ТАҚЫРЫБЫ: «Патофизиология пәні, міндеттері»
Патофизиология /гр. pathos- ауру, бұзылыс, дерт +logos- iлiм+physis-табиғат +
logos- iлiм / – ол ауру организмнің бұзылған қызметтерiн
зерттейтiн және ауру
дамуының, ағымының, аяқталуының жалпы
заңдылықтарын анықтауды өз
мақсаты ретiнде қоятын iлiм.
Клиникалық патофизиология – патофизиологияның бөлiгi. Негiзгi міндеттері:
а) адамның әр ауруындағы жүйелер мен ағзалар қызметтерi бұзылыстарының
сипатын
және ауырлығын зерттеу; ә) ауру патогенезі және оның клиникалық
көріністері арасындағы өзара байланыстарын анықтау; б) патологиялық процестiң
зақымдалған ағзаға және ауру организмнiң басқа ағзалары мен жүйелерiне әсер
ету деңгейiн анықтау; в) функциялық диагностика әдiстерiн меңгере бiлу; д) адам
ауруына
байланысты диагностика, алдын алу және емдеу жағынан жаңа
нұсқауларды өңдеу.
Тәжірибе (лат. еxperimentum – сынау, тәжірибе) –
басқарып, реттеп тұруға
ыңғайлы жағдайда зерттеу мақсатымен белгілі бір құбылысты жасанды түрде
шақыру не өзгерту. Бақылаудан айырмашылығы –
зерттеліп жатқан объектімен
өзара белсенді қатынаста болуда. Моделдеудің мәні – патологиялық
реакцияларды,
патологиялық процестерді, түрлі ауруларды үлгілеуде. Әдетте
тәжірибе ғылыми зерттеу барысында өткізіледі және де гипотезаны тексеру, түрлі
құбылыстар арасында себептік байланыстарды анықтау үшін маңызды.
Патофизиологияда тәжірибелік зерттеу объектісі – науқас адам. Көбіне тәжірибе
жануарларға өткізіледі.