Эссе
Менің өмірімдегі және мамандықтағы жантану
Мен үшін жантанудың артықшылығы - бұл біздің өміріміздің әр компонентін иелену қабілеті. Мектеп, университет, жұмыс, отбасы, адамдармен қарым-қатынас, жеке тәжірибе - күн сайын біз көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, күрделі жағдайларды жеңуге талпынамыз және бұл кезде бізге жантану көмектеседі.
Мүмкін әр адамда жантану жағынан сол оқиғаға дайын болу керек деген ойға әкелетін өз өмірінде бір оқиға болуы мүмкін. Соның бірі қазіргі заманда адамдарға теледидар мен интернеттің маңызы зор болып тұр. Жоғары ақпараттық технологиялар ғасырында өмір сүргеніміз жақсы әрине, бірақ адамдар әлі “фильтірлеуді” және үлкен ақпарттар ағынына бейімделуге үйренуі қажет.
Менің түсінігімде жантану - адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын зерттейді. Жалпы алғанда, адамдар қарым-қатынастарын зерттеу үдерісі өте қиын, себебі, әрбір адамның ішкі әлемі ерекше болып табылады. Сондықтан жантану адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл ішкі жеке мотивтерді адамға жетелейтінін, оның мінез-құлқына және іс-әрекетін анықтауға көмектеседі.
Ал менің өз өмірімдегі жантанудың маңызы өте ерекше. Өйткені мені қоршаған нәрсе менің ойыма әсер етеді. жантану мені өз-өзімді жақсы меңгеруге көмектеседі, адамның жеке қарым-қатынасын тиімді түрде қалай қалыптастыратындығын және ең бастысы, отбасы мүшелерімен және туыстарымен қарым қатынас жасауда пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Және де жантану өз-өзімді тануыма, қызығушылығым арқылы жақсы мамандық таңдауыма себепкер болды деуге болады. Яғни жеке тұлға болып қалыптасуымның алғашқы баспалдағын құрастыруымның көмекшісі болды. Егер біраз ойлансақ адамдардың өздері - психолог сияқты екен. Мысалы сіз біреумен таныссаңыз, сіз ол адамды бақылап, ой түйін жасаймыз, ол адам туралы ойларымыз миымызда жинақталады. Біз барлық әсерлерімізді жинап бір тиянақты ойға келеміз де біз оның тұтас бейнесін жасаймыз. Сол кезде біздің миымыз ұнайды я ұнамайды, онымен байланысты жалғастыру я жалғастырмау туралы үкім шығарады деп ойлаймын.
Психологияны білім беру жүйесінде, денсаулық сақтаудың және де басқа кәсіптердің ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға болады. Әр түрлі кәсіби салаларда психологиялық білімді пайдалану толығымен негізделген.
Әр адам мамандық таңдағанда, ол мамандықпен кейін жұмыс істей аламын ба деген сұрақтар жайлы ойлап, өзін жантану жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына жантану тұрғысынан дайындайды. Мен мамандығымды таңдарда дәл осыдай жантану тұрғысынан ойланып шешім қабылдадым. Әр студенттің, әр адамның психологиясы әр түрлі. Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет болып табылады. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің жантану туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді. Бұл басқа адамдардың жүректерін жаулауды жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |