Ес дегеніміз – адам тəжірибесін есте тұту, сақтау жəне
қайта жаңғырту жолымен
бейнелендіреді. Естің негізінде ассоциоциялар немесе байланыстар жатады. Дүниедегі
бір-бірімен байланысты зат немесе құбылыстар адамның есінде байланысын сақталады.
Физиологиялық жағынан алғанда ассоциация уақытша нервтік байланыс болып саналады.
Естің негізгі процестері есте сақтау, қолда ұстау, тану, қайта жаңғырту.
Іс-əрекет сипатына қарай, ес мынандай 3 түрге негізделіп бөлінеді.
1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық
сезімдік, бейнелі-көрнекілік жəне сөздік мағыналық.
2. Іс-əрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті,еріксіз ес.
3. Адамның материалды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа
жəне ұзақ мерзімді есте сақтау.
Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тəсілін-мнемоника деп аталады. Өмір сүру
қызмет атқару барысында жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне қарай адамда естің даралық
жəне типтік ерекшелігі қалыптасады. Естің (индивидуалдық)
даралық ерекшеліктерімен
біріншіден, жəне адам ерекшеліктерімен байланысты болады.Екіншіден даралық
айырмашылық ес санасынан көрінеді. Ес санасы есте ұстау шапшаңдығы, сақтау
беріктілігі жəне қайта жаңғырту жеңілдігімен сипатталады.
Естің типологиялық (типтік) ерекшеліктері.
Ес түрлерінің бірінің басымырақ болып қалыптасуы жеке адам ерекшеліктеріне, адамның
іс-əрекет ерекшеліктеріне байланысты болады.
Есті зерттеу теориялары.
1. Ассоциативті теория. Негізін салушылар Г.Эббенгауз жəне Г.Мюллер т.б.
2. Гештальт теориясы.
3. Естің мағыналық теориясы. Негізін салушылар А.Бине, К.Бюлер.
4. Информациялық – кибернетикалық теория.
5. Іс - əрекет саласындағы теориясы. Зерттеуші өкілдері: А.Леонтьев, П.Зинченко,
Л.Смирнов. Барлық теорияның да ес процесінде өзіндік орны, негізі бар.
5.5. Ойлау процесі
Ойлау (процессінде) заттар мен
құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың
арасындағы табиғи байланысы мен қатынасын бейнелейтін психикалық процес.
Əрбір адамның шындықты танып білуі тікелей сезім мен ойлау арқылы бір – біріне
ауысып, өзара байланысты түрде адам танымын толықтырып отырады.Сонда нақты
пайымдаудан абстрактылы ойлауға, одан тəжірибеге көшіп отыру ақиқатты танып білудің
диалектикалық жолы болып табылады.
Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процес болғанымен ол табиғаты
жағынан əлеуметтік болады.
Ойлаудың таным сатысы ретінде айрықша ерекшелігінің бірі – сөзге,
тілмен
қатыстылығы.
Ойлаудың проблемалығы. Ойлау əрқашан бір мəселені шешуге бағытталады. Мəселені
шеше отырып, адам бір нəрсені біледі, түсінеді, түсіндіреді, сырын ашады т.б.
Ойлау формулалары
Ойлау формулалары: пікір, ұғым, ой қорытындысы.
Ұғым - дегеніміз елеулі белгілердің бір тектестігі жағынан біріккен заттарды
жалпылама білу.
Пікір - дегеніміз құбылыстар арасында байланыс орнату немесе белгілі бір зат,
құбылыс туралы ойын айту, қатынасын білдіру.
Ой қорытындысы – бар деректер негізінде жасалған тұжырымдар. Олар индуктивті,
дедуктивті, традуктивті болады.
Индуктивті – бірнеше жеке жағдайдан шығатын ой қорытындысы.
Дедуктивті - жалпы заң ережеден жəке жағдайға ауысатын ой қорытындысы.
Традукітивті (аналогиялық) – жекеден жекеге немесе жалпыдан жалпыға
ұқсастықтарына қарай ой қорытындылары.
Адамның мəселе шешудегі жеке тəсілі, ой əрекеті ой
операциялары немесе ой
процестері деп аталады.
Талдау (анализ), біріктіру (синтез), салыстыру, жалпылау, нақтылау т.б.
Ойлау түрлері
1. Ойлау түрлері түрлі ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
2. Таным ерекшелігіне қарай: теориялық, эмперикалық.
3. Мазмұнына қарай: көрнекті əрекеті, көрнекті – бейнелік, сөздік – логикалық.
4. Əрекетіне қарай: вербальды, көрнекілік.
5. Қызметіне қарай: шығармашылық (творчестволық), сыншылдық (критика).
6. Рефлексияға қарай: интуктивті, рациональды.
7. Шешілетін мəселенің сипатына қарай: теориялық, тəжірибелік.
Ойлаудың даму стадиялары
Достарыңызбен бөлісу: