Жанғали Асылай, №21 жалпы орта мектебінің оқушысы
ОҚО, Түркістан қаласы
Жетекшісі: Сағындықова А
Тақырыбы: «Итмұрын өсімдігі»
Жоспар
І Кріспе бөлім
Итмұрын өсімдігі жайлы негізгі түсінік беру.
ІІ Негізгі бөлім
Итмұрынның химиялық құрамы
Халық медецинасы
Дәрілік қасиеті
Итмұрынның адам өміріне зияны
ІІІ Қорытынды бөлім
Итмұрын (Rosa) – раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер туысы. Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сүр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтары ұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды. Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан. Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5-тен), аталық пен аналықтары көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6 см-ге дейін), ұзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері, жабылады.Итмүрын шілдеде гүлдейді, тамызда жеміс береді. Раушан туысының жемісі туралы толығырақ айтсақ артық болмас. Раушан туысының жидегі шындығында да жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін құрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады.
Негізгі өмірлік формалары: мәңгі жасыл жөне жазда ғана жасыл болатын ағаштар, лианалар, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Гүл табаны ойыстан тостағанша тәріздіге дейін болады, құрғақ немесе етженді, тостағанша жапырақшаларының тұп жағымен бірігіп кетеді. Кейбір туыстарының тостағаншасының астында тостағанша асты жапырақшалары болады.
Раушангүл, немесе итмұрын туысы (Ко8а). Полиморфты (өзгергіш) туыстардың бірі. Жабайы өсетін түрлерінің 5-мүшелі түксіз қосарланған, сиректеу жартылай түкті гүл серігі болады. Олардың ішіңде мәңгі жасыл және жапырағы жылма-жыл түсіп отыратын формалары да бар. Кейбір түрлерінің гипантиінде көп мөлшерде витамин С витамин В2,Р,К және провитамин А мен комплексте болады.
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша бұлардың 12 мыңнан астам сорттары белгілі, ал Қазақстаңда сорты сәндік өсімдіктер ретінде өсіріледі. Итмұрын, раушан, қоңырраушан – жабайы және қолдан өсірілетін өсімдік. Өсімдіктің жемісінде С және басқа да витаминдер көп. Одан жасалған дәрілер витамин ретінде және ас қорытуды жақсартуға, сондай-ақ бауыр және өтқалтасы
қабынуына қарсы дәрі ретінде қолданылады. Итмұрынның жемісінен және ұрығынан “Раушанмайы” және “Каротолин” препараттары жасалады. Олар күйгенжерді және тері аурларын емдегенде, сондай-ақ рентген сәулесімен емделгенде қолданылады. Итмұрынның раушан атты түрінен “Холосас” препараты дайындалады.
Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасында ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Өсімдіктерді ауру-сырқауларды емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрадан алты мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтін әр түрлі ұнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осымен қатар сол уақыттың өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн көзінен олардың дәрілік қасиеті жойылатыны анықталып, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілуі тиіс екені дәлелденген. Осы себептен кейбір өсімдіктерді түнде жинау керек екендігін ұсынған. Ассирия мемлекетінде дәрілік шөптер өсірілетін арнайы бақ та болған. Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар ассириялықтар сияқты оларды қолдан егіп өсірумен айналысқан. Египет мамандары тұңғыш рет осы дәрілік қасиеті бар өсімдіктерге классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық әсеріне қарай іш өткізетін, құстыратын, қақырық түсуін жеңілдететін топтарға бөлген.
Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашылды. Дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануда Грекия елі біраз рөл атқарған. Грекия дәрігері Гиппократ дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астам түрін жазып, оларды ауруларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми тұрғыдан түсінік берген.
Дәрілік өсімдіктер. Өсімдіктердің бұл тобынан емге керекті дәрі алумен қатар құрамында әр түрлі витаминдер, стероид, тритерпен, алкалоид, гликозидтердің, микроэлементтер, ақуыз, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқа да халық қажетіне пайдаланады. Әдетте өсімдіктің осындай заттар көп жиналған бөліктері дәрі ретінде пайдаланылады. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Дәрілік шөптермен, сондай-ақ синтетикалық медициналық препараттармен емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.
Итмұрынның көбею
Итмұрынның гүл тұғыры «бокал» тәрiздi ойыс болады. «Бокалдың» шетiнде тостағанша, күлте жапырақшалары және аталықтары орналасады. Ал «бокалдың» iшiнде аналықтары орналасады. Тек аналықтың мойны мен ауызы жоғары көтерiлiп көрiнiп тұрады. Гүлдерiнiң ашық түсi және аталықтарының тозаңдықтарында пiсiп жетiлген тозаңдары өздерiне бунақденелiлердi елiктiредi. Бунақденелiлер гүлдiң тозаңдарымен қоректенiп, аналықты тозаңдандырады.
