Жаратылыстану факультеті 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы



бет1/27
Дата25.02.2016
өлшемі3.15 Mb.
#21064
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт»

мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
Университет 5В010800 - “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №361 бұйрығы негізінде 26.02.2004 ж. Берілген сериясы АА №0000034 мемлекеттік лицензиясы негізінде білім беру қызметін жүзеге асырады.

Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және мемлекеттік емтихан тапсырған бітірушілерге (түлектерге) 5В010800 - “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша “Дене шынықтыру және спорт бакалавры” академиялық дәрежесі беріледі:

Оқу деңгейлері (сатылары): бакалавриат

Бағдарламаға қабылдау жөніндегі талаптар: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың білімінің алдыңғы деңгейі – орта білім.Бакалавриатқа азаматтарды қабылдау тәртібі орта мектептен кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларн жүзеге асыратын білім беру мекемелеріне қабылдаудың Типтік ережелеріне сәйкес анықталады.

Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: Отандық және халықаралық еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті педагогикалық мамандарды даярлау. Білім алушыны интелектуалдық тұрғыда дамыту, дене дайындығын жетілдіру, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша құзіретті мамандарды тәрбиелеу.

Кредиттер көрсетілген бағдарламаның құрылымы: - 129 кредит + 24 кредит (іс тәжірибе) + 4 кредит (қорытынды аттестация) - (ECTS -235 кредит)


Пәннің коды,шифры

Пән атауы

Қазақстандық

кредит саны

ESTS

бойынша




Жалпы білім беру

Міндетті компонент

33

33

49

49

IK 1101

Қазақстан тарихы

3




FIL 2102

Философия

3




IYa 1103

Шет тілі

6




K(R) Ya 1104

Казақ (орыс) тілі

6




Inf 1105

Информатика

3




Eko UR 1106

Экология және тұрақты даму

2




Soc 2107

Әлеуметтану

2




Pol 2108

Саясаттану

2




OET 2109

Экономика теория негіздері

2




OP 2110

Құқық негіздері

2




OBZh 2111

Өмір қауіпсіздік негіздері

2










Базалық пәндер

Міндетті пәндер

62

20

93

30

YPP 1201

Педагогикалық мамандаққа кіріспе

1




Ped 2202

Педагогика

3




Etn 2203

Этнопедагогика

2




PRCh 1204

Психология және адам дамуы

3




Sam 2205

Өзін-өзі тану

2




VFShG 2206

Жас ерекшелік психологиясы және мектептегі гигиена

2




PK (R) Ya

Кәсіби қазақ (орыс) тілі

2




POIYa 3208

Кәсіби шет тілі

2




TMFK S

Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі

3










Таңдау пәндері

44

66

Gimn 1201

Acr 1201


Гимнастика

Акробатика



3




L ATL 2202

KP 2202


Жеңіл атлетика

Кросстық дайындық



3




LS 1203

KnS 1203


Шаңғы спорты

Ат спорты



3




Tur 1204

SO 1204


Туризм

Спортивное ориентирование



2




Bas 2205

Gan 2205


Баскетбол

Гандбол


3




Vol 3206

Reg 3206


Волейбол

Регби


3




Pl 1207

VVS 1207


Жүзу спорты

Судағы спорттың түрлері



3




NVS 1208

P ig 1208



Ұлттық спорт түрлері

Қозғалыс ойындары



3




AOSM 1209
AVM 1209

Спорттық морфология негіздерімен байланысты анатомия

Анатомия, жас ерекшелік морфологиясы



3




MFKS 4210

U FKS 4210



ДШ және С менеджменті

ДШ және С басқару



3




PFKS 2211

PSAFKS 2211



ДШжС педагогикасы

ДШжС педагогикалық аспектісі



3




PSFKS 2212

PSAFKS 2212



ДШжС психологиясы

ДШжС психологиялық аспектісі



3




SM 4213

SPM 4213


Спорттық медицина

Спорттық массаж



3




FOFV S 4214
FMD 4214

ДТ және спорттың физиологиялық негіздері

Физиология мышечной деятельности



3




IFK Io 2215

Pr S 2215



ДШ тарихы және олимп.спорт

Кәсіпқой спорт



3








Кәсіби пәндер

Міндетті пәндер

32

5

48

7

TMVR 3301

Тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі

2




SPTD IVS 3302

Таңдап алған спорт түрінен қызметін кәсіптік жаттықтырушылық жетілдіру

3










Таңдау пәндері

27

40

TMOG sh 1301
Gs MP 1301

Мектептегі гимнастиканың жүргізу теориялық және әдістемелік негізі

Гимнастика оқыту әдістемесімен



3




TMOLA sh 2302

La s MP 2302



Мектептегі жеңіл атлетиканы жүргізу теориялық және әдістемелік негізі

Жеңіл атлетика оқытуәдістемесімен



3




TMOP Bas sh 3303

Bas s MP 3303



Мектептегі баскетболды жүргізу теориялық және әдістемелік негізі

Баскетбол оқыту әдістемесімен



3




TMOV sh 3304
V s MP 3304

Мектептегі волейболды жүргізу теориялық және әдістемелік негізі

Волейбол оқыту әдістемесімен



3




TMOF sh 3305
F s MP 3305

Мектептегі футболды жүргізу теориялық және әдістемелік негізі

Футбол оқыту әдістемесімен



3




TMOL SP sh 3306

LSP s MP 3306



Мектептегі шаңғы спортын және жүзу спортын жүргізу ілімдік және әдістемелік негізі

Шаңғы спортын және жүзу спортын оқыту әдістемесімен



3




TMOP NVS sh 4307

NVS s MP 4307



Мектептегі ұлттық спорт түрлерін жүргізу теориялық және әдістемелік негіздері

Ұлттық спорт түрлерін оқыту әдістемесімен



3




Os pr FV ml sh 4308
MP FV v S 4308

Шағын кешенді ауыл мектептерінде дене тәрбиесі сабағын жүргізу ерекшеліктері

Шағын кешенді ауыл мектептерінде дене тәрбиесі сабағынын оқыту әдістемесі



3




VSB 4309

VEB 4309


Спорттық күрес түрлері

Жекпе-жек түрлері



3







Жалпы кредит саны:

129

193



Пәннің атауы: Қазақстан тарихы

Пәннің коды: IK 1101

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 1

Оқу семестрі: 1

Кредиттер саны: 3

Дәріс берушінің аты-жөні: Жүсіпов Сағатбек – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Курстың мақсаты: Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.

Деректемелер: - жоқ.

Пәннің мазмұны: тарихты зерттеу әдіснамасы мен Қазақстан тарихының хронологиясы. Қазақстан ежелгі дәуірде – тас, қола, темір кезеңдері, алғашқы қауым және күрделі ұйымдастырылған, әлеуметтік дифференцияланған қоғамның қалыптасу дәуірі – сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар. Қазақстан орта ғасыр кезеңінде – түрік мемлекеттері, моңғол шапқыншылығы, қазақ халқының және мемлекеттілігінің эволюциясы, қазақ хандығының құрылуы. Қазақстан Ресей империясының құрамында. «Алаш» қозғалысы мен «Алаш – Орда» үкіметінің тарихы. Қазақстан Кеңес өкіметінің орнауы жылдарында. ХХ ғ. Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қазақстанның тәуелсіз Республика ретінде қалыптасуы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Қазақстан тарихы Очерктерi. - Алматы, 1994.

2. Қазақстан тарихы І-V-том. - Алматы, 1996-2010 ж.ж.

3. Мыңжан Н. Қазақтың көне тарихы. - Алматы, 1992

5. ГумилевЛ. Көне түрiктер. - Алматы, 1992

6. Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы. - Алматы, 1993

7. Көмеков А. Қыпшақтардың саяси тарихы, қарым-қатынастары. - Алматы, 1994.

8. Маданов Х. Ұлы дала тарихы. - Алматы, 1994ж.

9. Бекмаханов ХІХ ғ 20-40 жж Қазақстан. - Алматы, 1992

10.Қозыбаев М. Жауға шаптым ту байлап. - Алматы, 1990

11. Қазақстан тарихы очерктер. - Алматы, 1994.

12. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. - Алматы, 1995ж

13. Аничкин И. Жанкожа Нурмухамедулы. - Алматы, 1997г

14. Нурпейсов Н. Алаш пен Алашорда. - Алматы, 1994ж

15. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. - Алматы, 1997г

16. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.

17. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан.



Сабақ беру әдістері:Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қортынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).




Пәннің атауы: Шет тілі

Пәннің коды: IYa 1103

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 1

Оқу семестрі: 1,2

Кредиттер саны: 6

Дәріс берушінің аты-жөні: Садыбекова Салима Ізбасханқызы, филология ғымыдарының кандидаты, доцент; Нуртаева Майра Мұхамбетжанқызы, оқытушы

Курстың мақсаты: Студентке шетел тілдін толық меңгерту үшін жеткілікті білім және дағды қалыптастыру;Шетел тілінде коммуникативтік іс-әрекеттің және жазбаша түрлеріне машықтандыру;Пәнді оқыту барысында меңгерген білім мен дағдыларды өз бетінше жетілдіру және тереңдетуге дағдыландыру. Пән бойынша оқу курсының соңында студент мына төмендегі талаптарды:Фонетика: дыбыстарды анық айту, кейбір жекелеген дыбыстар мен дыбыс тіркестерінің (дифтонгтар) түзілу ережесін, кейбір жекелеген әріптер мен әріп тіркестерінің оқыту ережесін, дауыс ырғағының (интонация) ерекшеліктерін;Орфография: ағылшын тілінде сөз құрамындағы әріптердің қатесіз жазылуын қадағалауды;Лексика: көптеген сөздердің, терминдердің және сөз тіркестерінің көп мағыналық қырын және негізгі мамандығы бойынша лексикалық қор меңгеру керектігін;Грамматика: ағылшын тілінің базалық және жаратылыстану ғылымы терминологиясының бастапқы әскери дайындық және денешынықтыру, спорт салаларына тән негізгі грамматикалық ерекшеліктерін.

Деректемелер: тілін оқып-үйреніп жатқан елдің тарихы, мәдениеті, саясаты, экономикасы туралы мәліметтермен таныстыру;

Пәннің мазмұны: Студенттерді ағылшын тілінің грамматикасын, фонетикасын меңгертуге және ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету. Сөйлеу әрекетінің ішінде – ауызекі тілде (устная разговорная речь) сөйлеуді меңгертуге баса мән беріледі. Практикалық сабақтарды қолдануға мамандық түріне сай материалдар іріктеліп алынды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Жаңабаева К. Basic English. Алматы, 2000

2.Бонк НА. и др. Учебник английского языка.

3.Каирбаева. Учебник английского языка. Москва, 2004г.

4.Бурлак А.И. Учебник английского языка. 1989 г.


Сабақ беру әдістері:Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қортынды баға.

Оқу тілі: ағылшын тілі

Мамандық бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет