ДӘРІС-14
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Салыстырмалы тарихи тіл білімі және тілдегі шылаулар туралы ілім.
Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады.Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жайт 19-ғасырдың алғашқы онжылдығында орныға бастайды. Әрине, жаңа әдістің қалыптасуы–ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. 18ғасырдың соңғы жартысымен 19-ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
19-ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді. 1816 жылы неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстығы дәлелденді.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылардың жолын ұстанған басқа да ғалымдар болды.Олар салыстырмалы-тарихи әдіспен үндіеурола семьясына жататын тілдерді жекелеп те, топтап зерттей отырып , олардың арасындағы бірлік пен өзгешеліктерін, бір-біріне жақындық дәрежелерін айқындады.
Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың ерекше назар аударған мәселесі- үндіеуропа семьясына жататын тілдердің шыққан төркіні, ол төркіннің қандай сипатта болғанын айқындау болды.
Бақылау сұрақтары:
1. Еуропалық тіл білімінің дамуы неден басталды?
2. Салыстырмалы-тарихи әдіс негізіндегі оқулықтар қай кезде жарық көрді?
3. Салыстырмалы-тархи тіл білімінің негізін салушылар кім?
4. 1816 жылы жарық көрген Ф.Бопптың жайлы не айта аласыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қордабаев . Т. Жалпы тіл білімі. Алматы, 1999.
2. Қалиев .Б. Жалпы тіл білімі . Алматы, 2000.
3. Хасенов. Ә. Тіл білімі. Алматы, 1996
.
Достарыңызбен бөлісу: |