Жаман жолдас



Дата23.09.2024
өлшемі21.39 Kb.
#503895
уй тапсырмасы


Жаман жолдас
Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?
Ауру айтты дейді:
- Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.


Бір уыс мақта
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты:
- Балам, дүниедегі жаратылған жәндік-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,- деп.
Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:
- Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас, - деп.
Шешесі:
- Балам, сол да жерде қалмайды,- деді.
Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана алып, ұшып кетті.
Қыз әжесінен:
- Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылады? - деп сұрады.
Әжесі айтты:
- Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді.

Асыл шөп
Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесине бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха ахлап-ухлеп шаршадым дел, Бәтима күліп, әзілдесип келе жатады. Сонда Злиха айтты:
- Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығыда менің басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің?
- Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым деді Бәтима.
- Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, менде ауырымды жеңілдетейін - деди Злиха.
- Ол шөп сенің қолыңа түспейме деп қорқамын аты: сабыр деген - деді.

«Жалғасын тауып көр»
Ы.Алтынсариннің жинақтаған мақал-мәтелдерінің жалғасын табу
1-топ

  1. Ісі жоқтың- ... (асы жоқ)

  2. ....- қылыштан өткір (тіл)

  3.  Берсең – аларсын, ... (ексең орарсың)



2-топ

  1. Өнерлі өлмес, ...(Өнерсіз күн көрмес)

  2. Жақсы сөз -... (жарым ырыс)

  3. Жері байдың-...( елі бай)

3-топ 

  1. Талапты ерге ...(нұр жауар)

  2. Ауру қалса да ... (әдет қалмайды)

  3. Жақсылық қылсаң, ... (бүтінқыл)

Кім жүйрік? 
Әр топқа Ы.Алтинсариннің жинақтаған жұмбақтарынан жұмбақтар жасырылатын болады.

  1. Отыз омыртқа, қырық қабырға, бәрін бастаған ауыз омыртқа. (киіз үй)

  2. Кішкене ғана безер, дүниені кезер.

(Ақша)

  1. «Ти» десем - тимейді, «тиме» десем тиеді 

( ерін)

  1. Үй үстінде –уақ тас

 ( жұлдыз)

  1. Әкесі ұлын көтереді, ұлы бөрігін көтереді

 (Үй керегесі, уық, шаңырақ) 

  1. Елу аяқты,екі қолды, салады елу аяқпен жалғыз жолды

 (ара)

  1. Жаны жоқ болса да, ақылды адамдың ісін істейді 

(кітап)

  1. Айдың көлде алтын тас, ау салса да-алынбас

 (тас) 

  1. Кереге басында- ақ жаулы

 (күн сәулесі)


«Жалғасын тауып көр»
Ы.Алтынсариннің жинақтаған мақал-мәтелдерінің жалғасын табу

  1. Ісі жоқтың- ...

  2. ....- қылыштан өткір

  3. Берсең – аларсын, ...

  1. Өнерлі өлмес, ...

  2. Жақсы сөз -...

  3. Жері байдың-...

  4. Талапты ерге ...

  5. Ауру қалса да ...

  6. Жақсылық қылсаң, ...



Кім жүйрік? 
Әр топқа Ы.Алтинсариннің жинақтаған жұмбақтарынан жұмбақтар жасырылатын болады.

  1. Отыз омыртқа, қырық қабырға, бәрін бастаған ауыз омыртқа.

  2. Кішкене ғана безер, дүниені кезер.

  3. «Ти» десем - тимейді, «тиме» десем тиеді 

  4. Үй үстінде –уақ тас

  5. Әкесі ұлын көтереді, ұлы бөрігін көтереді

  6. Елу аяқты,екі қолды, салады елу аяқпен жалғыз жолды

  7. Жаны жоқ болса да, ақылды адамдың ісін істейді 

  8. Айдың көлде алтын тас, ау салса да-алынбас

  9. Кереге басында- ақ жаулы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет