Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы
«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы»
Грамматика туралы жалпы түсінік
Көмекші құрал
Тараз - 2012ж
Жинақтаған: «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» оқытушысы
Кенбаева Гүлназ Жасталапқызы
Бұл көмекші құрал мемлекеттік тілді оқып үйренушілерге арналған бағдарлама негізінде жинақталған.
Көмекші құрал қазақ тілінің грамматикалық негіздерін меңгерген, лексикалық қоры бар тіл үйренушілерге арналған.
Оқытудағы негізгі мақсат – кәсіби тілді дамытып меңгерту. Тіл үйренушілердің сөйлеу қабілеттерін жетілдіру, кәсіби сөз байлықтарын толықтыру.
Көмекші құрал екі бөлімнен тұрады. Олар бірнеше тақырыптарға бөлінген. Тақырыптар үйренушілердің сөйлеу, оқу, жазу, түсіну дағдыларын дамыту үшін түрлі грамматикалық, жаттығулар мен лексикалық мәтіндер, сұрақ-жауап, термин сөздер, тест тапсырмаларынан тұрады. Берілген мәтіндер мен тапсырмалар тіл үйренушілерді кәсіпке байланысты ғылыми деректермен хабардар етіп, ой-өрісін дамытуға және қазақ тілін үйренуге мол мүмкіндіктер туғызады.
Көптеген тапсырмалар ауызша орындауға берілген, себебі бұл тыңдаушылардың өз ойын тез жеткізуге үйретіп, дағдыландырады.
Сонымен қатар көмекші құралда қазіргі заман талабына сай дамыту міндеттерін шеше білу мақсаты көзделді. Бүгінгі күн тынысын дер кезінде аңғаратын, саналы, парасатты азамат болу үшін әрбір адамның бойында ұғымдар, саналы білім болуы керек.
Көмекші құрал мемлекеттік тілді үйреніп, оның ішкі сырына үңіліп, қазақ тілінің заңдылықтарын саналы түрде меңгеруде, тұрақты емле ережелеріне негізделген.
Көмекші құрал мемлекеттік тілді үйренушілерге көмек ретінде ұсынылады.
І тарау. Грамматика туралы жалпы түсінік
«Грамматика» сөзі гректің «грамма» – әріп, таңба деген сөзінен туындайды. Бастапқыда «грамматика» сөзі әріпті оқу, жазу өнері мағынасында қолданылған. Қазір ол – тіл білімінің, сөздің тұлғасын, құрылысын, құрамын, оның өзгеруін, тіркесу қабілетін, тәсілдерін және сөйлемді зерттейтін үлкен бір саласы.
Грамматика екі тараудан – морфология және синтаксистен құралады.
Гректің «морфе» – форма сөзі негізінде қалыптасқан. Тіліміздегі әр сөздің өзіне тән грамматикалық құрылысы болады. Сөздің грамматикалық құрылысы деп сөз құрамының өзгеру, мағына тудыру және түрлендіру ерекшеліктерін айтады. Сондықтан сөздің грамматикалық құрылысы көбіне сөздің құрамына байланысты. Ал сөздердің құрамы біркелкі болмайды. Құрамындағы мағыналы бөлшектердің саны мен сапасына қарай әрқилы болады.
1.1. Сөздердің жасалуы
Тіл және сөздің жасалуы – талай заманның жемісі. Тіліміздің сөздік құрамы көптеген замандар бойында дамып, жаңа сөздермен толығып, байып келеді. Туынды сөздердің жасалуына байырғы сөздер ұйытқы болады. Жаңа сөз мына тәсілдермен жасалады:
-
жұрнақ жалғану арқылы (егін, егіншілік, егіс, егінді);
-
сөздердің бірігу тәсілі арқылы (асқабақ, аққу, шекара, бірқазан);
-
сөздердің қосарлану тәсілі арқылы (ата-ана, темір-терсек, жора-жолдас)
Қазақ тілінің лексикасы басқа тілден енген сөздер арқылы да толығып, дамып отырады. Дүниежүзіндегі халықтар бір-бірімен қарым-қатынаста болып, бірінен екіншісіне сөз ауысып отырады. Қазақ тілі лексикасында араб-иран тілдерінен (ғасыр, қайрат, мағлұмат), орыс тілінен (самаурын, жәшік, бәтеңке), батыс еуропа тілдерінен (курорт) сөздері енген. Жалпы қазақ тілі лексикасында орыс тілінен енген сөздер өте көп.
Түбір сөз дегеніміз әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, жаңа сөз жасауға негіз болатын ең кіші және мағыналы сөз бөлшегі (қар, бидай, балық).
Түбір сөзге қосымша жалғану арқылы жасалған жаңа мағыналы сөзді туынды түбір дейді: жұмыс-шы, біл-ім-гер. Туынды сөзге қосылып жаңа мағыналы сөз тудырып немесе сөзді түрлендіріп, басқа сөзбен байланыстырып тұрған бөлшегін қосымша дейміз. Қосымшаның қазақ тілінде екі түрі бар: жұрнақ және жалғау. Өзінің жалғанған сөзінен жаңа мағыналы сөз тудыратын қосымша сөз тудырушы жұрнақ, ал жалғанған сөзінің негізгі мағынасын өзгертпей, оған тек үстеме мағына қосатын қосымша сөз түрлендіруші жұрнақ деп аталады. Мысалы: жұмыс-шы, жұмыс-кер деген сөздерге жалғанып тұрған -шы, -кер тәрізді сөз бөлшегі жаңа мағыналы сөз жасап тұр.
Ал, жалғау – жалғанған сөзін екінші бір сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, соларды өзара байланысқа түсіріп тұратын грамматикалық тұлға. Қазақ тілінде төрт түрлі жалғау бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.
Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі мағынасы және қызметі болады. Сөз құрамы деген ұғымға түбір мен қосымша деп аталатын бөлшектер кіреді. Сөз жалғыз бір түбірден де (кітап, бала,сөз), түбір мен қосымшадан да (білім, білімгер), түбір мен түбірден (есепшот, ата-ана) құралады.
Сөз құрамының кестесі
Жұрнақ
Жалғау
Күрделі
Сөз тудырушы
Септік жалғау
Жіктік жалғау
Көптік жалғау
Тәуелдік жалғау
Сөз түрлендіруші
Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейді. Мысалы: Балалық, кітапханашымен, мамандықтар. Мұндағы бала, кітап, маман -түбір, -лық, -хана, -шы, -мен, -дық, -тар – қосымшалар деп аталады.
Қосымша екіге бөлінеді:
-
жұрнақ
-
жалғау
Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертеді немесе жаңа мағына тудырады. Жұрнақ екіге бөлінеді: сөз тудырушы, сөз түрлендіруші.
Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, жаңа мағына үстейтін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақ деп атайды. Жұрнақтар жалғану арқылы сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады.
Түбірге қосымша мән үстеп тұратын жұрнақтың түрлерін сөз түрлендіруші жұрнақ деп атайды.
ТҮБІР СӨЗ (НЕГІЗГІ МОРФЕМА)
Екі дыбысты, бір буынды
|
Үш дыбысты, бір буынды
|
Төрт дыбысты, бір буынды
|
Үш дыбысты, екі буынды
|
6-7 дыбысты, екі-үш буынды
|
Ат
|
Сөз
|
Қант
|
Ата
|
Терезе
|
Ел
|
Қар
|
Жент
|
Ана
|
Жоғары
|
Он
|
Сең
|
Төрт
|
Аға
|
Домбыра
|
Ақ
|
Жас
|
Қайт
|
Апа
|
Жапырақ
|
Ор
|
Кет
|
Сырт
|
Әже
|
Шағала
|
Кестеде көрсетілген сөздердің бәрі – түбір сөздер
Осындағы ат сөзіне мән беріп көрелік. Бұл сөзде екі дыбыс, бір буын бар. Ат сөзі «көлік», «жылқы» және «кісі есімі» деген ұғымдарды білдіреді. Бұлар am сөзінің омоним мағынасында жұмсалып тұрғандығын көрсетеді. Осы ізбен келесі бағандардағы ата, қант, терезе сөздерін алып қарасақ, әрқайсысының өзіне тән лексикалық мағынасы барлығын және ата сөзі үш дыбыстан, қант сөзі төрт дыбыстан, терезе сөзі алты дыбыстан тұратындығын байқаймыз. Егер осы сөздердің құрамынан бір дыбысын алып тастасақ, онда бұл сөздер не басқа мағынаға ие болады, не мағынасыз, әлде-қандай бір түсініксіз сөзге айналады.
Демек, түбір сөздерді бұдан әрі қарай бөлшектеуге болмайды. Сонымен бірге түбір сөздердің сырт көрінісінің өзі біркелкі еместігін байқаймыз. Қазақ тілінің түбір сөздері негізінен екі, үш, бес, алты дыбысты болып келеді. Ғалымдардың айтуына қарағанда, түбір сөздердің құрамындағы дыбыстар саны неғұрлым аз болса, сол сөз көне сөз болады.
Түбір сөз – сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі, негізгі қазығы, ұйтқысы, жаңа сөз жасаудың мағыналы бөлшегі.
Бұл айтылғандар – дара түбірлер. Бұдан басқа екі сөздің қайталануы арқылы жасалған түбірлер (may-may, қора-қора), сөздердің бірігуінен жасалған түбірлер (белбеу, басқұр), сөз тіркестері арқылы жасалған түбірлер де (он екі, қара сүр) болады. Егер түбір өздігінен ешқандай қосымшасыз жеке тұрып, белгілі бір мағынаға ие болса, оны негізгі түбір деп атайды. Егер түбірге қосымша қосылып, жаңадан түбір сөз жасалса, онда оны туынды түбір деп атайды. Ал осы туынды түбірден әрі қарай тағы да екінші бір сөз жасалса, онда мұны туынды сөз деп атайды. Мысалы: мал (негізгі түбір) мал-шы (туынды түбір), мал-шы-лық (туынды сөз).
Сондай-ақ, сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі (құрама), қысқартылуы арқылы жасалған сөздер күрделі сөздер делінеді. Тек қана түбірдің өзінен болған сөздер мен түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды түбірлер және туынды сөздер жалаң сөздер деп аталады.
Сонымен бірге момақан – момын, шалқақ – шалқасынан дегендердің түбірі бір кездерде мом, шалқ болған, бұл күнде бұларды түбір дейміз. Coндықтан, мом, шалқ өлі түбірлер деп есептеледі. Ал бас, бел түбірлерін бастық, белдік сөздерінен оп-оңай бөліп алуға болатындықтан, олардың түбір екеніне күмәнданбаймыз. Бұларды тірі түбірлер дейді.
Ғылыми-грамматикада жеке түбір сөздерді, сөздің мағыналы бөлшегін негізгі морфема дейді де, қосымшаны көмекші морфема деп атайды. Туынды түбірді сөз етпес бұрын қосымша дегеніміздің өзін түсініп алайық.
Жұрнақ
Жұрнақ сөзін түсіну үшін мына екі сөз тобына көңіл аударайық:
су
І
ІІ
лық ла
су
шы ар
сын сы
ат ар
Бірінші топтағы су сөзі – заттық ұғымды білдіретін түбір сөз, бұған -шы, -сын, -лық, -am тәрізді сөз бөлшектерін қосқанда, одан төрт түрлі (сушы, сусын, сулық, суат) заттық ұғымды білдіретін әркелкі жаңа сөздер пайда болады. Сондай-ақ, екінші топтағы сөздердің де су сөзі – заттық ұғымды білдіретін түбір сөз, ал бұдан -ла, -ар, -сы, -са жұрнақтары арқылы өрбіген сула, суар, сусы, суса сөздері қимылдық ұымды ғана білдіріп, су сөзінен мағыналық жағынан алыстап кетпеген сөздер боп қалады. Осы екі топтағы сөздердің бірін – сөз тудыратын, екіншісін сөз түрлендіретін жұрнақтар дейміз.
Сөйтіп, өзінің жалғанған сөзінен жаңа мағыналы сөз тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады. Мысалы, су, қой деген сөздерге -шы жұрнағын жалғау арқылы сушы, қойшы сөздері жасалады.
Жалғанған сөзінің алғашқы негізгі мағынасын өзгертпей, оған тек сәл ғана үстеме мағына беретін жұрнақтың түрі сөз түрлендіруші жұрнақ делінеді. Мысалы, су, қызыл сөздеріне -ла, -ырақ жұрнағын жалғау арқылы жасалған суда, қызылырақ сөздерін алсақ, мұнда алғашқы сөздер мағынасының сол ғана үстеме мағынасымен өзгеріп тұрғанын байқаймыз.
Демек, жеке сөздердің түбіріне жалғанып, бірде жаңа мағыналы сөз, бірде жалғанған сөздерінің формасын ғана өзгертетін сөз бөлшегін жұрнақ дейміз.
Ескерту. Құрамына қарай жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтін жұрнақтарды айтамыз. Мысалы: білім, кес-пе, малшы, ұйтқы, үйшік, әкелік дегендердегі -ім; -пе, -шы, -қы, -шік, -лік жұрнақтары мағына жағынан да тұлға жағынан да біртұтас. Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемінде екі я одан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақтар бар, ондай жұрнақтар құранды жұрнақтар делінеді. Мысалы: жайшылық, басыңқы, тұрғылықты, құранды дегендердегі -шы, -лық, -ың, -қы; - ғы, -лық, -ты; -а, -н, -ды мағына жағынан бір бүтін болғанымен, құрамы жағынан әркелкі жұрнақтардан бірігіп жасалған (жай-шы-лық, бас-ың-қы, тұр-ғы-лық-ты, құр-а-н-ды).
Кейбір жұрнақтар бірен-саран сөздерге ғана жалғанады да, көп сөздерге жалғанбайды. Мұндай жұрнақтар өнімсіз жұрнақтар делінеді. Олар мысалы, құмайт, шөлейт сөздеріндегі -айт, -ейт жұрнақтары.
Көптеген сөздерге жалғана беретін жұрнақтарды өнімді жұрнақтар дейміз. Мысалы, жұмысшы, айтар, оқулық дегендердегі -шы, -ар, -лық – өнімді жұрнақтар.
Сонымен бірге омоним жұрнақ деген де жұрнақтың түрі бар. Мысалы, мал-шы, егін-ші сөздеріндегі -шы, -ші жұрнақтары зат есімнен зат есім тудыратын жұрнақтарға жатады. Сол сияқты -қ жұрнағымен келген сөздерді өзара салыстыруға болады: сұра-қ, ашы-қ, т. б. Жұрнақтар төл жұрнақтар және кірме жұрнақтар болып та бөлінеді: Қазақ тілінің байырғы өз тіліндегі жұрнақтарды төл жұрнақтар дейміз. Мысалы, -шы, -лық, -ла, -ле, -сы, -сі, т. б. Ал басқа тілден енген жұрнақгарды кірме жұрнақтар дейміз. Мысалы: -паз (әсемпаз, өнерпаз), -қор (пәлеқор), -хана (шебер-хана), т. б.
1.2. Туынды түбір. Түбірлес сөздер
Туынды түбір – негізгі түбірлерге белгілі бір жұрнақтар қосылу арқылы жасалған сөздер. Мысалы, бұр, біл, құй, күй, би, бас, аз, қыс сияқты түбір сөздерге -ғы, -ім, -мақ, -ші, -тық, -ай, -қаш жұрнақтарын жалғау арқылы бұрғы, білім, құймақ, күйші, биші, бастық, азай, қысқаш тәрізді туынды түбір жасауға болады.
Туынды сөздер мен туынды түбір бір емес. Туынды түбір тек жұрнақтар арқылы негізгі түбірден туған сөздер ғана болса, туынды сөз тек туынды түбірден ғана жасалады, сонымен бірге туынды түбірдің өзінен де жасала береді. Мысалы, білім, білімпаз, білімпаздық деген сөздерді алсақ, бәрінің түбірі – біл; бұл сөзден тікелей өрбіген сөз білім ғана, қалғандары - туынды түбірден өрбіген сөздер (білім - білімпаз, білімпаздық).
Сөйтіп, негізгі түбіргс бір жұрнақ жалғап, туынды түбір жасауға, оның үстіне тағы да жұрнақ жалғап, туынды сөз тудыруға, одан әрі қарай келесі жұрнақты жалғап, осылай өрбіте беруге болады.
Тілде бір түбірден бірнеше сөз өрби береді дедік. Мысалы, өн сөзін алсақ, одан мына төмендегідей туынды сөздер өрбиді:
Өн
өну өнген өнбе өнгіз өндір өнім өнгіш өнбек
өнбеу өнгізбе өндірме өнімді өнгіштік өнбекші
өнбес өнгізер өндірді өнімсіз
өнбеді өнгізді өндіріп өнімшіл
өнгізген өндірген өнімдік
өнгізбек өндірмек өнімпаз
өндірер өнімділік
өндіріс
Жаттығу жұмыстары
1-тапсырма. Негізгі түбір сөзден құралған сөздерді бір қатарға, ал туынды түбір сөзден құралған сөздерді екінші қатарға жазыңыздар.
Қалалық, қойшы, сапалы, төл, еңбекшіл, талапты, ай, күн, жер, берекелі, көргіш, ұшқыр, ойыншы, тапқыш, баспахана, қора, кезекші, маусымдық.
2-тапсырма. Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жаңа сөз жасаңыздар.
Үлгі: Он(ыншы), соқ(қыз)
Ақ, тапсыр, тау, сан, түн, көз, өнер, болат, біл, түй, бол, өн, сал, бас, тас, айт, кел, бер.
3-тапсырма. Сөз тудыратын жұрнақтардың астын–бір рет, сөз түрлендіретін жұрнақтардың астын екі рет сызыңыздар. Бір сөздің ішінде екеуі де кездессе, оның астын ирек сызықпен сызыңыздар.
Үлгі; Су. Сулық. Суат. Сусын. Сулы. Суық. Суар. Сула.
Құрылысшылар оқушыларға үлкен қамқорлық көрсетті. Ауыр салмақты пойыз заулап келеді. Алыстан ағараңдаған бірдеме көрінеді. Аздап жауын жауып ашылған күзгі салқын күн. Бас. Бастық. Басқарма. Басшылық. Ек. Егін. Егінді. Егінші. Егіншілік. Оқы. Оқу. Оқыт. Оқыған. Оқымақ, Оқытқан. Оқытушы. Білім. Біл. Білімпаз. Білгіш. Білгір. Білмек. Білер. Білген. Мұндай сөздердің түбірі бір болғандықтан, олар бір-бірімен түбірлес сөздер деп аталады.
жолдастық ық
1.3. Жұрнақтардың түрлері
Сөз тудырушы
|
Сөз түрлендіруші
|
1. 3ат есім
|
-шы, -ші
-лық. -лік дық,
-дік
-тык, -тік, -лас,
-лес -дас,-дес, т.б.
|
тарих-шы, ән-ші, ай-лық, би-лік туысқан-дық, бел-дік, дос-тық, өндіріс-тік парта-лас, жер-лес заман-дас, құрдас
|
-шық, - шік, -ша,-ше -шақ,-шек -тай,-жан -қай,-қан -ай,-й
|
қала-шық, көл-шік кітап-ша, көрпе-ше құлын-шақ, іні-шек аға-тай, аға-жан бала-қай, бала-қан күнім-ай, апа-й
|
2.Сын есім
|
-шақ,-шек
-сыз- сіз-
-қыш, - кіш –ғыш,-гіш т.б.
|
мақтан-шақ, ерін-шек, ақыл-сыз, сөз-сіз тап-қыш, кес-кіш болжа-ғыш, біл-гіш
|
-рак, - рек,- ырақ, -ірек, дау,
- деу,-ші-шілтім
|
таза-рақ, кіші-рек ұзын-ырақ, үлкен-ірек қызыл-дау, күлгін-деу көк-шіл
|
3. Етістік
|
-ла, -ле -да,-де -та, -те -лан,-лен, т.б.
|
су-ла, үй-ле қол-да, көз-де аяқ-та, тіс-те, ашу-лан, үй-лен.
|
-ған, - ген мақ,-мек -ар,-ер,
-атын,-етін, т.б.
|
бар-ған, кел-ген бар-мақ, кел-мек бар-ар, кел-ер бар-атын
|
1. 4. Жалғау және оның түрлері
Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, оларға грамматикалық мағына үстейтін қосымшаны жалғау дейміз. Казақ тілінде төрт түрлі жалғау бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары.
Көптік жалғау
Заттың біреу емес бірнешеу (көп) екендігін білдіретін жалғау көптік жалғау дел аталады. Зат есмдердің көптік формасы көптік жалғаулар -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер сөзге үндестік заңына бағына отырып жасалады.
Көптік жалғауы дегенде екі түрлі үғым бар: бірі - сөздерге көптік мағына беретін көптік жалғауларының (-дар, -дер, -лар, -лер, -тар, -тер) түрі деген үғым болса, екіншісі - сөздердің көптік мағынасының өзі туралы үғым.
Сөздердің көптік мағынада жұмсалуының үш түрлі тәсілі бар, ол – морфологиялық, лексикалық және синтаксистік тәсіл.
I. Тиісті қосымшалар қосылу арқылы сөздерге көптік үғымының берілуін морфологиялық тәсіл дейміз. Көптік жалғауының қосымшалары: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Бұлар сөздерге үндестік заңының ержелеріне бағына жалғанады. Бұл – олардың жұрнақтарға ұқсастығы.
-
Ең алдымен, буын үндестігі бойынша жуан буындардан кейін -лар, -дар, -тар, жіңішке буындардан кейін -лер, -дер, -тер жалғаулары жалғанады. Мысалы: бала-лар, қыз-дар, кітап-тар, ісмер-лер, өзен-дер, мектеп - тер.
-
Екінші ретте, көптік жалғауы қосымшаларының басқы дыбысының л, д, т, дыбыстарынан басталуы жалғанатын сөзінің соңғы дыбысына байланысты болып келеді. Мұны мынадай кестемен беруге болады.
II. Көптік ұғымды ешқандай қосымшаларсыз өз лексикалық ма-
ғынасы арқылы білдіруді лексикалық тәсіл деп атайды.
-
Жеке-даралап санауға (есептеуге) келмейтін сұйық, ұсақ зат-
тардың аттары: су, сут, сорпа, қымыз, тұз, жарма, жүн, құм, т. б.
-
Ру, халық, ел аттары: қыпшақ, найман, керей, арғын, қазақ,
қырғыз, өзбек, тәжік, белорус, украин, француз, т. б.
-
Әрқилы жәндік, аң, хайуан аттары: көбелек, құрт, шіркей,
қоңыз, түлкі, қой, қоян, т. б.
-
Өсімдік аттары: шөп, арпа, сулы, көде, жусан, бидай, тары, т. 6.
-
Өмірдегі әр алуан қоғамдық ұйымдардың атаулары: жас алаш, өсімдіктану, дін, мәдениет, қайраткер, астрономия т. б.
-
Адамның ішкі сезімі, жай-күйі атаулары: алданыш, ермек,
қуаныш, ақыл, достық, ізгілік, кәрілік, жалқаулық, білгірлік, туыс,
еріншектік, т. б.
Көптік ұғымдарды сөз тіркестері арқылы білдіруді синтаксистік
тәсіл дейді. Олар төмендегідей:
-
Көп, аз, әлденеше, бірнеше, бірталай, қыруар сияқты сөздер зат
есімдердің алдынан келсе, ешқандай көптік жалғауынсыз көптік
мағына береді. Мысалы: көп адам, аз кісі, әлденеше кісі.
-
Зат есімнің алдынан сан есім келсе, ешқандай көптік жалғауынсыз -ақ көптік мағынаны білдіреді. Мысалы: бес кісі, отыз кісі,
қырық кісі, жеті оқушы.
Осылармен бірге қазақ тілінде өлі жұрнақтар делініп жүрген -ыз, -із, жұрнақтары арқылы берілетін көптік мағына морфологиялык тәсілге жатқызылып жүр. Бұл бірен-саран сөздерде болмаса, көп байқала бермейді. Мысалы: біз, сіз, көз, егіз. Кейбір кос сөздер де көптік жалғауынсыз-ақ көптік мағынаны білдіре алады.Мысалы: ән-күй, бала-шаға, may-may.
Көптік жалғауы бірыңғай мүшелі сөйлемнің ішіндегі бірыңғай мүшелерінің әрқайсысына жалғанып жатпай-ақ, ең соңғы мүшеге ғана жалғанады. Мысалы: Хайуанаттар бағынан қасқыр, арыстан, түлкі, аюларды көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: |