Жарақаттың жіктелуі


Жаралардын белгілері мен жіктелуі



бет4/31
Дата15.06.2023
өлшемі418.29 Kb.
#475101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
ХИРУРГИЯ ВМ-407 ЖАУАБТАРЫ

16.Жаралардын белгілері мен жіктелуі.
Жараның белгілері және жіктелуі.
Жара (Nulnus) – терінің кілегей қабының және терең жатқан ұлпалардың ашық механикалық жарақаттануы. Оның белгілері: ауырсыну, қабырғасының ажырауы, қанағыс және қызметінің бұзылуы. Терінің эпидермисінің жаралануын жырылу, тырналу дейді. Жараның жиегі, қабырғасы, түбі және қуысы болады. Жиегі тері немесе кілегей қабықтан, қабырғасы борпылдақ дәнекер ұлпадан, шандырдан, бұлшық еттерден тұрады. Түбі бұлшық еттен немесе сіңірлерден тұрады. Анатомиялық табиғи қуысқа енген жараны қуысқа енген жара, ал жара дененің белгілі бір жерін тесіп өтіп, оның кірер және шығар тесігі болса оны тесіліп өткен жара дейді. Жара асқынып бүкіл денеге әсер еткен жағдайда жара ауруы дамиды. Жаралар үш түрге бөлінеді: операциялық, кездейсоқ және соғыс жаралары. Операциялық жаралар малға әр түрлі асептикалық операция жасағанда (пішу, жарыққа операция т.б.) және абсцесс, флегмона тағы сол сияқты инфекиялық процестерді тіліп өңдегенде пайда болады. Кездейсоқ және соғыс жаралары себептеріне қарай тағы да бөлінеді. Олардың түрлері – түйрелген, шабылған, тілінген, соғылған, жыртылған, тістелген, жаншылған және уланған жаралар.
17. Жаралардагы жедел анемия
18. Жараларды емдеу принциптері
Жараларды емдеген кезде қолданылатын шараның бәрін, жараны зиянды әсерден қорғап, оның жазылуына қолайлы жағдай туғызуға бейімдейді. Басқа жағдайда жараны емдегенде оның кезеңдеріне қарай ем қолданылады:
Бірінші кезеңдегі жараның принциптері:
1) Жараға тыныштық беру.
2)Орталық жүйке жүйесін артық ауырсыну сезімдерінен сақтау.
3)Жараны өлі еттен және экссудаттан тазаруына әрекет жасау.
4)Инфекцияға қарсы шара қолдану.
5)Организмнің ауруға қарсыласу қабілетін жоғарлату.
Екінші кезеңдегі жараның емдеу принциптері:
1)Жараға тыныштықпен бірге өлшемді қозғалыс беру.
2)Грануляцияны тітіркендірумен, жарақаттардан қорғау.
3)Грануляция, эпителийзация және тыртықтану процес.ә. ету.
4)Эпителийзация процесстерін жеделдету.
5)неғұрлым жараның орнында тыртықтың аз қалуына әрекет жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет