Тарих және педагогика факультеті Сараптамалық кесте Орындаған



Дата03.06.2023
өлшемі36.12 Kb.
#474659
Арыстанбек Аяжан реферат





Тарих және педагогика факультеті
Сараптамалық кесте


Орындаған: Ташенова А.
Тобы: 1301-22
Қабылдаған: Насурлаева Г.


Шымкент 2023


Діни рәміздер

Діни рәміздер
діни санадағы рәмізді философиялық-әлеуметтік талдау тұрғысынан қарастырған М.Н. Ересько діни рәміздің танымдық ерекшеліктерін діни санадағы басқа элементтер – образ және белгімен салыстырмалы қарастыра келіп, «теологтар осылардың арасында рәмізге басымдық береді, өйткені, ол киеліні білдірумен бірге, рәмізделген заттың іске асуына қатысады», – деген қорытынды шығарады.
Діни санадағы рәміздің қызмет етуі барысында оның келесі негізгі қасиеттері көрініс табады. Біріншіден, рәміз өзінің қалыпының бейнелілігінің арқасында рәмізделінетін нысанның бейне-көрінісін жасақтайды. Тылсым күшке сенімнің діни сана-сезімнен тұратындығы белгілі, өйткені, осы эмоционалдық механизмдер діни түсініктердің қалыптасуында басты роль атқарады.

Мифтік рәміздер

Бастапқы көне адамдар өздерінің күнделікті тіршілігіне қажет заттарға ғана мән береді. Міне, осының нәтижесінде олар қиялға жүгініп неше түрлі мифтер ойлап табады. Біздің қазақ фольклоры тұрғысынан қарағандағы миф деп отырғанымыз – әлемдік мифология ауқымынан шықпайтын, тіпті, типологиялық сипаты мен оған сәйкес келетін дүниенің, жаратылыстың әртүрлі құбылыстары мен объектілерінің пайда болуын, аспан мен жердің жаратылуын, адамзаттың алғаш қалай пайда болғанын және аңдар мен құстардың шығу тегі мен мінезқұлқын, ерекшеліктерін түсіндіріп баяндайтын прозалық шығармалар

Өнердегі рәміздер

Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білуге тоқтамға келді



Саясаттағы рәміздер

Мемлекеттің конституциямен, арнаулы заңдармен немесе дәстүрлермен бекітілген, оның ұлттық егемендігін, өзіндік ерекшелігін бейнелейтін ерекше, әдетте тарихи қалыптасқан, айрықша белгілері (рәміздері). Негізгі саяси рәміздерге Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Мемлекеттік рәміздер де әртүрлі: ұлттық бояулар, ұрандар, гүлдер мен жануарлар түріндегі елтаңбалар және т.б. Сонымен қатар саяси рәміздің ең бастысы саяси мәдениет. Саяси мәдениет - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жатады.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет