметкері, Майк Маркулламен (Mike Markkula) келісімге отыру сәті түседі. Майктікі шындық болып шықты. Apple II тез арада дербес компьютерлер әлемінде әлемдік революцияның символы болды. Оған қарсылас ешкім де болған жоқ. Apple II табысының кілті Visi Calc нарықтағы бірінші динамикалық есептеу кестесінің бағдарламасы болған. Мыңдаған пайдаланушылар Apple II жай қолдану үшін ғана сатып алған. Осының нәтижесінде компания жылдам ұлғая бастады, төрт жылдан соң 1980 жылы желтоқсанда ұлттық дәрежеге жетті. Стива Джобстың жеке капиталы сол айда 200 миллион долларға жетті, ол кезде оған 25 жас қана болды.
Алайда 1981 жылы Apple-дың табысына дербес компьютерлер нарығына IBM индустриялық алыбы шыққанда қатер төнді. Apple-дың күресуіне тура келді, әйтпесе бірнеше жылдың ішінде нарықтан шығып қалатын еді. Сол уақыт ішінде олардың Apple III компьютерлері ДК нарығын «жарып» шықты. Компания толықтай өз жұмысын Стив Джобстың Lisa деп аталатын жобасына арнайды. Бұл әзірлемені өзінің бұрынғы қызының қызына арнаса да, ол өзін әке деуін жоққа шығарды (Time журналының болжамы бойынша 1982 жылы бұл қиын жағдай оның Жыл Адамы атануына кедергі болды).
Lisa компьютері командалық жолдың орнына қолданбалы графикалық интерфейсті қолдану арқылы үлкен жеңіске жетті. Бұл технология басқа көпшілік сияқты Xerox PARC ғылыми-зерттеу орталығымен әзірлеген мәңгілікке компьютерлік индустрияның бетін өзгерткен, алайда Apple нарықта өз әзірлемесін ұсынған бірінші компания болды. Кейін Стив Джобсты тым импульсивті және арпыл-тарпыл мінезді деп санағандықтан Lisa жобасынан босатылды. Терең мұқатты ол Macintosh атты кішігірім жобаны қолға алады [7, с. 141]. Оның мақсаты Macintoshты арзан етіп істеп, нарықтан Lisaны жаулап ығыстыру болды. Macintosh әзірлемеде 1979 жылдан бастап болды; Тұжырымдаманың негізі компьютерді жасауда оның қолданылуы «тостерден де жай» болу керек болды. Стив Джобс өзінің компаниясына жас талантты инженерлерді қабылдады, өзінің кәсіпкерлік және қозғалыс идеясымен оларды рухтандырып және «қарақшы» атандырып, қалған компанияның бөлігіне қарама-қарсы салмақ қылып «флот» деп атады. Mac жобасының қарама-қайшылықта болғанына қарамастан, Apple II сондай-ақ, Lisaға қауіп төнді, сонымен қатар, Джобсқа да компанияның көптеген қызметкерлерін күйттеп, кейін бұл әзірлеме Apple-дің болашағы үшін өмірлік маңызы болды, Lisa болса құлдырады ғой. Джобста Apple-дің басқарма төрағасы болған Джон Скалли (John Sculley) атты тілектесі болды, ол оны 1983 жылы компанияны басқаруға көмектесу үшін алған болатын және бастық дәрежесіне дейін көтерді.
1984 жылы қаңтарда ол Macintoshты үлкен дәрежеде ұсынды. Әлгінде алғашқы айларда Мас өзіне сенімділікті ұялатты, бірақ кейін сатылым төмендей бастады. Компания үш рет қатарынан сәтсіздікке ұшыраған Apple-ді істен шығып қалады деп қорықты. Бұдан басқа да Джобстың қиқарлығы басқарма бастығы Джон Скаллиден бастап өзгелерді де ашуландыра бастады. Келесі кезекті сәтсіздік амалдардан кейін Джобс 1985 жылы компания басқармасының ағымдағы құрамын жауып тастағысы келді. Скалли басқа директорлармен бірге Apple-дің жаңа ұйымдық ортасын құру ұйғарымына келеді, бұнда Джобсқа басқарушылық өкілдігі тимей қалады. Ол бұнда тек басқарманың төрағалығында ғана қалады, бұны естіген Стив аң-таң болады.
