Тақырып: Демократиялық саяси режим.
Жоспар:
1.Демократия -саяси режимдердің ең күрделі типі.
2.Қазақстан Республикасындағы демократиялық саяси режим.
1. Демократиялық саяси режим саяси режимдердің ең күрделі типі болып табылады. Демократиялық саяси режим халықтың биліктің қайнар көзі ретінде мойындалуымен айқындалып, азаматтардың қоғамдық өмірге және олардың саяси құқықтары мен бостандықтарын практикалық жүзеге асыру арқылы билік құрылымдарын қалыптастыру процесіне жаппай қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Демократиялық саяси режим әлемнің көптеген елдерінде кеңінен таралған. Шамамен алғанда 50 елде демократиялық режим өмір сүруде.
“Демократия” деген сөз (грек тілінде –демос – халық, кратос- билік ) халық үкіметі, халық билігі дегенді білдіреді. Дегенмен, ерте замандардан бастап, қазіргі уақытқа дейін демократияның мазмұны жөнінде талас тоқталмай келеді. Әр түрлі авторлар демократияны жекелеген құрамдас бөліктеріне, мысалы, көпшіліктің билігіне, оны шектеуге және оған бақылау жасауға, азаматтардың негізгі құқықтарына, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттікке, биліктің бөлінуі, жалпыға бірдей сайлау, жариялылық, әр түрлі пікірлер мен көзқарастардың тайталасына, плюрализмге, азшылықтың мүдделерін қорғау, теңдік, бірге қатысу т.б. назар аударады.
“Демократия” термині мағынасының эволюциясымен көпқырлылығы адамзат қоғамының дамуы мен байланысты. Монархтар мен аристократтардың басқаруымен салыстырғанда, демократия алғашқыда, азаматтардың тікелей басқаруы ретінде қарастырылды.
Демократия идеясы қайсыбір дәрежеде, жарқын болашақты армандаған көптеген ойшылдардың- Аристотель, Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Д.Локк, Ш.Монтескье, Ж.-Ж.Руссо, Т.Джефферсон, А.де Токвильдің және т.б. еңбектерінен орын алады.
Б.э.д. V ғасырдағы Афины қала- мемлекеті демократияның өмірге келген жері болып табылады. б.э.д.VІ- V ғғ. Афинада негізгі саяси институт Жиналыс болды, оған әдетте, 5-6 мың қатысушылар тартылды және еркек жынысты ересек азаматтардың барлығына есік ашық болды (әйелдер, құлдар және шетелдіктер қатарға кіргізілмеді.Жиналыс қарапайым көпшілік дауыспен ешбір құқықтық шектеусіз кез келген ішкі проблемаларды шеше алатын болды. Сотты құрамы 501 адамнан тұратын ант бергендер (присяжниктер) жүргізді. Сондай-ақ, олар адам кінәлі ме, жоқ па соны көпшілік дауыспен шешті.
Жиналыстың көшбасшысы сайланып қойылмады, жеребе тастау арқылы тағайындалды, себебі, афиналықтар кез келген азамат мемлекеттік қызметпен айналысуға қабілетті деп есептеді. Сонымен қатар, сайланған басқарушылар түріндегі арнайы атқарушы институттар да өмір сүрді. Алайда, неғұрлым маңызды шешімдерді қабылдау жауапкершілігі Жиналыстың азамат- мүшелерінің иығына жүктелді.
Демократияны түсінудің жаңа кезеңі Жаңа дәуірдегі VII –VIIIғғ. Буржуазиялық революция идеологтарының ықпалымен және АҚШ, Батыс Европа елдерінде демократиялық режимдер қалыптасу тәжірибесінің ықпалымен орнықты.
Демократия идеологтары мемлекеттегі биліктің қайнар көзі ретінде халық егемендігін жариялады, биліктің заң шығарушы органдарын қалыптастырудағы, билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлудегі, шешімдер қабылдау мен олардың орындалу барысындағы азшылықтың көпшілікке бағынуындағы, биліктің негізгі органдарын сайлаудағы азаматтардың тең құқықтылығы мойындалды.
Қазіргі батыс саясаттануында плюралистік демократия тұжырымдамасы (Д.Даль, Д.Расмен), элитарлық-демократиялық теориясы (У.Донхофф, Т.Дай, Г.Цайглер, И.Шумпетер) және партисипаторлық демократия теориясы (Д.Макферсон және т.б.) кеңінен қолдау тауып отыр.
Демократиялық дамудың қазіргі кездегі теориясы мен тәжірибесі демократиялық режимдердің негізгі екі типін ажыратады: Элитарлы-демократия және әлеуметтік демократия режимі.
Достарыңызбен бөлісу: |