Күзде итмұрындардың гүлдерiнен сарғыш немесе қызғылт түстi етжендi «жемiстерi» пiсiп жетiледi. Жемiстерi ұлғайған гүлтабанынан дамиды. Итмұрынның нағыз жемiстерi ұлғайған гүлтабанның iшiндегi ұсақ жаңғақшалар. Олар «бокал» тәрiздi гүл тұғырының iшiндегi аналықтың жатынынан түзiледi. Гүл тұғырының iшкi жағында жабысқақ түктер болады. Шырынды гүлтұғырының құрамында көптеген витаминдер болады.
Итмұрынның жапырақтары таққауырсынды күрделi. Бiрсабақта 5-7 жапырақшаорналасады.
Итмұрындарды сәндiк үшiн бақтарда өсiредi. Көптеген сәндi сорттары шығарылды. Оларға шайлы, полиатты, майлы раушандар тағы басқалар жатады. Майлы раушан сортының күлтелерiнен жұпар иiстi раушан майы алынады.
Раушангүлдердiң табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы. Раушангүлдiлердiң көбiсi өте маңызды жемiс ағаштары. Халық шаруашылығында ең маңыздысы алма, алмұрт, шабдалы, миндаль, шие тағы басқалар.
Итмұрынды бұтадан тікенекті қоршау жасау үшін жиі қолданады. Раушангүл (итмұрын) сәндік гүлдер өсірушаруа-шылығыңда бұрыннан белгілі және танымал обьект болып саналады.
Итмұрын өсімдігі және оның пайдасы жайлы мағлұмат беру.
Дәрілік өсімдіктер,шипалы өсімдіктер медицинада емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданатын өсімдіктер. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Оның біріне итмұрын өсімдігін жатқызуға болады.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктердің бөлек іріктелуі туралы зерттеу. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алымыз. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар екенің зерттеу туралы және оны пайдалану жолдары туралы зерттеу. Оларды дәрілік өсімдіктер деп айту. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы өсімдіктерден алады. Оның ішінде итмұрын өсімдігінің дәрілік қасиетінің кездесуі туралы.
Жаңа дәрі әсіресе қол ауруларын емдеуде тиімді екенін көрсетті. Ол арнайы қоспа негізінде жасалған. Жалпы, бұл препарат туралы 20 жыл бұрын әңгіме қозғалған екен. Итмұрын сығындысын арнайы патенттелген әдіспен алып, 30 еріктінің негізінде тексергенде, олар аурудың азайғанын айтқан.
Копенгаген университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу жұмыстары аталған қоспаны қолдану остеоартрит ауруының белгілері бір тәуліктің ішінде азайтқанын көрсетті. Итмұрында С дәрумені мен ликопин көп. Бұл антиоксиданттар холестерин мен қабынуды төмендетеді.
Итмұрын. жемісінің құрамында С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөлшерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.
С дәруменіне бай итмұрынның медицина үшін құнды шикізат екені белгілі. Итмұрынның майлы экстракты – жүйке жүйесі, тері мен кілегейлі қабық жарақаттарына бірден-бір ем. Сонымен бірге бұл дәрілік өсімдіктен өт, ішек жолдарын тазартатын, ағзаны нығайтатын, өкпе, бүйрек, бауыр жұмысын жақсартатын препараттар жасалады. Халықтық медицинада итмұрын тамырының қайнатпасы іш құрылысындағы тастар мен безгек сияқты жұқпалы ауруларға қарсы дәрілік сусын бола алады. Итмұрын шырыны гемоглобинді көтереді. Бұған қоса бұл шөптің сығындысы семіз адамдарды жүрек талмасынан қорғайды. Жүрегі ауыратын және қан қысымы жоғары адамдар итмұрын тұнбасын күніне 40 г-нан алты апта бойы ішуі керек.
Итмұрын қайнатпасы
С дәруменіне тұнып тұрған бұл сусын ыстық күні ағзаға қажет. Ол денсаулықты жалпы алғанда нығайтатын жақсы құрал болып келеді. Суық тигенде өте пайдалы. Ішек-қарын жолдары аурулары кезінде оны абайлап қолданған жөн.
Итмұрын (шиповник) қайнатпасын ішіңіздер, оны шай секілді демдеу керек. Ал күніге ұйықтар алдында 200 грамм сүт ішу қажет.Осыларды әдетке айналдырғаннан кейін барып, шөппен емделуге кірісуге болады. Ақ сәмбі талдың (белая ива) 1 грамм қабығын, 2 грамм иіртамыр тамыры (корень аира), аққайың жапырағы, кәдімгі бүрген (калина), жаужапырақ пен қара қарақат жапырағы, 3 грамнан толғақ шөп (золототысячник) және жалбыз (мята), 4 грамм екпелі кендір дәні, 5 грамм шайқурай мен сасық шөпке (пустырник) 1 ас қасық майдаланған итмұрын жемісін термосқа салып, үстіне 500 мл қайнаған су құю керек. Оны таң атқанша тұндырып қою қажет.Таңертең оны сүзгіден өткізіп, бірдей үш бөлікке бөлу керек те, күніне үшмезгіл тамақтың алдында 20-30 минут бұрын ішу керек. Бұл емді 1,5-2 ай қабылдаған дұрыс. Табиғаттың сыйы адамның ағзасын сырқаттан біртіндеп, біржола жазып шығатынына көзім жетті. Тек шыдамды болған жөн. Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады дейді ғой. Итмұрын – қысы жазы көгеріп тұратын аса бұталы өсімдік. Биіктігі 30 см-ден аспайды. Бұтақтары жұмыры сыртында жоғары қараған түктері бар. Жапырақтары кезектесіп қыста да түспей қарастында да жата береді. Бұтақтарының жоғарғы жағында орналасқан гүлдерінің түсі ақ немесе қызыл. Тұқымы қызылтүсті, дөңгелек шар тәрізді. Дәмі ащылау, диаметрі 5 мм-ге дейін жететін жеміс. Итмұрын таулы жердегі тасты алаңдарда, жайылымдарда, орманды жерлерде өседі. Мұны бүйрекке тас байланғанда, қуық және несеп жолдары қабынғанда, ішөткенде, ревматизм, бауыр ауруларына емдеу үшін қолданылады. Кейде асқа тәбетті арттыру үшін пайдаланылады. Балалардың шыжың ауруын емдеуде де жақсы нәтижелер беріп жүр.
Қан аздыққа 2 ас қасық ұнтақталған дәннен 500 г суға 10 минут ақырын қайнатып, бұқтырып, астан бұрын 150 грамнан қабылдайды. Күніне үш рет.
Зәрді ұстай алмайтын жағдайда 4 ас қасық ұнтақталған дәнді 1 литр суға 30 минут ақырын қайнатып, қайнап бола берген кезде 2 ас қасық гүл ұнтағынан салып, тағы да аз қайнатады. Бұқтырып қойып, таңертең-кеш астан бұрын стақанмен ішеді. 15-20 күн бір емделу барысы.
Көз былшықтанып, басқа да жеңіл-желпі ауруы болғанда итмұрын гүлінен бір шай қасықты 300 г суға 15 минут ақырын қайнатып, тұндырып қойып, салқындай көзді жуады. Бетті осы сумен жуса терінің өңін келтіреді.
Итмұрын құрамындағы Р және С дәрумендері қыл тамырлардың сыну және жарылу мүмкіндіктерін азайтады, керілу және созылу мүмкіндіктерін арттырады.
Итмұрын (шиповник, дикая роза) - дәрілік өсімдік. Сонымен қатар, итмұрын декоративтік те өсімдік ретінде де қолданылады.
Итмұрынның жемісі мұрын қабынудан болатын бас ауыруға,тамыры бүйірек, қуық асты безінің әр түрлі існуіне ем болады. Жемісінен 8-10грам, тамырынан 12-15грам мүлшерінде күнде қайнатып ішсе болады.
Фармакологиялық қасиеттері
Өсімдік текті дәрі. Итмұрын жемісінің фармакологиялық белсенділігі ең бастысы витаминдер (Е витамині, Р витамині, бетакаротин) кешенімен және біріншіден аскорбин қышқылымен анықталады.
Аскорбин қышқылының құрамына диенольдың топтары кіреді, ол айқын қайта қалпына келтіретін қасиетке ие. Бұған қоса тотығуқайта қалпына келтіру үдерісіне, көмірсуды реттеуге, ақуыз және липидті зат алмасудың, қан ұю үдерісіне, стероидты гормондардың биосинтезіне, тіндер регенерациясына, коллагеннің және проколлаген синтезіне, қылтамырлар өткізгіштігінің қалпына келтіруіне, темірдің ас қорыту жолында сіңуіне қатысумен байланысты.
Итмұрынның химиялық құрамы.
Итмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшерде болатын С дәрумені арттырады. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады
Итмұрын шайы антиоксиданттар, флавоноидтер, дәрумендер (С, К), минералдарға бай. Диарея ауруы кезінде ішуге кеңес береміз.
Трилоджи
Итмұрын майы ерін бальзамы 7ml/0.24oz
• Ультра нәрлендіретін кремді ерін бальзамы
• Құрамында ерінді нығайтып, түзейтін, ылғалдандыратын расталған органикалық итмұрын майы бар
• Сергітіп, салқындататын бұрышты жалбыз майы қосылған
• Ерінді жұмсартып, жайландыратын жұмсартқыш какао майымен қаныққан
• Қоршаған ортаның зақымдайтын әсерінен ерінді қорғайды
• Тегіс, сауыққан көрінетін ерін ашады
Асқазанды шөппен емдеуге болады
Cырқаттанып қалған кездері міндетті түрде қымбат антибиотиктерді пайдалану шарт емес.Мен асқазанды әртүрлі химиялық препараттармен улай бергеннен гөрі бір мезгіл әжелерімізден бері қарай келе жатқан, неше ғасыр тәжірибеден өткен рецептерге де мән берген дұрыс деп есептеймін.
Мысалы, өзім гастриттен дәл сол әжелер рецепті бойынша құлан-таза жазылдым. Оқырмандармен өзіме жасаған емді ұсынғым келеді. Бүгінде асқазан ауруымен ауыратындар көп екенін білгендіктен де, мүмкін бір дауасы тиіп қалар. Гастриттен емделуді бастамастан бұрын, алдымен бірінші кезекте барлық қара және жаңа піскен нан өнімдерінен бас тартқан дұрыс. Тек кепкен түрдегі бидай нан мен 1-2 сортты ұннан пісірілген нанды ғана пайдалану керек. Булочка, тәтті нан-тоқаштарды аузыңызға алмаңыздар. Сол секілді ет, балық, саңырауқұлақ, томат соусы, қыша (горчица), ащы салаттар мен кофе, жаңа сығылған шырындар (ол асқазан сөлін тітіркендіреді), қуырылған ет, кептірілген жеміс, бұршақ, долана, аскөк пен петрушканы ас рационынан алып тастауға тура келеді. Сонда немен тамақтанамыз деген сауалдың тууы орынды. Тек қана қайнатылған және су буында дайындалған тағамдарды жеген абзал. Күніне 5-6 рет аз-аз порциядан жеңіздер. Итмұрын (шиповник) қайнатпасын ішіңіздер, оны шай секілді демдеу керек. Ал күніге ұйықтар алдында 200 грамм сүт ішу қажет.Осыларды әдетке айналдырғаннан кейін барып, шөппен емделуге кірісуге болады. Ақ сәмбі талдың (белая ива) 1 грамм қабығын, 2 грамм иіртамыр тамыры (корень аира), аққайың жапырағы, кәдімгі бүрген (калина), жаужапырақ пен қара қарақат жапырағы, 3 грамнан толғақ шөп (золототысячник) және жалбыз (мята), 4 грамм екпелі кендір дәні, 5 грамм шайқурай мен сасық шөпке (пустырник) 1 ас қасық майдаланған итмұрын жемісін термосқа салып, үстіне 500 мл қайнаған су құю керек. Оны таң атқанша тұндырып қою қажет.
Таңертең оны сүзгіден өткізіп, бірдей үш бөлікке бөлу керек те, күніне үшмезгіл тамақтың алдында 20-30 минут бұрын ішу керек. Бұл емді 1,5-2 ай қабылдаған дұрыс. Табиғаттың сыйы адамның ағзасын сырқаттан біртіндеп, біржола жазып шығатынына көзім жетті. Тек шыдамды болған жөн. Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады дейді ғой.
Итмұрынның зияны
-
Қан қысымы жоғары адамдарға итмұрынды қолданған зиян. Көп қолданған жағдайда жұқпайтын сарыауруға ұшырайды.
-
Асқазанда жара болған жағдайда азғантай мөлшерде қолдану қажет.
-
Итмұрын ертіндісін ішке қабылдағаннан кейін тісті таза сумен немесе тіс пастасымен жуу қажет. Егерде жумаса тістің змальі құриды
-
Мөлшерден тыс итмұрынды қолданған жағдайда бүйрекке де зиян келтіру мүмкін. Сондықтан да итмұрын өсімдігін дәрігердің кеңесімен қолдану қажет.
Итмүрынның ерекшелігі — бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.
Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады.
Ит мұрын туралы тақпақ
Жабайы раушан дейді екен,
Итмұрынды ел кейде.
Піседі екен жемісі,
Қараша айы келгенде.
Онда аскорбин қышқылы
Сенесің бе
Көп десе.
Елу есе-Лимоннан,
Қарақаттан он есе.
Пайдаланған әдебиеттер
-
Қазақстан энциклопедиясы, 2 том
-
Денсаулық журналы, 1997 ж. №2
-
Интернет желісі.
Достарыңызбен бөлісу: |