Ретенциялық гиперазотемия – нәруыз алмасуының
соңғы өнімдерінің
шығарылмауынан, яғни бүйректiң бөлу қызметiнiң және несеп жолдарының
патологияларынан қанда қалдық азоттың мөлшерiнiң жоғарылауы (бүйректік
жеткіліксіздік).
Қалдық азот- мочевина азотынан (50%), аминқышқылдар азотынан (25%)
және басқа азоттық өнiмдерден (25%) тұратын қандағы нәруыздық емес азот.
Гиперурикемия (грек. hyper – жоғары, басым + uricum – зәр қышқылы +
haima - қан) – қанда зәр қышқылы мөлшерiнiң жоғарылауы.
Подагра (грек. pus (podos) – аяқ +
agra - қақпан, , «аяқтағы қақпан») - зәр
қышқылы түзiлуiнiң және бөлiнуiнiң бұзылуынан зәр қышқылы тұздарының
буындарда, сiңiрлерде жиналуымен сипатталатын ауру.
Гипопротеинемия (грек. hypo – төмен, аз + prōtos - бірінші
+ haima - қан) –
негізінде
альбуминдердің азаюынан, қанда нәруыздардың жалпы мөлшерінің
төмендеуі (60г/л аз).
Гиперпротеинемия (грек. hyper – жоғары, басым + prōtos - бірінші
+ haima -
қан) - қанда нәруыздардың жалпы мөлшерінің жоғарылауы (85 г/л көп).
Абсолютті гиперпротеинемия қанда глобулиндердің синтезделуі артқанда
байқалады (миеломды ауруда, аутоиммундық ауруларда).
Салыстырмалы
гиперпротеинемия қан қоюланғанда байқалады (сусыздану кезінде).
Диспротеинемия (грек. dys – бүліну, бұзылу + prōtos - бірінші
+ haima - қан)
- қанда нәруыздардың жалпы мөлшері қалыпты, ал олардың бөлек
фракцияларының арасындағы қатынастың бұзылуы.
Қалыпты жағдайда
альбуминдік-глобулиндік коэффициент 1,5 – 2,5 тең.
Парапротеиндер (грек. para - жанында, алшақ + prōtos - бірінші) – қанда
ақаулық (патологиялық) нәруыздардың – парапротеиндердің пайда болуы. Бұл
сапасы өзгерген гамма-глобулиндер. Антидене түзетiн
жасушалардың бөлек
клондарының өнiмдерi болып саналады
Криоглобулиндер (грек. kryos -суық, аяз) - суықта преципитацияланатын,
қоймалжың
зат тәрізді болып қалатын, иммуноглобулиндiк ерекшелiктерi бар
патологиялық нәруыздар.
Дефектпротеинемия - отсутствие в крови того или иного плазменного
белка. Обычно наследственная патология, при которой в крови отсутствует одна
из белковых фракций (например, агаммаглобулинемия – болезнь Брутона.
Ақаулық протеинемия- қанда плазмалық нәруыздардың болмауы. Қанда бір
нәруызды фракцияның жоқтығы тұқым қуалайтын патология болып табылады. (
мыса-лы, агаммаглобулинемия- Брутон ауруы; афибриногенемия).