Apple оның барлық өмірі тәріздес болды, ал оны компаниядан лақтырып тастады. Ол өз ісін жүзеге асыру мақсатында жаңа жолдарды белсенді іздеуге кіріседі. 1985 жылдың екінші жартысында Джордж Лукастың (George Lucas) басқаруындағы кішігірім компьютерлік жазу-сызу жасайтын сарапшылар командасына кіреді.
Команданың әрбір мүшесі компьютерлік жазу-сызудың көмегімен анимациялық фильмдер жасауды армандайтын. Бұған қызыққан Стив 1986 жылы Лукастан 10 миллион долларға компанияны сатып алады. Компания Pixar деген атауды алады. Дегенмен де Джобстың басты ынтазары компьютер құрастыру болды. 1985 жылы қыркүйекте ол Apple басқармасын жариялады, NeXT атты жаңа компания құратындығын және жоғары білім және ғылыми зерттеулер үшін жаңа компьютерлер жасайтынын айтты. Мас командасындағы жақсы инженерлер мен менеджерлерді өзіне арбап алғысы келді. Apple басқармасы оны сотқа береміз деп үрейлендірді. Жауапта Стив өз акцияларын жиіркенішпен сатып, компания активтерінен тартынды. NeXT компаниясы компьютерлерімен жұмысын 1986 жылдың басында Apple өзінің талабын қайтарып алғаннан кейін бастады. Стив өзінің жаңа компьютерлерін ең алдыңғы «темір», әлемнің ең күшті зауыттарында жинақталған, озық бағдарламалармен жабдықталған етіп көргісі келеді. NeXT STEP атауымен шыққан жаңа компьютердің операциялық жүйесі UNIX базасында құрылады деп шешеді, ОЖ қаншалықты майысқақ әрі күрделі екені оның әлемде Macintosh тәрізді жай ғана қолданылатыны анық болады. Бұндай шамшыл жоспарлар NeXT Cube жаңа моделінің шығуын кейінге 1988 жылға дейін қалдырады. Алға жылжушылыққа қарамастан NeXT Cube сатылмады. Бағасы тым жоғары, бағдарламалық қамтамасыз етілуі аз болды. NeXT компаниясы компьютерді қолдану аясын оқудан бастап бизнес-мақсатқа дейінгі кеңейте отырып сатылым үшін күресті және NeXT Station атты арзан моделін ойлап тапты. Соған қарамастан бір айда сатылған компьютерлердің саны жүздеп есептелді. Компания шығынды болды, спонсорлар бірінен соң бірі тастап кетіп жатты, оның ішінде бірінші сыртқы инвестор Техастық Росс Перот (Ross Perot) та бар. 1993 жылға қарай NeXT «темір» нарығын тастауға мәжбүр болды. NeXT Software компаниясы ұсақ компьютерлік қамтамасыз ететін өндіруші ретінде енді тіпті Apple-дан да алшақтап кетті. Стив босаңсып қалды. Оған қоса, оның инвестициялары Pixar-ға ештеңе әкелмеді.
Джобс Pixar жұмысын аппараттық құралдарға ауыстырып, 1990 жылы RenderMan деп аталатын 3D тілдік бағдарламасын жетілдіруді күшейтуге тоқталады. Анимация бөлімі компания құрамында өз тіршілігін жасап жатты, бұл Джон Лассетер (John Lasseter) бастаған телевизиялық жарнамаларды ұсынудың арқасында жалғыз ғана табыстың көзі болды. Толықметражды анимациялық фильмдерді жасау Disney корпорациясымен 1991 жылы жасалған келісім шарт жалғыз ғана компания үшін үміт сәулесі болды. Бірақ та 1993 жылдың аяғында Бербанкте келісім шартты тоқтатады. Джобстың екі кәсіпорны да оның өзінің карьерасы сияқты құлдырауда болады. Стив өзінің көп уақытын үйінде 1993 жылы үйленген әйелі Лоренмен және кішкентай ұлы Ридпен өткізеді. Бақытына қарай Джон Лассетер қайтадан Disney-ге «История игрушек» атты жаңа анимациялық сценариімен келеді, жоба қайта өмірге келеді. Фильмнің шығуы 1995 жылы Разы болу күніне қарай жоспарланған болатын. Бұл күннің жақындағанына қарай Джобс Disney брендісінің нанғысыз күшін сезінді. Оның күткеніне қарай, «История игрушек» шыққаннан соң бір аптадан кейін Pixar ұлттық деңгейге шығады. Бұл компьютерді пайдалана отырып шығарған, жарнамалық айқайға іліккен алғашқы фильм болды. Керемет жағдай болды, «История игрушек» кассалық жинағы күтпеген жағдайды тудырды, түскен табыс Pixar-дан асып түсті. Компанияның 80% иемденген Стив Джобстың капиталы 1,5 миллиард долларға жетеді, бұл 1980 жылдардағы Apple компаниясындағы табысынан бес есе көп.
Apple-ға қатысты, компания өзінің тарихында нашар жылдарды басынан өткерді. Мас табысты болды, алайда Джобссыз он жыл бойы стагнацияда, сосын қайтадан нарыққа Windows 95 келгенде ол өзінің айқындамасын жоғалта бастады. 1996 жылға қарай компанияның жаңа атқарушы директоры Джил Амелио (Gil Amelio) Mac OS ескі операциялық жүйенің орнына басқа бағдарламалық қамтамасыз етуді іздейді. Соңында NeXT STEP-ті таңдап алады. Apple NeXT STEP үшін 400 миллион төлейді және он жыл бұрын қуылған Стив компанияға оралады. Ресми оның лауазымы аталады, сол сияқты «ресми емес атқарушы директордың кеңесшісі». Амелио Apple компаниясының 1997 жылдың бірінші тоқсанында 700 миллион шығын тартқанын жариялады, басқарма бұндай құзіретсіз басқарушыдан құтылу керек деп шешті. 1997 жылдың шілде айында Стив компанияның басқармасында төңкеріс ұйымдастырып, уақытша Apple- дің атқарушы директордың қ.а. болып тағайындалады. Ол бірден барлық компанияның кең ауқымды қайта құру жұмысын бастайды, жобалардың санын азайтады. Сол жылдың тамыз айында Бостон қаласында Macworld презентациясының өтуі кезінде Джобс таңғаларлықтай ұсыныс жасайды, ол Apple компаниясының өзінің айбарлы жауы – Microsoft компаниясымен бірлесе отырып жұмыс жасайтынын айтты. Бұл мәміле күткендей-ақ екі компанияның ұзақ патенттік дауының соңына әкеледі. Стив Джобс компанияға болашағына деген сенімділікті тез қайтарды. Apple «Think Different» атты слоганмен жаңа революциялық жарнамалық компанияны шығарады. Мас-ты қолданушылар – армандаушылар, әлемді өзгертуге бейімді деген идеяны таратады. Apple бренді күш жинайды, компания Power Mac G3 және Power Book атты бірнеше сәтті өнімдер шығарады [2, б. 87]. Өзі оралғаннан соң жарты жылдан кейін Стив Джобс компанияны пайда әкелгенге шығарады. Алайда Apple-дің толық жаңғыруы кешіректеу болады, Джобс iMac атты маркамен нанғысыз үстелге қойылатын компьютерді жұртшылыққа ұсынады. Жаңа компьютер 1998 жылы мамырда өмірге келді, және алғашқы Apple компаниясының 1984 жылы шыққан Macintosh-тан кейінгі инновациясы болды. Нанғысыз жартылай мөлдір iMac дизайны дербес компьютерлер индустриясын «жарды», ол он жыл бойы тек қара және сүт түстес қорап шығарғаннан басқа ештеңеге мұршасы келмеген. Сонымен қатар, iMac бестселлерге айналды, бұл компания үшін iMac платформасын жасауда бір топ әзірлеушілердің де назарын өзіне аударту өмірлік аса маңызды болды. 1998 және 1999 жылдар бойы компания дизайнға инновация енгізуде Apple-дің iMac және iBook, ноутбуктары түрлі-түсті болып шықты. Үш жылдан соң Стив Джобс қызметіне қайтып келгеннен кейін Apple-дің дәрежесін өзіне қайтарды. 2000 жылы қаңтарда Джобс Apple-дің атқарушы директоры штаттық қызметіне қабылданады, бір мезетте екі ұлттық компанияның қызметін алған алғашқы адам болды. Бірақ Джобстың негізгі мақсаты жүзеге асырылған жоқ – ол NeXT бағдарламалық қамтамасыз етуді Мас платформасына қойғысы келді. Бұны 2001 жылы Apple Mac OS X операциялық жүйесінін жаңа болжамын жасағап шығарғанда ғана мүмкіндік болды. Бұл ОС негізінде сол Мас фасадымен NeXTSTEP болды.
The digital hub Apple стратегиясы өмірдің жаңа стилі үшін ұсынылатын серия ойластырып шығарды, олар әртүрлі атауларға ие болды: iMovie (1999), iTunes (2001), iDVD (2001), iPhoto (2002), iCal және iSync (2002), GarageBand (2004) және iWeb (2006) [3, б. 142].
Алайда Apple өзінің мықты даму тетігін ойда-жоқта iPod- тан алады. iPod The digital hub стратегиясының құрама бөлігі болды. Шығарылым 2011 жылы басталды. Джобс өзінің «үстел үсті видео» энтузиазмын видеоны компьютерде редакциялау мүмкіндігі соңғы қолданушыдан алыс екендігін түсінді. Жүз жылдықтың түйіскен жерінде зор танымалдылықпен сандық видео емес, сандық музыка қолданыста болды. Бұны сонда Napster-дің табысы дәлелдеді. Джобс «қуып жету және асып кету» күйтте болды, сондықтан Apple MP3 плеерін жан-жақты әзірлеушілерін өзіне тартты. Рекордтық мерзім ішінде жаңа жылдық мейрамға қарсы 2001 жылдың аяқ кезінде нарыққа шықты. Бұл Apple-ді табысқа жеткізді, компания iPod шығаруға кірісті, содан iTunes Music Store дүкенін ашты, 2003 жылы Windows үшін ұсыныспен шығарады. 2006 жылы бірнеше жыл жеделдетілген инновациядан кейін Apple-дан сандық музыка саласында iPod mini (2004 жылы) шығарылады, iPod shuffle және iPod nano (2005 жылы), сонымен қатар, бүкіл әлемдік премьера iTunes Music Store компаниясы сандық музыка эрасында сөзсіз көшбасшы болды. Бірінші рет тарихта Купертино фирмасы нарықта өзінің орнын тастап, нарықта электрониканы қолданушылардың ірі әсер етуші ойыншысына айналды, РС саласындағы Microsoft тәрізді iPod-тың нарықтағы орны 75% құрайды [4, б. 134]! Бір қызығы сол, iPod Pixar-дың өмірінде шешуші роль атқарды. «Приключения Флика» (1998), «История Игрушек 2» (1999), «Корпорация монстров» (2001) және «В поисках Немо» (2003), табысты анимациялық мультфильмдер серияларынан кейін, Джобс пен Disney корпорациясының атқарушы директоры Майкл Айзнер (Michael Eisner) арасындағы түсінбеушіліктен кейін анимациялық студия Disneyмен келісім шартты үзуге бел буады. Айзнер басқарушылық етіп тұрғанда, бұл Сиқырлы Королдықпен жаңа келісім болмайды,- деп Стив Джобс ашық жариялайды. Disneyдегі көпшілік осындай пікірде болды, оның ішінде Уолт Диснейдің жиені Рой Дисней (Roy Disney) де Айзнерді қызметінен босатуға байланысты ашық қимылдар жасады. Бұл іс Боб Айгерді (Bob Iger) 2005 жылы наурыз айында жаңа атқарушы директордың қызметіне алып келді [5, б. 201]. Apple арқылы телевизиялық шоуды сата бастаған кезде Джобс пен Айгер бірлескен жұмыстарын бастады.
2005 жылдың қазан айында таңғалған журналистер аудиториясының алдында Стив (Apple-дың басқарушысы ретінде) Disneyдің жаңа атқарушы директорының қолын қысып тұрып, болашақта Pixar ынтымақтастықта бірлесе отырып жұмыс жасайтынын айтты. Ақырында бұл компаниялардың қосылып жұмыс істеуі туралы 2006 жылы қаңтарда жарияланады. Стив Джобс Pixar акциясының жартысын иемденгендіктен, ол Disney акциясының да ірі жеке ұстаушыларының бірі болды (7% корпорация акциясы). Бұл Pixar басқарушылары Эд Катмалл (Ed Catmull) мен Джон Лассетерлерге жаңа студияның негізгі орындары берілгендігін де байқатты. 2006 жыл барлық жағынан Apple корпорациясы үшін сын болды. Мас үшін табысты болды. Нарық үшін ұзақ жылғы күрестен кейін сатылым ұлғая бастады, РС көрсеткіші сатудың өсуін анықтады. Бұндай уақиғалардың дамуының алғышарттары – iPod-тың табысы болды, сол позитивті рең Apple брендіне үлкен әсерін тигізді, сонымен қатар, көп жыл бойы Wintel» монополиясы атанған Intel –ойланарлықтай негізгі қадам болды. Джобс 2005 жылы компания өзінің Мас үшін Intel процессорын қолдана бастайтыны туралы мәлімдеді. Барлық өнімдер желісі бір жылға жетпей Intel-ге «орнатылды». Жаңа Мас жылдам, әрі арзан, оның басты артықшылығы Windowsпен үйлесімділігі – бұл басты дәлел болып табылады. Айтарлықтай Apple АҚШ-та ең тез өскен, өзінің дүкендер желісінде күтпеген үлкен табысқа жетеді. Жаңа ғасырдың негізгі табысы iPod, Walkman’а 2006 жылы Apple корпорациясына маңызды қадам басуына әсерін тигізді. Бұл мәртебе 2006 жылы ақпан айында аз уақыт ішінде компания iPod және Apple TV үшін шығарған iPod hi-fi қуатты стереофониялық ойнатқышы негізгі көрсеткіш болды (шығарылуы келесі жылы тоқтатылады). Ең негізгі қадам, әрине 2007 жылы жасалды, Стив Джобс әлемге iPhone-ды ұсынды. iPhone – керемет аппарат, OS X толық өлшемді басқаруымен жұмыс жасайды, Apple-дың күшті өнертабысы болды. «multi-touch» технологиясымен веб серфингісінің кең ауқымды мүмкіндіктерімен, iPod-тың атқаратын қызметімен, жай интерфейсімен, басқа да көптеген өзгешелігімен бұл смартфон Джобстың өзінің айтуынша «нұрлы жылдарға ол өзінің бәсекелестерінен көп асып түсті» [6, б. 54]. iPhone-ның шығуымен, Apple-дың AT&T компаниясымен абоненттердің келісім-шарт жоспарлары туралы эксклюзивті келісімімен бірге телефондар индустриясын «дүр сілкіндірді». Қазір тура мәлімдеуге болады, iPhone бірінші болып конвергенттік құрылым тарихында компьютердің баламасы ретінде, әрі қалтадағы телефон болып тарихта қалатыны сөзсіз. Apple дербес компьютерлер индустриясынан шықты, 2007 жылы Macworld іс-шарасы соңына қарай Стив Джобс корпорацияның «Apple Computer Inc.» атының «Apple Inc.» атына ауысқандығын мәлімдеді [8, б. 109].
Сонымен, Стив үшін үшінші маңызды оқиға 2006 жылғы бэкдейтинг деп аталатын жанжал. Бэкдейтинг бұл акцияның бағасы төмен болғанда, өткен күндермен қойылған бағаны орындаудан тұрады. Алайда оларға 2006 жылы Wall Street Journal журналында жарияланған мақаланың нұры шашырағанға дейін, Силикон Алқабында кеңінен тәжірибеленген. Бұндай әрекеттер заңсыз деп есептеледі. Apple корпорациясы ішкі тергеуді жүргізу үшін асығыстықпен адвокат жалдады. Олар 2007 жылдың ортасында бағалы қағаздар мен биржалар Комиссиясы бекіткен бұзушылықтар тапты. Стив Джобс басшылық жасаған уақытта 2000 және 2001 жылдары екі ірі бұзушылық бекітілген. Алайда одан айыптар шешіледі, өйткені бағалы қағаздар мен биржалар Комиссиясы Джобстың құқықтық сұрақтарға еш қатысы жоғын анықтады. Алаяқтыққа компанияның бұрынғы юрисконсульты кінәлі екендігі айғақ болды. Жанжал маңызды болды, Стив Джобссыз Apple-дың болашағы туралы сұрақ тұрды. Алайда бұл сұрақты талдау туындаған жоқ, Джобстың денсаулығы туралы болды. 2003 жылдың аяғында Джобсқа ішек рак ауруын қояды. Бақытына қарай Стивті операция құтқарады. Бірақ ол оған келіскен жоқ, ұзақ уақыт бойы ерекше диета ұстап, ауруын емдейді деп ойлады. Тек 2004 жылдың тамыз айында операцияға келісімін береді. 2009 жылы Стив Джобс жарты жылға демалыс алады. 2009 жылы сәуір айында бауырын ауыстыру операциясын жасатады. Осыдан кейін 2010 Стив Джобс өзінің атқарушы директор қызметіне белсене кіріседі. Бұл жыл өткен 2009 жылға қарағанда жақсы жағын көрсетті. Джобс корпорацияның көптеген шараларына қатысып, сахнадан Apple-дың өнімдерін өзі ұсынды. Ең ірі жаңалық сөзсіз 2010 жылы қаңтар айында Джобстың өзімен ұсынған iOS базасында жасалған iPad, - планшеты болды.
2011 жылдың 2 наурыз айында Стив Джобс Apple-дың iPad2 планшетін презентациялауға қатысады. Денсаулығына қарамастан Стив дербес компьютердің орнын басатын өнімді презентациясын өткізеді. 2011 жылдың 24 тамызында Стив Джобс Apple-дың бас директорлық қызметінен кететіні туралы жариялайды. Бұл орынға Тим Куктың кандидатурасын ұсынады. 2011 жылдың 5 қазанында айықпас дертінен Стив Джобс өмірден өтеді. Стив Джобс сөзсіз атақты адам болып табылады. Ол бес ірі индустрияның дамуына зор үлесін қосты: Apple ІІ дербес компьютерінде және Macintosh, iPod музыкада және iTunes, iPhone телефонында және Pixar анимациясында. Хиппи – орта шаруадан шыққан жігіт, жоғары білімі жоқ алып компьютер империясын салды, бірнеше жылда мультимиллионер атанды, өз компаниясынан қуылып, он жыл мерзімде қайта оралды, сөйтіп, әлемнің белгілі корпорациясына айналдырды. Сонымен қатар компанияның құрылуына үлкен үлесін қосты. Ол анимациялық фильм индустриясының көшбасшысы атанды. Жылдар өткен сайын оны белгілі бизнес басқарушысы және қайталанбас сиқыршы деп атады. Ол технологияны еліктіргіш және эстетикалық, қолдануда оңай етіп жасағаны миллиондаған адамдардың өмірін өзгертті [9, б. 456].
Әдебиеттер тізімі
1. Стив Джобс о бизнесе: 250 высказываний человека, изменившего мир // The Business Wisdom of Steve Jobs. –М.: Альпина Паблишер, 2012. - 256 с
2. Айзексон У. Стив Джобс // Steve Jobs: A Biography. –М.: Астрель, 2012. -688 с.
3. Янг Дж. С., Саймон В. Л. іКона. Стив Джобс //iCon. Steve Jobs. – М.: Эксмо, 2007.-370 с.
4. Кени Л. О чём думает Стив Джобс.- М.: АСТ, 2012. - 284 с.
5. Галло К. Правила Джобса. Универсальные принципы успеха от основателя Apple // М., 2011. -240 с.
6. Возняк C., Смит Д. Стив Джобс и Я. Подлинная история Apple // iWoz. – М.: Эксмо, 2011. -288 с.
7. Бим Дж. Стив Джобс от первого лица // М.: Олимп-Бизнес, 2012. - 176 с.
8. Элиот Д., Саймон У. Стив Джобс: уроки лидерства. – М.: Эксмо, 2012. -336 с.
9. Айзексон У. Стив Джобс // Steve Jobs: A Biography. –М.: Астрель, 2012. - 688 с.
Достарыңызбен бөлісу: |