Жамбыл облысы жағдайында жылыжайда экологиялық таза өнім лимон өсірудің технологиясы



бет1/3
Дата06.05.2024
өлшемі18.58 Kb.
#500660
  1   2   3
№7 Бетқайнар колледжі тезистер Сабыркулов Нурсултан


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЫЛЫЖАЙДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМ - ЛИМОН ӨСІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Сабыркулов Нурсултан, 3 курс, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының № 7 Бетқайнар колледжі

Ғылыми жұмыста Жамбыл облысы жағдайында жылыжайда экологиялық таза өнім - лимон өсірудің экологиялық маңызы мен өсірудің технологиялық ұсынымдары қарастырылған.


Зерттеудің мақсаты: Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасындағы лимонның рөлі, жылыжайда экологиялық таза өнім өсірудің технологиясы мен экологиялық маңызы.
Зерттеудің міндеті:
-жемістің ботаникалық сипаты мен химиялық құрамын сипаттау;
- экологиялық таза агроөнеркәсіптік өндірісті дамыту;
- экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ынталандыру мәселелері мен шаралары көрсетіледі;
- лимонды жылыжайда өсірудің технологиясы мен экономикалық тиімділігін анықтау.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Жамбыл облысы жағдайында жылыжайда лимон өсірудің экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиялық ұсынымдары зерттелген.
Зерттеу әдістері: лимонды өсіру технологиясының ерекшеліктеріне қарай ғылыми- зертханалық зерттеу жұмыстарына негізделген.
Кіріспе. Экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдері дамыған елдердің нарықтарында жиі кездеседі. Соңғы бірнеше жылда біз осы өнімдерге сұраныстың артқанын байқадық. Дүниежүзілік талдау жерді экоөнімдерді өндіру үшін пайдаланудың ұлғаюының айқын тенденциясын көрсетеді. Деректер көрсеткендей, экологиялық өндіріс үшін қолданылатын жердің аумағы 7 миллион гектарды құрайды, оның 50%-ы Еуропа елдеріне тиесілі. Кейбір Еуропа елдерінде, мысалы Австрия, Дания және Швейцарияда эко-ауылшаруашылық өндірісі үшін пайдаланылатын жалпы жер көлемінің шамамен 3% -ды құрайды [1].
Қазіргі ауылшаруашылық әдістері, негізінен жоғары өнім алуға бағытталған. Адамдар іс жүзінде қоршаған ортамен үйлесімді өзара әрекеттесу шараларын және оны сақтау қарастырмайды. Мұндай тәжірибе қоршаған ортаның кең ауқымды деградациясына әкеледі: топырақ эрозиясы, судың, топырақтың және ауаның ластануы, биоәртүрліліктің жоғалуы және шөлейттену[3].
Соңғы 5 жылда оңтүстік Қазақстанда лимон өсіру қарқынды дамып келеді. Цитрусты лимон ағашы — жылы аймақтан басқа ешбір табиғи жағдайда өспейді. Соған қарамастан оны қолайсыз аймақтарда жылыжайда өсіруге болады. Жылыжайда көкөністерді өсіру – еңбекті қажет ететін процесс және технологиялық процесті ғана меңгеру аз. Жылыжай көбірек жеміс беруі үшін жемістердің әр түрін өсірудің құпияларын білу қажет. Лимонды жылыжайда өсіру арқылы ішкі нарықтың қажеттілігін өтеуге әрі экологиялық таза өнім алуға болады. Осы мақсатпен 2019 жылы Қордай ауданындағы № 7 Бетқайнар колледжі аумағында жылыжай салынды. Қазіргі таңда жылыжай колледждің зертханалық-тәжірибе ортасы айналған, мұнда студенттер фермерлік шаруашылықтың қыр-сырын үйреніп, жоғары өнім алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет