Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



Pdf көрінісі
бет66/68
Дата13.02.2023
өлшемі2.25 Mb.
#469484
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
5ББЖБ тіл

Аспан 
 
 
Аспан, аспан күмбезі – бақылаушыға киіз үйдің төбесі сияқты болып 
көрінетін күмбез. Күн, Ай, жұлдыздар, т.б. аспан шырақтары бізден өте қашықта 
болғандықтан, олардың ара қашықтығының айырмашылығы бізге сезілмейді. 
Сондықтан олар аспан күмбезінде орналасқандай әсер береді. Ашық далада аспан 
жалпайып көрінеді, яғни күмбездің төбесіне қарағанда, оның іргесі (көкжиек
қашықтағандай болады. Биік үйдің қасында тұрған адамға аспан күмбезі 
көкжиекке қарағанда биік болып көрінеді. Ауа қабаты көгілдір, көк, 
күлгін сәулелерді күштірек шашырататындықтан аспан күмбезі көк түсті болып 
келеді. 


99 
Жердегі аспан түрі тәулік уақытына, жыл мезгіліне және ауа-райына 
байланысты. Аспанда әдетте бұлттар, жұлдыздар мен Жер серігі – Ай көрінеді. 
Ұшақ ішіндегі аспан көрінісі жер бетінің аралығында көк түсті болып 
көрінетін атмосфера қабаты болып табылады. 
Күннің шығысы немесе батысы кезінде сары, сарғылт және қызыл түстерді 
аспанда көруге болады. 
Түндегі аспанда қара түстің дақтары көрінуі мүмкін. Ай, жұлдыздар және 
т.б. астрономиялық нәрселер айқын көрінуі мүмкін. (137 сөз) 
(https://kk.wikipedia.org/wiki/) 
Оқылым 
Тапсырма 
Мәтіндерді оқып, олардың жалпы қысқаша мазмұны мен нақты ақпараттарды 
ажыратып көрсетіңіз.
[10] 
А мәтіні
Жер – ғарыш денесі 
 
Бұлтсыз ашық айлы түнде аспан әлемінде сансыз жарқырап тұрған 
жұлдызды көресің. Жұлдыздар жерден өте алыс орналасқан. Сондықтан олар 
біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Жай көзбен 
қарағанда аспан әлемінен 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі заманғы ең 
жаңа құралдармен есепке алынғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың 
болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді. 
Жұлдыз – газдан тұратын аспан денесі.
Жерге ең жақын жұлдыз – Күн. Күн, ай, жер – ғарыштық денелер. Күнді 9 
ірі аспан денелері айналып жүреді. Олар ғаламшарлар (планета) деп аталады. 
Ғаламшарлар – «адасушы жұлдыз» деген сөз. Ғаламшар – өздігінен жарық 
шығармайтын салқын денелер. Ғаламшарлардың жұлдыздан айырмашылығы 
өздігінен жарық шығару мүмкіншілігі жоқ, күн сәулесінің шағылысуынан 
жарқырап тұрады. Енді планеталарға тоқталып өтейік. Күн және оны айналып 
жүретін ғаламшарлар мен олардың серіктері күн жүйесін құрайды.
Күн жүйесі – әлем кеңістігінің немесе ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі 
ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді.
Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Жерді қоршаған бүкіл дүние – әлем немесе 
ғарыш деп аталады. (157 сөз) 
(http://bilimdiler.kz/) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет