Майлы дистрофия (грек. dys - бұзылу, trophe - қоректену) - май
жасушаларының протоплазмасының бұзылуымен қабаттасатын, май тiнiне
қатысы жоқ жасушаларда майлардың артығымен жиналуы.
Майлы декомпозиция (лат. decompositio – қайта құрылу) - нәруыздық-
липидтiк комплекстердiң бұзылуынан жасушада майдың жиналуы.
Кетоз - бауырда кетондық денелердiң түзiлуi (ацетон, ацетосiрке және бета-
гидроксимай қышқылдары), олардың тiндерде тотығуынан басым болуымен
сипатталатын аралық май алмасуының бұзылуы.
Семіздік - майлы тiндерде майдың артығымен жиналуы.
Гиперпластикалық семіру - май жасушаларының санының көбеюiне
байланысты май тiндерiнде майдың артығымен жиналуы.
Гипертрофиялық семіру - май жасушаларының көлемiнің ұлғаюына
байланысты май тiндерiнде майдың артығымен жиналуы. Бозбала шақта жиі
кездеседі.
Атеросклероз (грек. athere- ботқа + scleros- қатты) – артериялардың
интимасында липидтердiң, көмiрсулардың күрделі қосындыларының, қан
элементтерiнің және қанайналымдағы өнiмдердің ошақты жиналуымен, дәнекер
тiндердің түзілуімен және кальцийдің шоғырлануымен көрінетін көптеген
өзгерiстердің жиынтығы.
Дислипопротеинемия (грек. dys – бұзылу + lipos - май + protos - бірінші +
haima - қан) - түрлі липопротеидтер арасындағы қатынастардың бұзылуы.
Атерогендік липопротеидтер (грек. athere - ботқа + genēs - туындау) –
атеросклероз дамуына ықпал ететін липопротеидтер; оларға тығыздығы төмен
және тығыздығы өте төмен липопротеидтер жатады.
Антиатерогендік липопротеидтер – атеросклероз дамуына кедерге
келтіретін липопротеидтер; оларға тығыздығы жоғары липопротеидтер жатады.
Атерогендік коэффициент:
Жалпы холестерин - Холестерин ТЖЛП
К= -----------------------------------------------------
Холестерин ТЖЛП
Қалыптаы жағдайда 3 -ке тең. Осы коэффициент жоғарлаған сайын жүректiң
ишемиялық ауруының даму қауiпi өседi.
Достарыңызбен бөлісу: |