Жарғылық капитал саны 28 311 бірлік жай акциядан тұрады.
Бір акцияның атаулы құны – 3 000 теңге.
Жарияланған, бірақ орналастырылмаған акциялардың саны – 8 000 дана.
АҚ “Павлодар әуежайы” АҚ-ның Жалғыз акционері - “Самұрық - Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры”.
Жалғыз акционердің құқықтары.
Акционер құқылы:
-
Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғам Жарғысында көзделген
тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысуға;
-
Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамның Жарғысында көзделген
тәртіп және шарттарменен дивидендтер алуға;
-
Қоғамның қызметі туралы ақпараттар алуға, оның ішінде Қоғамның Жалғыз
акционері анықтаған немесе осы Жарғыда белгіленген тәртіппен Қоғамның қаржылық есептілігімен танысуға, сондай-ақ, аффилиирленген ұйымдар бөлінісіндеҚоғамның қызметі туралы, оның ішінде құпия сипаттағы ақпаратты сұрауда белгіленген мерзімде немесе Қоғамға сұраныс түскен күннен бастап он күннен кешіктірмейтін мерзімде алуға;
4) тіркеушіден немесе атаулы ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншік құқығын
растайтын көшірмелерді алуға;
5) Қоғамның Директорлар кеңесін сайлауға;
6) Қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот тәртібімен даулауға;
7) Қоғамды таратқан кезде мүліктің бір бөлігін алуға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен акцияларды
немесе Қоғамның акциясына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарын басымдықпен
сатып алуға;
9) Қоғамның органдары Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Жарғының
нормаларын бұзатын іс-қимылдар жасаған жағдайда, өзінің құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге;
10) Қоғамның директорлар Кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;
11) Аудиторлық ұйымның Қоғамның аудитін өз есебінен жүргізуді талап етуге.
12) Құқықтары бұзылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен өтемақы алуға;
13) Қоғамның өкілеттерімен Жалғыз акционердің негізгі құқықтарын және
корпоративтік басқарма саясатын талқылауға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |