Салық – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерлемеде, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер
экономикалық мәнін ашатын негізгі фискалдық функциясы салықтар мемлекеттік бюджет кірісінің басым құрамдас бөлігі болуымен байланысты
реттеуші қызметі мемлекеттің экономикалық саясатының міндеттерін салық тетіктері арқылы шешуге бағытталған
ынталандырушы қызметі
тежеуші қызметі
ұдайы өндірістік қызметі
әлеуметтік қызметі қоғамдық кірістерді қайта бөлуден тұрады
Мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көзі - салықтар
табыс салығы (жеке тұлғаларға, кәсіпорын пайдасына, әлеуметтік қорларға салықтар (салымдар);
шығынға салынатын салық (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, сыртқы экономикалық әрекетке салынатын салық);
мүлік салықтары (меншікке, сыйлыққа және мұраға салынатын салықтар).
Салықтар
тікелей салықтар тікелей жеке және заңды тұлғалардан алынады (табыс және мүлік салықтары)
жанама салықтар тауарлар мен қызметтердің бағасына қосылу арқылы төленеді (қосылған құн салығы, сатуға салынған салық, акциздер мен кедендік баж салықтары)
Салық
Прогрессивті салықтар – табыстың өсуіне қарай орташа мөлшерлемесі өсетін салықтар. (Тікелей салықтар)
Регрессивті салықтар – табыстың өсуіне қарай орташа мөлшерлемесі төмендейтін салықтар. (Жанама салықтар)
Пропорционалды салықтар – табыс мөлшері өзгергенмен орташа мөлшерлемесі өзгермейтін салықтар. (Мүлік салығы)
Салықтың негізгі элементтері
Элемент
|
Мазмұны
|
Салық объекті
|
Заңмен белгіленген тәртіпте салық салынатын заттардың жиынтығы (ақшалай табыс, тауарлы-материалдық құндылықтар, нақты ақшалай бағасы бар мүлік және т.б.)
|
Салық субъекті
(салық төлеуші)
|
Заңға сәйкес салық төлеуге міндетті жеке және заңды тұлғалар
|
Салық агенті
|
Мемлекеттің бюджеттік шоттарына салық сомасын тікелеу аударушы тұлға немесе мекеме
|
Салық көзі
|
Субъекттің салық төлейтін табысы
|
Салық мөлшерлемесі
|
Салық салынатын әрбір бірліктен алынатын салық мөлшері. Салық мөлшерлемесі елде жүргізіліп отырған салық саясатының түрі мен мақсаттарына қарай әр түрлі болады: қатаң, үлестік, пропорционалды, прогрессивті және т.б..
|
Салық базасы
|
Объекттің салық салынатын бірліктермен көрсетілген, салық мөлшерлемесі қолданылатын бөлігі
|
Салықтық жеңілдік
|
Субъекттің салық төлеуден толық немесе ішінара босатылуы
|
Салықтық кезең
|
Салық базасы қалыптасатын мерзім
|
Достарыңызбен бөлісу: |